Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚҰРЫЛЫСШЫ – ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ

13 тамыз 2019
КҮЛТӨБЕ
ҚҰРЫЛЫСШЫ – ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Б. Римова атындағы драма театрында Құрылысшылар күні аталып өтті. Шарада облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттады.

– Құрылыс пен сәулет өнері – ең көне кәсіптердің бірі, заманымыздың маңызды да құрметті мамандығы. Қоғам өзгеріп, дамыған сайын бұл мамандыққа деген қажеттілік күн санап артып келеді. Соған сәйкес құрылыс индустриясы да жылдан-жылға дамып, жетіле түсуде. Осы орайда құрылыс саласында еңбек етіп жүрген сәулетші, жобалаушы, инженер, тас қалаушы, сылақшы сияқты  көптеген кәсіп иелерінің әрқайсысы экономикамыздың дамуына, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына зор үлес қосып отыр. Алматы облысының, соның ішінде Талдықорған қаласының келбеті, сәні мен сәулеті ерекше көз тартады. Облыс аумағындағы әсем ғимараттар, қолайлы жолдар, жаңадан бой көтерген шағын аудандар, жасыл желекті саябақтар – осының бәрі де сіздердің еселі еңбектеріңіздің жемісі. Оның игілігін бүгінде халық көріп отыр. Сол үшін сіздерге барша жетісулықтардың атынан ризашылығымды білдіремін, – деді А. Баталов өз құттықтауында.
Облыс басшысы  «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» сынды мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының орындалуы, әлеуметтік нысандар тұрғызу, жол жөндеу мен салу, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту шараларына да тоқталды. Атап айтар болсақ, биылғы жылы құрылыс саласына 101,3 млрд. теңге бөлінген. Одан бөлек, 784,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланса, соның 364,8 мың шаршы метрі бірінші жартыжылдықта пайдалануға берілді. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржылай қолдаудың арқасында биылғы жылы 8 білім беру мекемесі, 10 денсаулық сақтау нысаны, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ішкі істер органдарының 18 нысаны пайдалануға беріледі.
Облыста орталықтандырылған сумен қамту деңгейі биылғы жылдың соңында 91%- ке жеткізіледі деп күтілуде. Ал газдандыру жұмыстары 20 аудан, қаланың 15-інде жүруде. Соның ішінде, облыс орталығы Талдықорған қаласындағы жұмыс 2020 жылы аяқталып, 55 мың абонент көгілдір отынға қосылады.  Экологиялық ахуалды жақсарту бағытында орталық қазандықтары газға ауысуда. Бұл бағытта былтырғы жылы Көксу ауданындағы Балпық би ауылының орталық қазандығы газға ауыстырылды. Қапшағай қаласының орталық қазандықтары, Талдықорған қаласындағы қазандықтар кезекте тұр. 
Сондай-ақ, жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Талдықорған – Өскемен, Үшарал – Достық, Күрті – Бурылбайтал, Ұзынағаш – Отар жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда. 
Аймақ басшысы көрсеткіштерге тоқтала келе өңір құрылысшыларының жаңадан құрылған Райымбек ауданын көркейтуге, Арыс қаласын қалпына келтіру ісіне өз үлестерін қосып жатқанын да тіліне тиек етті. 
Амандық Ғаббасұлы келесі кезекте құрылыс саласының үздік мамандарын марапаттады. Нақтыласақ, бірқатар мемлекеттік мекемелердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлеріне «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және облыс әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттары табысталды.
Бұдан соң Алматы облысының Құрметті азаматы Оралбек Жақиянов, «Алматы Prodaction Construction & Invest» ЖШС атқарушы директоры Нұрсұлтан Жұмабек, «НСК Астана Құрылыс» АҚ президенті Қайрат Сандықпаев, «Талдықорған жолдары» ЖШС техникалық өндіріс бөлімінің жас маманы Алмас Ақжалбеков әріптестерін төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Мереке соңы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Жұбаныш Жексенұлы, Мәдина Сәдуақасова және жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Еңлік ҚАБДЕШ

Қатысты жаңалықтар

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00
Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Бүгін, 13:34

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.