Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«САЙЛАУ-2023»: БАСЫМ ДАУЫСҚА ИЕ БОЛДЫ

15 қаңтар 2023
КҮЛТӨБЕ
"САЙЛАУ-2023": БАСЫМ ДАУЫСҚА ИЕ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ҚР Парламент Сенатының депутатын сайлау шарасы өтіп, Жетісу облысындағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары таңдау жасады.

Алқалы жиынды ашып, жүргізіп отырған облыстық мәслихаттың атқарушы хатшысы Гүлнар Тойлыбаева сайлаудың тәртібі мен кандидаттарды таныстыру үшін сөз кезегін облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітовке берді. Биылғы сайлаудың маңыздылығы туралы арнайы есеп берген олбылтыр 26 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен 2023 жылғы 14 қаңтарға ҚР Парламент Сенатының депутаттарын сайлау тағайындалғанын жеткізді. Соған орай тиісті дайындық жұмыстарын жүргізген Облыстық сайлау комиссиясыөзін-өзі ұсынған 7 кандидаттантүскен өтінішті қарап, үміткерлердің ҚР Конституциясында және «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеріп, тиісті хаттама жасайды. Одан кейінгі жүргізілген іріктеу шараларынан кейін тек екі кандидаттың ­– Сенат депутаты Амангелді Төлемісов пен Жетісу облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбайдың есімі белгілі болды. Осыған орай жабық дауыс беру шарасы өтетінін жеткізген облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қажетті тәртіпке де тоқталып өтті.

Одан соң біртіндеп дауыс беру бұрышынан шыққан облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары өз таңдауын жасады. Мәдениет сарайының фоесында бюллетень салынған жәшікті ашып, дауыстарды санаған облыстық сайлау комиссиясының қызметкерлері ҚРПарламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесін таныстырды.Атап айтқанда, сайлауға қатысқан барлық деңгейдегі мәслихаттардан 132 депутаттың басым бөлігі Амангелді Төлемісовке дауыс берген. Яғни, халық қалаулыларының 100-і сенім білдірген. Ал, Ғабит Тұрсынбайға 29 депутат дауыс беріпті. Одан бөлек екі депутат«барлығына қарсымын» деп таңдау жасаса, бір бюллетен жарамсыз деп танылды.

Осылайша ҚР Парламенті Сенатына Жетісу облысынан 6 жылға сайланған Амангелді Төлемісов көпшіліктің алдына шығып, ризашылық білдірді. Өзіне артылған сенім үдесінен шығатынын жеткізген сенатор мойнындағы жауапкершілік жүгін терең сезінетінін атап өтті.

Мәди ӘСЕТҰЛЫ,
Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

Бүгін, 16:00
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Бүгін, 15:56
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Бүгін, 15:20
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

Бүгін, 14:30
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.