«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев «ZOOM» әлеуметтік бағдарламасы арқылы онлайн форматта үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.
Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп өткен Секенбай Сейітжанұлы:
– Біздің партия облыс халқының үмітін ақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғап, халық пен билікті байланыстыратын буын болады. Біздің мақсатымыз – қазақ- стандықтардың өмір сапасын үнемі жақсарту. Біз сіздерді облыстық мәслихат сайлауында дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз, – деді.
Кездесу барысында үміткер 2025 жылға дейін межеленген жұмыс жоспары жайлы толыққанды баяндады. Сондай-ақ, жиынға қатысқандарға партияның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын тілге тиек етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс берулерін сұрады.
Онлайн өткізілген жиында қатысушылар үміткерге әртүрлі сұрақ қойып, соған сай тиісті жауап алды.
«Nur Otan» партиясы облыстық
филиалының баспасөз қызметі
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы.





