Талдықорған: +38°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

САПАЛЫ ТЕРЕЗЕ ЖАСАЙДЫ

17.09.2021
КҮЛТӨБЕ
САПАЛЫ ТЕРЕЗЕ ЖАСАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Айналамызда мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп жүрген және сол мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, өзінің кәсібін дөңгелентіп, жұртқа үлгі болған азаматтар жетерлік. Сол қатарда Талдықорған қаласында металл-пластик терезе жасаумен айналысатын әрі қаладағы осы салада жұмыс істеп жүргендерге жаңалығымен бастамашы, тазалығымен танымал, іскерлігімен көш бастап келе жатқан ағайынды азаматтарды айрықша атауға болады. Ағайынды Жанат пен Асхат Чинибековтер жастығына қарамай жақсы ісімен қалалықтарға жақсы таныс. Олар бұл кәсіпті орта мектеп қабырғасында меңгере бастапты.


– Біздің бұл кәсіпке кірісуімізге әкеміз Қалибек Чинибековтің ықпалы болды. Орта мектеп қабырғасында жүргенде әкеміз өзіміз тұрып жатқан Желтоқсан көшесі 24-үйге жапсарлай шеберхана құрып, қарапайым құрылғылармен алғашқы пластик терезелерді жасаумен айналыса бастады. Ол кезде сұраныс тым көп болмағанымен, әкеміздің жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын мінезін жақсы білетін тұтынушыларды ауламыздан жиі кездестіретінбіз. Сосын бос уақытымызда біз де әкемізге көмектесіп жүріп, терезеге керекті материалдарды өлшеу, кесу, жапсыру сияқты алғашқы тәжірибелерді меңгере бастадық. Жыл өткен сайын табысымыз да еселене түсті. Оның үстіне «Көре-көре көсем болады» дегендей, бұл кәсіп күнделікті жұмысымызға айналды. Алғаш әкемізді жағалап жұмыс істей бастағанда, ол кісі: «Пайданы қуып, басқаның сенімінен айырылсаңдар, жоламай-ақ қойыңдар» деп ескертті. Сондықтан осы күнге дейін қолға алған әр жұмысымыздың сапасына қатаң қарайтын болдық. Табысқа жетуіміздің түп тамыры да осында, – дейді Жанат Қалибайұлы.

«Ағайын тату болса, ат көп» деген нақыл тегін айтылмаса керек. Бала күннен жұбы жазылмаған ағайынды жігіттер әлі де отбасылық кәсіпті бірге жүргізіп келеді. Олар тәжірибесі толығып, біліктілігі артып, терезе жасаудың сан түрлі шеберлігін, тұтынушылармен жұмыс істеудің жолын меңгеріп алғаннан кейін Талдықорған қаласының Гагарин көшесі 159-мекенжайдағы ғимараттың бірінші қабатындағы кең залды жалға алып, жұмыс көлемін ұлғайтты. Осыдан былай олардың табысы да арта түсті. Тапсырыс көбейген сайын жаңа техникаға деген сұраныс та туындады. Сондықтан тапқан табысының бір бөлігін тұрмыстық қажеттілікке жұмсаса, қалған бөлігіне жаңа техникаларды шетінен сатып алып, цехты ұлғайтып, тұтынушылардың көңілінен шығатын сапалы дүние жасауға тырысты.

– Жасыратыны жоқ, алғаш жұмыс бастағанда табысымыз көбейе түссе деген жанталастың болғаны анық. Ол кезде осы кең бөлмеде бірнеше ғана қарапайым құрылғы тұратын. Жұмысымыз жүріп, етек-жеңімізді жинағаннан кейін сапалы дүние жасап, жұрттың көңілінен шықсақ деген ұмтылыс пайда болды. Өйткені, жыл өткен сайын адамдардың экономикалық әлеуеті артып, сапалы дүниеге деген сұраныс туындады. Осыған орай бізде өзіміз тұрған қалалықтардың тұрмыс сапасына сай келетін, талғамынан шығатын терезелерді жасауға құлшыныс пайда болды. Басында бәрін қол күшімен жасаушы едік, енді техника істейтін жағдайға жеттік, – дейді Асхат Қалибекұлы.

Бүгінде олардың цехында ине шаншыр жер жоқ. Айналаның бәрі пластик терезе жасауға арналған құрылғылар. Бірі материалдарды өлшеуге, енді бірі кесуге, тағы бірі желімдеуге және тағы сондай өндіріске керекті құрал-жабдықтар. Оның бірі италиянікі, енді бірі Ресейден алынса, қытайлық құрал-жабдықтар да бар. Қысқасы, әлемнің әр түкпірінен жинақталған озық аспаптар мен құрылғылар олардың цехында жинақталып, талдықорғандық тұтынушылар үшін қызмет етіп жатыр.

 – Жұмысымыз жүре бастаған соң Алматы, Астана, Шымкент сияқты ірі қалалар мен Түркия, тағы басқа шетелдердегі біз сияқты металл-пластик терезе өндірісімен айналысатын ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысып шықтық. Осыдан былай көңілімізге шабыт бітті. Үміт туындады. Жұмысымызды жүйелеу үшін жаңа үлгідегі озық технологияларды қолдану керектігін сезіндік. Дегенмен, ондай технологиялар шетелдерде өндіріледі. Оларды сатып алып, жұмыс жүргізу үшін де қалта көтермей жататыны бар. Сондықтан 2020 жылы облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде жариялаған жобалар байқауында бақ сынап көргіміз келді,  – дейді Жанат Қалибекұлы.
Ағайындылардың жобасы комиссия мүшелерінің қолдауымен 4 млн. теңгеден астам қайтарымсыз гратқа ие болып, терезеге істетілетін әйнекті тазалап, жуатын Қытайда өндірілген «Сартер» маркалы құрылғыны сатып алды. 

– Металл-пластик терезенің екі түрлі ерекшелігіне баса назар аудару керек. Ең алдымен терезе жақтауларының ішіне салынатын сапалы металл, енді бірі екі жағы қапталатын әйнектердің тазалығы. Біз осыған дейін терезе әйнектерін қолмен жуып, тазалап  келдік. Қанша жерден таза жудық десек те, шаң-тозаң, кір-қокыстың қалып қалатыны анық. Ол қапталып кеткен соң оны қайта ашып, тазалай алмайсың. Тұтынушылардың көбі терезе әйнектерінің таза болмағындығы үшін шағымданып жатады. Өйткені, адамдардың қазіргі тазалыққа деген талғамы жоғары. Осы шағымдарды болғызбау және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында құны 11 млн. теңге тұратын жаңа құрылғыны жеткіздік. Басында айтылғандай, оның  4 млн. теңгесі мемлекеттік қолдаумен қайтарымсыз грант ретінде берілді. Ол да үлкен көмек болды, –  дейді кәсіпкер Жанат.

Бүгінде Талдықорған қаласында металл-пластик терезе өндіретін бірталай цех болғанымен біреуінде әйнек жуатын заманауи құрылғы жоқ еді. Жанат пен Асхат Чинибековтер бірінші болып осы бір инновациялық жаңа технологияны қала тынысына енгізді. 

Бұл қадам оларға тағы бір жаңа цех ашуға түрткі болды. Өйткені, терезе жақтауларын жасайтын цехтағы бұрқыраған шаң мен тозаң жаңа құрылғымен жұмыс жасауға кедергі келтіре берді. Сонымен олар Желтоқсан көшесіндегі ең алғаш рет жұмысын бастаған цехты үлкейтіп, әйнек жуатын және қаптайтын, тағы да басқа осы бір жұмысты жүргізуге керекті құрылғыларды сол жерге көшіреді де, Асхат терезе жақтауын жасауға, ал Жанат әйнек жуу жұмысымен айналысады. Қазір Жанат меңгеріп отырған цехтың жұмысы ретке түсіп, қалалықтардың аяғы үзілмейтін жерге айналды. Күнделікті қажеттілігі үшін келетін тұтынушылардан сырт, осы күнге дейін пластик терезеге істетілетін әйнектерді қолмен жуумен айналысатын басқа да әріптестері тапсырыс беретін болған. 
Дегенмен, бір биікке жеткен адамның алдынан тағы бір белестің бұлдырап көрінетіні анық. 

– Басында біз кәсібімізді дөңгелентіп, қаржымызды көбейтсек деп ойлаушы едік. Енді ол екінші мәселеге айналып қалды. Өткен жылдары Түркиядағы осы кәсіппен айналысатын кәсіпорындарды көріп, қызығып қайтқан болатынбыз. Қазір сол кезде көкейімізге түйіп қайтқан жоспарларымызды жүзеге асыруға құлшынып жүрміз. Талдықорғанға әйнек жуатын заманауи құрылғы орнаттық. Алматыға шапқылайтын көп адамдар қазір бізге келеді. Бір жағынан жол шығынын үнемдесе, екіншіден біздің бағамыз ірі қалаларға қарағанда арзандау. Демек, көпке көмегіміз тиді деген сөз. Қазір қаладағы әйнек кесетін цехтар көп. Алайда олар тек төрт бұрышты әйнектерді ғана кесе алады. Енді түрлі пішінде әйнек кесетін құрылғының технологиясын енгізсек деп қамданып жүрміз. Ол құрылғы келетін болса, қаладағы жиһаз жасайтын цехтардың үлкен мәселесі шешілер еді. Бірақ оның құны, Талдықорғанға жетіп, іске асқанына кететін қосымша шығындар тым қымбатқа түсіп тұр. Бұл тұрғыда тағы да мемлекттік қолдау болса, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді Жанат Қалибекұлы.

Алла тағала да пейілге қарай берекесін береді ғой. Ағайынды жігіттердің осы жетістікке жетуіне адалдығы мен адамгершілігі көп демеу болып келеді. Өйткені, Талдықорған қаласындағы ең сапалы терезелерді осы жігіттер жасайды, тағы бір жағынан сапасына қарай құны да арзан. Сондай-ақ, бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтып, өздерімен қоса жерлестерін де жаңа мамандыққа тәрбиелеп келеді. Бұрындары олардың цехында жұмыс істеген азаматтар бүгінде өз алдына шағын цехтарын ашып, жұмыс жүргізе бастапты. Олардың да аяғынан нық тұруына қолдан келер көмектерін жасап тұрады. 

Халқымызда «Жас келсе іске» деген нақыл сөз бар. Оны осы жігіттердің жігерлі ісі дәлелдеп жатыр. Өйткені, бала кезінде армандаған істерін жүзеге асырған олар бүгінде ел өркениеті үшін үлес қосуда. Былай қарағанда олардың ісі жай кәсіпкерлік болып сезілгенімен, шын мәнінде, қайнап жатқан тірліктеріне қарап, ел экономикасына үлес қосып жатқанын айқын аңғарамыз. Себебі, олар өздері жасап жатқан қаланың тіршілігіне тыныс ашуда. Тағы бір жағынан, олардың арманына қанат бітірген, жұмысына дем берген кәсіпкерлікке бағытталған мемлекеттік гранттар екендігін де ескеруіміз керек. Арамызда кәсіп ашуға ұмтылып жүрген азаматтар көп. Ағайынды Жанат пен Асхаттың жетістігі оларға өнеге болады деп сенеміз.  Егер қаржылық жақтан қолдау тапқысы келгендер болса, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде қайтарымсыз грант берілетін байқауларда бақ сынап көруге де болады. Жанат пен Асхаттың да жетістігіне осы бағдарлама үлкен демеу болғанын тағы да бір естеріңізге сала кетейін.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Сарқан ауданында ветеринария саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Сарқан ауданында ветеринария саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

15.07.2026
Президент жаңа заңға қол қойды: Суррогат ана қызметіне шектеу қойылады

Президент жаңа заңға қол қойды: Суррогат ана қызметіне шектеу қойылады

15.07.2026
Қазақстаннан Қытайдың 11 қаласына ұшақ қатынайтын болады

Қазақстаннан Қытайдың 11 қаласына ұшақ қатынайтын болады

15.07.2026
Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

15.07.2026
Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

15.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.