Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз деңгейінде жұмыс істеуді бастап кетті. Осы орайда денсаулық саласының жұмысына байланысты көптеген сұрақтар келіп түсуде. Іріктеп, жиі қойылатын сұрақтарға жалпылама жауап беруді ұйғардық.
МЕДИЦИНА
Жауап: – ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың тізімімен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында танысуға болады. Дәрігер мен емхананы әркім өзі таңдай алады. Әр адам тіркеу науқаны кезінде медициналық мекемені жылына бір рет ауыстырса болады. Сондай-ақ, егер адам тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса емхананы алмастыра алады.
– Бүгінде коронавирус індетіне шалдығушылар саны артып отыр. Бұл індет ағзаны әлсіретеді. Өкпені зақымдайды. Соған байланысты тұрғындардан инфекцияға шалдыққан жағдайда оңалтудан қалай өтуге болады?
Жауап: – Ең алдымен, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. Емханадағы дәрігер оңалту дәрігерінің немесе мультидисциплинарлық топтың кеңесіне жолдама береді. Олар жағдайдың деңгейін анықтап, қалпына келтіру шараларының курсын тағайындайды. Мұнда тыныс алуды жеңілдету, асқынудың алдын алу, өмір сүру сапасын арттыру және мазасыздық пен күйзелісті жеңілдетуге бағытталған ем-шаралар жасалады.
Сырқаттың белгілері болған жағдайда оңалтудан үйде емделген және медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да өте алады. Алгоритм баршаға бірдей. Айта кету керек, медициналық оңалту функционалдық бұзылу дәрежесіне байланысты стационарлық және амбулаторлық жағдайда да жүргізілуі мүмкін.
– Дүниеге сәби әкелуге байланысты үйде отырған аналар жаңа туған сәбилерге жарна төлеуге міндетті ме?
Жауап: – Айта кету керек, балалар азаматтардың жеңілдікті санатына жатады. Олар үшін жарналарды мемлекет ай сайын бөліп төлейді. Балалар үшін МӘМС пакетіне профилактикалық тексеру, мамандардың кеңесі, созылмалы аурулар кезінде динамикалық бақылау, стоматологиялық және диагностикалық қызмет, мамандандырылған көмек, созылмалы аурулардан кейінгі медициналық оңалту кіреді.
– Мен ресми түрде жұмыс істемеймін. Кіші ұлым 2 жаста. Гипофиздің микроаденомасы бар эндокринологтың есебінде тұрамын. Биыл мен контрастты затты енгізе отырып, МРТ-дан өтуді қалаймын. Бұған дейін мен әрдайым ақылы тексеруден өттім. Бұл ем маған тегін жүргізіле ме?
Жауап: – Сіз ем алушылардың жеңілдікті санатына жататындықтан, бұл ем-шараны тегін өте аласыз. Ол үшін емдеуші дәрігерге қаралу және жолдама алу қажет.
– Дәрігер маған МРТ-ға жолдама берді. Бірақ, барлық күндер бос емес, ал менің кезегім бір айдан кейін келеді. Неліктен қызмет алу үшін ұзақ күтуім керек?
Жауап: – Бейінді мамандардың қабылдауы және диагностикалық қызметтерді алуды күтудің ең ұзақ мерзімі – он күн, шұғыл көрсетілімдер кезінде – екі күн. Егер жазбаны ұзақ уақытқа тағайындаса, пациент МӘМС бойынша МРТ жүргізетін басқа медициналық ұйымға жүгінуге құқылы. Қызметті алғаннан кейін қордың төлем жүйесін бірлесіп орындау шарты автоматты түрде іске асады.
– Мен жүктімін, тіс ауруы алаңдатады. МӘМС бойынша емделуден өтуге бола ма?
Жауап: – Иә. стоматологиялық көмек алу үшін МӘМС бойынша қызмет көрсететін стоматологиялық клиникаға жүгіну қажет. Сіз олардың тізімін ӘМСҚ сайтынан таба аласыз. Бұл ретте емхананың жолдамасы болуы міндетті емес. Шұғыл көмек – 18 жасқа дейінгі балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, 1, 2, 3-топтағы мүгедектер мен «Алтын алқалы», «Күміс алқалы» көпбалалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, зейнеткерлерге де осы қызмет көрсетіледі. Жоспарлы көмек жүкті әйелдерге және балаларға да қолжетімді. Оған – жансыздандыру, пломба салу, терапиялық қабылдау, пульпитті емдеу, периодонтитті емдеу, толық функционалдық қалпына келтіру анатомиялық нысанның гипоплазиясы, флюорозе қызметтері жатады.
– Балаларға арналған тегін дәрі-дәрмектердің тізімін қайдан табуға болады?
Жауап: – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығымен бекітілген ТМККК және МӘМС бойынша тегін қолжетімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бар. Оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінен табуға болады.
Онкодиспансерде есепте тұрмын, жақын арада жоспарлы тексерістен өтуім қажет, тегін өте аламын ба? Жұмыс істемеймін, МӘМС жарна төлемеймін.
Жауап: – Онкологиялық диспансерде есепте тұрған пациенттерді динамикалық бақылау ТМККК шеңберінде жүргізіледі. Тиісінше, ауру бойынша жоспарлы тексеруден өту үшін МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесі талап етілмейді.
– Мен жеке кәсіпкермін, МӘМС үшін жарна төлеп тұрамын. Байқаусызда артық қаржы аударып жібердім. Қаражатты қайтарып алуыма бола ма?
Жауап: – Қате немесе артық төленген қаражатты қайтару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгініп, тиісті өтініш жазып, төлем туралы түбіртек немесе чек ұсыну қажет. Содан кейін сіз қате жіберілген жарналарды қайта төлеуіңіз керек.
Нұрлан Отарғалиев,
«Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры





