Талдықорған: +35°C
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘСЕЛДІҢ ІЗДЕНІСІ

12.02.2021
КҮЛТӨБЕ
ӘСЕЛДІҢ ІЗДЕНІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 2-сынып оқушысы Әсел Қанабек қазақ әдебиетінің классигі, ақын Ілияс Жансүгіровтің генеалогиясын зерттеп, оның ұрпағы екенін анықтады.

Әсел шежіреге саяхатын Ақсу өңіріндегі Ойтоған ауылының тарихын зерттеуден бастады. Ауыл Талдықорған қаласынан 160 шақырым жерде орналасқан. Википедияда, интернетте ұлы ақынның дүниеге келген ауылы жайлы ақпарат көрсетілмеген. Оны білу үшін Әсел Жансүгіровтің өмірбаянына жүгінді, ол жерде Қапал ауданы Ақсу болысының 4-ші нөміріндегі ауыл туралы жазылған. Уақытты жоғалтпай, кішкентай зерттеуші және оның ата-анасы Ойтоған ауылына барып, қариялармен кездесіп, «Ағынды менің Ақсуым» кітабын тапты. Онда қазақ поэзиясының құлагері Ілияс Жансүгіровтің осы жерде дүниеге келіп, 26 жасқа дейін тұрғандығы туралы жазылған.
Кезінде ауыл «Қызылтаң» деп аталып, қой өсіретін ірі кеңшардың бірі болған. Әселдің атасы Қанабек Заманов осы кеңшарда басшылық етіпті. Сол кездері ауылда жаңа көшелер, үйлер, фельдшерлік бөлімше, клуб, кітапхана, саябақ салынған. Қанабек Замановтың ең маңызды ісі – Ілияс Жансүгіровтің есімін мәңгі сақтауға қосқан үлесі. Өйткені, ол 1964 жылы ақын ақталғаннан кейін, алғаш рет Ойтоғаннан шыққан қазақ ақынының 70 жылдығына орай үлкен мерейтой ұйымдастырған.
Мерекеге ақынның зайыбы Фатима Ғабитова, балалары Болат, Үміт, Ильфа Жансүгіровтер, әйгілі жазушылар Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мұхамеджан Қаратаевтар шақырылған. Кеңшар кеңсесінде мұражай ашылып, жайлауда айтыс, мәнерлеп оқу сайысы, бәйге өткен. Осы күннің естелігі ретінде Үміт Жансүгіровадан Қанабек ағаға арналған тілектер жазылған кітап қалыпты.
Әселдің әкесінің айтуы бойынша, Қанабек ата Мәскеуге, Ленин-градқа, Орынборға, Семейге, Қызылордаға, Алматыға барып, Ілияс Жансүгіров туралы көптеген мәлімет жинақтап, өмір жолын зерттеген. Осылайша ақын есімін мәңгі қалдыруға күш салған. Ал Әселдің ақынның ұрпағы екенін дәлелдеуге мына бір жайт себеп болған.
– Бірде менен бір қария «сен қай елсің?» деп сұрады. Өз бабаларымды білу үшін атам жазып қалдырған парақты мұқият зерттедім. Ілияс ақын бабаларының шежіресіне де үңілдім. Екеуін салыстыра келе, менің атам Ілияс Жансүгіровпен тамырлас екенін түсіндім. Себебі, атам мен Ілияс ақынның ата-бабаларының шежіресіндегі есімдер сәйкес келді, – дейді Әсел.
Жас зерттеушінің ізденісіне Ілияс ақынның қызы Ильфа Жансүгірова жылы лебізін білдіріп, хат жолдапты. Нәтижесінде Назарбаев зияткерлік мектебінің 2-сынып оқушысы Әсел Қанабек «Зерде» ең үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауында «І. Жансүгіров туралы естелікті мәңгі сақтауға атам Қанабек Замановтың қосқан үлесі» атты ғылыми-зерттеу жұмысын ұсынып, жеңімпаз атанды. Бұл шығарма ақын атындағы республикалық қорға, «Ілиястану» ғылыми орталығы мен Ойтоған ауылының орта мектебіне берілмек.

Алма ТОПАНТАЙҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда

21.07.2026
Сарқандық спортшылар Азия чемпионатында жүлделі болды

Сарқандық спортшылар Азия чемпионатында жүлделі болды

21.07.2026
Отандық автобус бренді пайда болады

Отандық автобус бренді пайда болады

21.07.2026
Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

21.07.2026
Қазақстан 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

Қазақстан 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

21.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.