Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СЕНІМНЕН ШЫҒУ — АБЫРОЙ

24.11.2021
КҮЛТӨБЕ
СЕНІМНЕН ШЫҒУ - АБЫРОЙ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың қызыр қонған қасиетті өңірінің бірі – Жамбыл ауданының тарихы тым тереңде. Сонау қола дәуірінен жеткен «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейінен, Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ Ордасының керегесін жазған Қозыбасы текшетауынан Ұлы Отан соғысында қазақтың батыр перзенттері Күндей күркіреп, айдай жарқыраған Аңырақай даласынан ел шежіресінің тылсым сырлары күмбірлеп естіліп тұратындай. Әрбір дәуір аралығындағы қоғамдық өзгерістер үрдісі бұл маңды айналып өтпеген. Қастек ауданы болып құрылғанына 90 жылдан, ұлы Жамбылдың есімін еншілегеніне 80 жылдан асқан Жамбыл ауданы байтақ еліміздің тарихы мен мәдениетінің ажырамас бір бөлшегі. Аудан әкімі Нұрлан Ертаспен сұхбат осынау Майтөбе мен Суықтөбе, Қоңыртөбенің етегінен сонау Күрті жазығына дейін созылып жатқан өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы өрбіді.


– Нұрлан Ертасұлы, аудан әкімі деген аса жауапты лауазымға тағайындалғаныңызға алты ай толыпты. Еліміз ғана емес, бүкіл әлем бүгінде індетке байланысты күрделі кезеңді бастан кешіруде. Бұл қызметке осындай қиын кезде келдім деп ойламайсыз ба?
– Қай кезде оңай болып еді?! Тіпті дүние жүзін жайлаған коронавирус індеті басталмай тұрып та қиындықтар шаш етектен болғанын қалай ғана жасырарсыз? Ал Жамбыл ауданы сияқты үлкен өңірге жетекшілік етудің өзіне тән батпан жүгі барын бұрыннан жақсы білемін. Себебі, 2005 жылдан бері осында мемлекеттік қызметтің түрлі сатысында еңбек етіп келемін. Сондықтан өзіме жүктелген міндеттің таудай жауапкершілігін жете сезіндім. Маған көрсетілген сенімді ақтауға барынша тырысып келемін. Оның қаншалықты нәтижелі боларын, әрине, уақыт көрсетеді. Облыс басшылығы маған сенім артқанда мұны өзімнің қабілет-қарымымды байқату үшін маған берілген мүмкіндік деп есептедім. Білек сыбана кірістім десем мақтанғаным болар, алайда, өңірді дамытуға барынша ықпалымды тигізсем, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін қолымнан келгенімше аянып қалмасам деген ниетім шынайы деп айта аламын. Жалпы жұмыс істеймін деген адамға қай кезде болсын шаруа көп қой. Бастысы – ниет. Зейнеткерлікке жайлы орыннан шықсам дейтіндей жаста емеспін. Қырық жас деген адамның жұмысты жапырып істейтін кезі дейді ғой. Қамал алар шағымда осындай жүгі ауыр жұмысты міндеттеген басшылықтың сенімінен шықсам деймін. Сол кездегі облыс басшысы мені тағайындағанда Жамбыл ауданы ауылшаруашылығы өркендеген аудан, оған қоса мұнда ірілі-ұсақты бірнеше өндіріс орны бар екеніне тоқталды. Алматы қаласы маңында орналасқан, әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары аймақ екенін атап айтты. Осындай өсімді қазіргі заман талабына сай жаңаша қарқында дамыту үшін білімді, білікті маман керектігін тілге тиек ете келе облыс басшысы депутаттарға менің кандидатурамды ұсынып, жас болсам да мемлекеттік қызметте біраз тәжірибе жинағанымды, аудандық, облыстық деңгейде жауапты қызметтер істегенімді атап өтті. «Алдымен халықтың қамын ойла, Елбасы, Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің міндет, тапсырмаларын орында, адал еңбек ет, жаңаша жұмыс істе» деді маған. Ауданға инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, салықтық базаны ұлғайту, соның есебінен аудандағы көптеген мәселелерді шешуді тапсырды. Бұл орайда жол жөндеу, газбен, сумен жабдықтау, тұрғын үй құрылысы, үшауысымды мектептерді жою, жаңа технологиялар әкелу сияқты жұмыстарды тиімді ұйымдастыра білу керек екенін шегелеп айтып, қолынан іс келетін кадрларды қолдаудың маңыздылығына тоқталды. 

– Сол тапсырмалардың барлығы да сайып келгенде еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталатыны белгілі. Өзіңізге жүктелген міндеттер қалай орындалуда? Әрине, алты ай деген ауқымды іс бітіру үшін тым қысқа мерзім екені түсінікті. Дегенмен, жарты жылда айта қаларлықтай шаруалар жасалған шығар? Істі неден бастадыңыз?
– Өзімнің туып-өскен жерім болғандықтан әрі он алты жылдан бері осында жұмыс істейтіндіктен аудан маған етене таныс. Шешілмеген мәселелерін жақсы білемін әрі біразымен қызмет бабында айналысуға тура келген. Десе де енді аудан басшысы ретінде, ең алдымен ауыл-ауылды аралап, жергілікті жерлердегі түйінді мәселелерді айқындап алғанды жөн санадым. Ауданда 61 елді мекен бар, олар 24 ауылдық округке топтастырылған. Қасыма жауапты мекеме жетекшілерін ертіп, бір ай көлемінде барлығын аралап шықтым. Барған жерімде ауыл халқын ашық әңгімелесуге шақырып, ой-пікір, ұсыныстарын мұқият тыңдадым. Саралай келгенде барлығына ортақ мәселе де, кейбіріндегі аса өзектілері де нақтылана түсті. Мәселен, ауыл маңында болуға тиісті ортақ пайдаланудағы жайылым бүгінде жоқ. Бұл барлық ауылда өзекті күйінде қалып отыр. Елді мекендердің ортақ жайылымдарын қалпына келтіру жұмысын жүйелі жүргіземін.

– Облыста ең малы көп өңір осы аудан екен. Демек, азық-түлік молшылығына қосар өзіндік үлесі де қомақты болса керек. Саланың қазіргі жайы қалай?
– Иә, аудан үлкен болғандықтан бұрыннан ауылшаруашылығына бейімделген. Жер көлемі 1 477 484 гектар. Көктемгі мал төлдегеннен бастап алғашқы қар түскен осы күндерге дейінгі мерзімде ауданда қой-ешкінің саны миллионнан асып жығылады. Біразы етке өткізіліп, жұмсала келе қыста ұсақ малдың басы кемиді де келесі жылы қайтадан өседі. Бұл жылда қайталанатын үрдіс. Басқа малдардың саны да осылай өзгеріп отырады. Қой-ешкі, ірі қара, жылқы саны бойынша облыста бірінші орында, құс санынан бесінші орында тұрмыз. Бүгінде есепте 908 мың 569 бас қой-ешкі, 132 мың 611 бас ірі қара, 41 мың 844 бас жылқы, 1 мың 629 бас түйе, 535 мың 438 бас құс бар. Өткен он айда салада 76 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 101,9 пайызды құрады. Осы мерзімде 17906 тонна ет, 48678 тонна сүт, 85 млн. дана жұмыртқа, 1775 тонна жүн өндірілді. Халықты сапалы ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз етуде аудан әлеуеті жоғары. Алайда мұнымен тоқмейілсуге болмайтынын жақсы түсінеміз. Мыңғыртып мал өсіргенімізбен тек ет бағытында жұмыс істеп келеміз. Оның жүні мен терісін іске жарата алмай отырмыз. Алыпсатарларға өте төмен бағаға өтсе өтеді, өтпегені өртеледі. Індет басталып, мемлекетаралық сауда-саттықтың аясы тарылғалы тіптен керексіз болып қалды. Өйткені осы шикізатты өңдейтін өнеркәсіп өзімізде жоқ. Кезінде осында атағы бүкіл одаққа дүркіреген Қарғалы шұға комбинаты болып еді. Қарғалы ауылында, Қарғалы өзенінің бойындағы сол өндіріс орнында мыңдаған адам жұмыс істейтін. Бүгінде ғимараттары қаңырап бос тұр. Сондай бір өндіріс орнын аяққа тұрғызсақ деген асқақ арман-мақсат бар.

Мал саны көп-ақ. Бірақ саннан сапаға көшетін кез келді. Мал тұқымын асылдандыру ауқымын кеңейтуіміз қажет. Келешекте асыл тұқымды мал үлесін 20-25 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Ілгерілеу бар. Мәселен, 2015 жылы асыл тұқымды қой саны 50 мың тұяқтан әзер асса, бүгінде екі еселеніп, 110 мың басқа жетіп отыр. Оның сыры бірқатар шаруа қожалықтары кейінгі он жыл көлемінде ғылымның жетістіктеріне сүйеніп, тұқым асылдандыруда Қазақтың ғылыми-зерттеу қой шаруашылығы институтымен бірлесе жұмыс істеп келеді. Қазір қой-ешкі миллионнан асатынын айттық. Көптеп жұмсалатын кез осы күз. Қыста жалпы саны 920 мың бастан астам ұсақ мал қыстамақ. Оның 500 мыңға жуығы төл беретін саулықтар. 

Жерді тиімді пайдалану жайын атамыз қазақ ежелден жақсы білген ғой. Мал бағуда қыстау, көктеу, жайлау, күздеуге көшіп отырған. Мұның өзі жерді аялап ұстағаны емес пе. Осы арқылы жылдың қай мезгілі болсын, жайылымның оты сақталып отырған. Ал біз болсақ, малды қысы-жазы бір жерге жайып, жердің топырағын шығарып жібердік. Себебін іздесек тізбелеп тауыса алмаймыз. Бәрі бір-бірімен байланысты. Елді мекен маңындағы бұрынғы ортақ жайылымды қалпына келтірмейінше, бұл мәселенің түйіні шешілмейді. 

– Әлеуметтік тауарлар бағасының жөнсіз қымбаттауына жол бермеу де басты міндеттің бірі емес пе? Бұл мәселе күн тәртібінде тұр ма?
– Бұл тұрғыда халыққа төмен бағада тауар ұсынатын әлеуметтік дүкендер ашсақ дейміз. Ол үшін ауылшаруашылық өнімдерімен өзімізді өзіміз толық қамтамасыз етуге қол жеткізуіміз керек. Ауданда 26 000 гектар суармалы жер бар деп көрсетілгенімен оның барлығы бірдей толық пайдаланылмай отыр. Нақты алғанда 15 000 гектары ғана пайдаланылады. Соның толық пайдаланылуын қамтамасыз етсек үлкен іс тындырған болар едік. Бұған байланысты жоба жасалып жатыр, оған 17 млрд. теңге қаржы қажет. Пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтарып, жермен жұмыс істейтіндерге береміз. 

Азық-түлік бағасының шарықтап кетуінің бір себебі жерді дұрыс пайдаланбаудан деп ойлаймын. Жерүйде тұратындарды алайықшы. Үйіміздің жанындағы жерге ештеңе екпейміз. Сегіз сотықтың жартысына үй-жай тұрғызамыз да қалған төрт сотық бос жатып, қурай басып кетеді. Егер де соған картоп, сәбіз, пияз, қияр, қызанақ өсірсе, базардан удай бағаға алмас еді. Үйде өсірілген көкөністің дәмі де өзгеше. Көпшілік осылай істесе, базардағы бағаның түсуіне әсерін тигізер еді. Жер көлемі біздікінен бірнеше есе кіші, ал халқының саны көп Өзбекстан өзін ғана қамтамасыз етіп қоймай, көкөнісін көрші елге қалайша шығаратынына ой жіберейікші. Халық еріншек болып кетті. Бағаның шарықтауына өзімізден де кінә бар.

Жерді дұрыс пайдалану дегеннен шығады, бұл орайда әсіресе суармалы егістіктің мүмкіндігі мол. Оны өз деңгейінде қолдану керек. Бұрынғы суландыру жүйелерін қалпына келтіру үлкен шаруа. Суармалы жерлердің мүмкіндігін толық пайдалану мақсатымен кейінгі жылдары су қоймаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы бірнеше магистральді канал мен су қоймаларының жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сараптама алынды. Геомембрана төсеу, ішкі шаруашылық каналдарының төлқұжатын ресімдеу, басқа арналарды да жөндеуге қажетті қаражатқа ұсыныс беру сияқты жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырсақ, Бозой өңіріндегі егістік алқаптарын шаруа қожалықтары толық пайдаланатын болады.

– Халқының саны 170 мың адамнан асатын бұл аудан жер көлемінің үлкендігімен ерекшеленеді дедік. Соған сай ауыл-ауылдың арасы алшақ орналасқан. Осыған орай жол мәселесінде қиындық бар ма? Болса ол қалай шешімін табуда? 
– Ол рас. Аудан орталығынан жүз шақырым жатқан елді мекендер бар. Ал ең шалғайы Балқаш көлінің жағасындағы Үлкен ауылымен екіара төрт жүздей шақырым. Негізгі күшті жол жөндеуге салудамыз. Елді мекеннің келбеті ең бірінші жолына қарап білінеді. Ауылыңның қандай екенін келген жұрт алдымен соған қарап бағалайды. Жол құрылысында көп жұмыс атқарылды. 2025 жылға дейін ауылдарды ауызсумен толықтай қамтамасыз ету міндеті алдымызға қойылған. Мұны елді мекен бойынша есептесек 98 пайызы ауызсумен қамтылды дейміз. Бірақ ауызсумен қамтылды деген сол ауылда су құбыры барлық үйге жүргізілген жоқ қой. Қанша аула ауызсумен қамтылғанын есептеп жіберсек, пайызға шаққанда көрсеткіші төмен болып шығады.

Табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткіші де солай. Мәселен, аудандағы елді мекеннің 50-60 пайызына көгілдір отын жеткізілді дейміз. Алайда сол газ құбыры тартылған ауылда, айталық екі жүз үй бар деп есептесек, соның барлығы табиғи газдың игілігін көріп отырған жоқ қой. Газ түсірмей отырғандары қаншама. Мұны да аула бойынша санап жіберсек, пайыздық көрсеткіші төмен. 

– Жан жадыратар жаңалық ретінде не айтар едіңіз?
– Жүзеге асырсақ деген ой да, жоспар да көп. Жуырда Сарыбай би ауылында жаңадан өндіріс орны ашылмақшы. Құрылысы екі жыл жүргізілді. Енді салтанатты түрде іске қосылмақшы. «AI-RAI OIL» ЖШС-нің бұл жобасының жалпы құны 372,1 млн. теңге. Зауытта шөлмекке құйылған ауызсу шығарылады. Өндірістік қуаттылығы да жоғары. Бірінші кезеңде 15 адам жұмыс істеп, сағатына 2500 шөлмек, жылына 500 мың шөлмек шығарса, екінші кезеңде 40 жұмысшы сағатына 5000, жылына 1 миллион шөлмек шығарады. Екінші кезеңде ауызсумен қатар алкогольдік емес сусындар, маусым кездері алмадан шырын әзірленеді. 

Болашақта қалаға тән құрылыстар бой көтеретін болады. Әрқайсысы бес қабаттан тұратын 65 пәтерлік бес тұрғын үй, орта мектеп, мәдени демалыс орны, балабақша сияқты әлеуметтік нысандар салынады деген болашағы зор жарқын жоспарларымыз бар. Осы жаздың аяғында үш үйдің орны қазылып, іргетасы мен жерасты қабатына монолит құю жұмыстары басталды. Бұл халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін орындаудағы көптен күткен іс. Бүгінде тұрғын үй кезегінде 2500-ден астам адам тұр. Баспанаға мұқтаждарды көпқабатты үйлер салу арқылы қамтамасыз етпесек, жер үймен ешқашан қамтып бітпейміз. Өйткені кезекке тұрушылар уақыт өткен сайын арта түседі. Бұл табиғи заңдылық. Бірінші кезекте тұрғын үйдің инфрақұрылымын жасау, жүйесін, ауызсуын, жарығын тездетуіміз керек. Қазір бұрынғыдай Үкімет тегін үй береді деу жоқ. Несиелік жүйе енгізілген. Әркімнің банкке салған қаржы мөлшеріне қарай несие беріледі. Қазір мұны жүзеге асыратын – Отбасы банкі. Біз тұрғын үй кезегіне тұрушылар тізімін «Тұрғын үй құрылысжинақ банкіне» өткіземіз. Әрі қарай солар айналысады. Ал жаңағы айтылған қалған нысандар тиісті құжаттары бекітіліп, қаражаты бөлінсе келер жылдары ретімен салынатын болады. Ел игілігі үшін жүзеге асатын үлкен жұмыстың бірі де бірегейі осы болмақ. Алла қолдап, ел аман, жұрт тыныш болса бәрі де рет-ретімен жүзеге асатынына бек сенімдіміз. Жалпы мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік нысандарға деген халықтың сұранысы жылдан жылға артып барады. Қала маңындағы аудан болғандықтан тұрғындар саны әсіресе көшіп келушілер есебінен үнемі өсуде. Қазір аудан халқының саны 170 мыңнан асқанын айттық. Өткен жылы 100 орынды сәулетті перзентхана ел игілігіне берілген болатын. Әйелдер консультациясы мен заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған жаңа перзентханада күн сайын нәрестенің іңгәлаған дауысы естіліп, жас босанған ананың бақыттан бал-бұл жайнаған жүзін көрудің өзі бір ғанибет емес пе?! Еліміздің демографиясына, әсіресе, ана мен баланың болашағына, халық денсаулығын нығайтуға мемлекеттің соншалықты көңіл бөліп жатқаны ертеңгі күнге деген сенімді нығайтады. Бұрын барлық ауылда клуб болған. Бірақ тоқсаныншы жылдары жабылды, бұзылды, орны ғана қалды. Ауылдарға Мәдениет үйі керек. Ол да ретімен іске асырылып келеді. Мәселен, келесі жылы Шиен ауылында Мәдениет үйінің құрылысы басталмақ.

Бәрін бірден жасау мүмкін емес. Оған уақыт төреші. Елім үшін қызмет ету – міндетім. Ал басшыға – халықтың сенімінен шықпай қалудан асқан қасірет жоқ. Осыны үнемі есімнен шығармаймын. 

– Бүкпесіз әңгімеңізге рахмет.

Серік САТЫБАЛДИЕВ 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026
Қараталда экологиялық рейд өтті

Қараталда экологиялық рейд өтті

23.07.2026
Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

23.07.2026
Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

23.07.2026
Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.