Талдықорған: +24°C
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШАБЫТ ШАҚЫРҒАН ШАҚ

27.09.2021
КҮЛТӨБЕ
ШАБЫТ ШАҚЫРҒАН ШАҚ
WhatsAppTelegramFacebook

«Туған жерім – тұғырым» жобасы аясында он күнге созылған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған кәсіпқой суретшілердің халықаралық пленэрі аяқталып,  аудандық Мәдениет үйінде қорытынды жиыны өтті. Бірнеше елдің кәсіби суретшілерінің басын қосып, шабытын шақырған айтулы шара облыс әкімінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылды. 


Қазақ поэзиясының қос алыбына арналған пленэр Райымбек ауданынан бастау алып, Жамбыл жерінде мәреге жетті. Оған Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қытай және өз елімізден Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен облыстардан барлығы жиырма суретші қатысты. Пленэр дегеніміз белгілі бір өңірге бірнеше суретші топтасып шығып, сол аймақтың табиғатын қарап салу болып табылады. Табиғатты бейнелегенде суретшілер композициялық шешімге, ауа кеңістігі мен сызықтық перспективаға және жыл мезгілінің бояу­ларына ерекше көңіл бөледі. Қылқалам шеберлері бірінші күні Хантәңірінің баурайын ақ қағазға бедерледі. Одан кейін аптадан астам Жамбыл мекен еткен киелі жерді қылқаламмен кестеледі. Сапарлап келген сәтте суретшілерді аудан әкімі Нұрлан Ертас арнайы қабылдап, бейнелеу өнерінде тың туындылар әкелулеріне тілектестік білдірген болатын. Ақындар мен батырлар елі  қонақжайлық танытып, табиғат аясында шығармашылыққа еркін бойлауға бар жағдайын жасады. Жамбыл ауданында олар Суықтөбе, Қарғалы, Беріктас, Қоңыртөбе тауларында айналаға тамсана көз суарып, пейзаж жанрында көлемді екі суреттен салды.

Сол дүниелердің барлығы қорытынды жиында ұйымдас­тырылған көрмеге қойылып, 40-тан астам бояуы кеппеген туынды алғашқы көрермен назарына ұсынылды. Оған қоса пленэр шарты бойынша әр суретші Жамбыл, Мұқағали тақырыбына ойдан салған дайын екі картинасын да көрмеге өткізді. Осылайша пленэр барысында 20 суретшінің қолынан шыққан 80 картина өмірге келді. Көрмені тамашалау барысында мамандар табиғат жанры бойынша ерекше шыққан туынды ретінде өзбекстандық Дилорам Мамедованың, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязовтың, алматылық Марат Әбдреевтің өнерін жоғары бағалады. Жамбылдық Марат Төтеевтің Марат Әбдреев­пен бірігіп салған Жамбылдың көлемді портретіне көрермен жоғары баға берді. Осы 80 картина түгелдей облыстық көркемсурет галереясы мен музейлерге сыйға тартылды.

Салтанатты жиында құттықтау сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев барлық суретшілерге облыс әкімдігі атынан Алғыс хат және 300 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының бөлім басшысы Санжар Мүләзімоғлы Мехмет ыстық ілтипатын білдіріп, суретшілерге тиісті марапатын табыс етті. Ақындар мен батырлар елінің өнер иелеріне деген сый-құрметін аудан әкімінің орынбасары Ақниет Туматаев  жеткізді. Жиын соңы аудан көркем­өнерпаздарының концертімен жалғас­ты.

Жетісудың алып тұлғалы ақындарын ардақтап, портреттерін байытып, оларды туған өлкесімен бірге әлем елдеріне насихаттауды мақсат еткен шараға ұйытқы бола білген облыстық суретшілер одағының төрағасы Ермұхан Жүнісхан мен облыстық көркемсурет галереясының директоры Қайрат Қаблисановқа суретшілер ризашылығын білдіріп тарқасты. Сондай-ақ пленэрге Жамбыл ауданынан қатысып, әріптестеріне аудан табиғатының тамаша жерлерін көрсетуде жолбасшы болған ҚР Суретшілер одағының мүшелері Әуелбек Ысқақов пен Марат Төтеевтің де еңбегі елеулі. Он күндік шара Мұқағали, Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетәлі музейлерін аралап, Ұзынағашта «Сүйінбай» театры сахналаған «Екі Жамбыл, екі әлем» спектаклін тамашалаумен де қызықты өтті. Тағы бір айта кетерлігі, пленэр аясында жергілікті суретші Ахат Манапов өзінің «Туған жер бояулары» атты жеке сурет көрмесін Үмбетәлі Кәрібаев музейінде өткізіп, оны пленэршілердің тамашалағаны. 

Серік САТЫБАЛДИЕВ
 

Қатысты жаңалықтар

Нәресте күтімі жайлы не білеміз?

Нәресте күтімі жайлы не білеміз?

16.07.2026
Мессидің сұңғыла пастары

Мессидің сұңғыла пастары

16.07.2026
Мемлекет басшысы CATL директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньды қабылдады

Мемлекет басшысы CATL директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньды қабылдады

16.07.2026
Президент Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті

Президент Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті

16.07.2026
Қоғамдық келісім және патриотизм

Қоғамдық келісім және патриотизм

16.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.