Талдықорған: +38°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СҮЙІКТІМ МЕНІҢ

17.09.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

«Арман қуып Алматыға келдім» деген сөзді басылым бетінде сан автордың жазбасынан оқитынбыз. Ауылға ақжолтай хабар арқалап келген «Жетісу» газетінің әр нөмірін қалт жібермейтін біздер, тұлғалардың өмірінен сыр тарқатқан журналистердің жазбасынан да осы тектес сөзді байқап қалатынбыз. Дегенмен, біздің аңсар бала кезден Талдықорған қаласы болғанын жасыра алмаймыз.


«Табиғаты таза, ауасы саумалдай дәру» деп отыратын ата-әженің аңсар сөзі бізді Талдықорған қаласына балауса шақтан ынтық еткен. Мектеп бітіріп, жоғары оқу орнын таңдар мезгіл жеткенде ойланбай облыс орталығындағы   І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне құжат тапсырдық. Содан бері аттай он жыл бойы осы қаланың өркендеу жолын көз алдымыздан өткеріп келеміз.

Тарих жылнамасына зер салсақ, 10 жыл деген тым қысқа мерзім. Алайда, бір адамның ғұмырын тұтас өзгертер мезгіл екені де жасырын емес. 2011 жылы студент атанған біз – бүгінде журналистикалық жолда қызмет етіп жатқан жас маманбыз. Осынау аз уақыт ішінде «Жетісу» газетіне қызметке тұрып, облыс әкімінің қолдауымен пәтер алып, тотыдай түрленген шаһардың тұрғындары қатарына қосылып үлгердік. Ал осы ретте жүрегімнен орын алған «Талды-Париждің» кешегі мен бүгіні туралы аз-кем айтып өтсем деймін.

Студенттік кезеңде білімге ынта қойып, университет қабырғасында жүргенімізбен жастыққа тән құмарлықпен курстастар жиі бас қосып, қыдырып, сейіл құратынбыз. Сол тұста біздің барар жеріміз де аз еді. Тіпті, өзге қалада оқып жатқан сыныптастарымызды қонаққа шақыруға қымсынып қалатын кездеріміз де болатын. Өйткені, оларды қыдыртар орын санаулы еді. Бүгінде, әрбір дос-жаран, туыс-туманы «Талдықорғанға келіп қайтсаңшы» деп жиі шақыратын күнге жеттік. Өйткені, аттай он жыл ішінде облыс орталығында көптеген әсем ғимарат, жанға жайлы демалыс орындары салынып, серуен құратын жағалаулар ашылды. Бір кездері қаланың көркіне жадаулық сыйлап жататын орында бүгін «Жастар» мәдениет және демалыс саябағы салынып, сазды су бұрқақ аспанға шашу шашады. Қаламыздың шығысында Қаратал жағалауы өрнектелді. Жастық шағымызда түсімізге де кірмеген «Салтанат сарайы», көрме кешені, Б. Римова атындағы драма театрының жаңа ғимараты, Оқушылар сарайы мен музыка мектебі, орталық жүзу бассейні сынды көптеген ғимараттың өзі біздің мақтанышымызға айналды. 

Сонау студент жылдары пәтер жалдап тұрдық. Сонда арман қуған бір топ жолдасыммен қазіргі 6-шағын ауданның орнында тұрған жатаған жер үйді жалдадық. Айналасын қараағаш пен көкшөп басқан жер үйге жалғыз жол жетелеп келетіні әлі есімде. Сондағы орын бүгінде еңселі ғимараттармен көркейді. Қаланың кіре берісінен бастап әр көшесі абаттанды. Осының өзі менің он жылдық ғұмырымда орын алғаны тамсандырарлық дүние екенін жасыра алмаймын. Жастығымның осы қаланың өркендеу жылдарымен тұспа-тұс келгеніне шын қуанамын. Шын мәнінде, Талдықорған – менің қалам!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Сарқан ауданында ветеринария саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Сарқан ауданында ветеринария саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

15.07.2026
Президент жаңа заңға қол қойды: Суррогат ана қызметіне шектеу қойылады

Президент жаңа заңға қол қойды: Суррогат ана қызметіне шектеу қойылады

15.07.2026
Қазақстаннан Қытайдың 11 қаласына ұшақ қатынайтын болады

Қазақстаннан Қытайдың 11 қаласына ұшақ қатынайтын болады

15.07.2026
Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

15.07.2026
Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

Ел экономикасы 9,5 трлн теңгеге жетті

15.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.