Талдықорған: +35°C
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салды

24.04.2023
КҮЛТӨБЕ
Әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы DKNews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Мерекелік шараға қалалық әкімдік пен қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшылығы, әскери қызметшілер, Қарулы күштер мен Ауған соғысының ардагерлері, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері және әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары қатысты.

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев жастарды өмірдегі маңызды оқиғамен құттықтады. Ол аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының – батылдық табиғаттың сыйы емес, саналы тәрбиенің нәтижесі, – деген қанатты сөзін еске салды. Жігер беретін қастері сезім адамды сын сәтте алға жетелейді. Отан үшін тәуекелге барып, өзін құрбан етуге итермелейді.

– Әскерде қызмет ету – бұл әр адамның міндеті ғана емес, сонымен бірге үлкен мәртебе. Сендер үшін алдағы жыл – маңызды өмірлік кезең. Осы уақыт ішінде сендер әскери-есептік мамандық алып, нағыз Отан қорғаушы боласыңдар, – деді.

Шараға жиналған ардагерлер, мұғалімдер мен ата-аналар да әскерге шақырылушыларға ақжол тіледі.

– Ел қорғаны болу – әрбір азаматтың арманы. Қарулы күштер қатарына қосылу – нағыз ер жігітке тән. Әрбір жас жігіт мұны саналы түрде жасауы керек, – деп атап өтті Жетісу облысы «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ филиалының төрағасы 1-дәрежелі капитан Рахым Қырғабақов.

Әскерге шақырылушы Бауыржан Русланұлы болашақ жоспарын да айтып қалды. Ол осы бастан өз тағдырын әскери мамандықпен байланыстыруға шешім қабылдап қойыпты.

– Әскерге бару туралы шешімді өзім қабылдадым. Мерзімді қызметтен кейін келісімшартқа отырып, әскери қызметті жалғастырғым келеді. Маған армия тәртібі ұнайды. Бүгінгі таңда бұл өмірлік бағдарым. Туған елім үшін пайдалы іс тындыруға тырысамын, – дейді жас жігіт.

Іс-шараға қатысушыларға 18404 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетіп, әскери-патриоттық әндерді орындады. Ал 21751, 48386 әскери бөлімдерінің жеке құрамы мен әскери полицейлер арнайы әскери киім үлгілерін көрсетті.

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары

Әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары

03.08.2026
Тарихи сабақтастық

Бірлік бар жерде…

03.08.2026
ІІМ Telegram арнадағы жаңа алаяқтық тәсіл туралы ескертті

Ескелді ауданында 6 айда қылмыс төмендеген

03.08.2026
Шілде айында азық-түлік және тұрмыстық техника бағасы арзандады

Шілде айында азық-түлік және тұрмыстық техника бағасы арзандады

03.08.2026
Бейнеу – Сексеуіл жолы: Жаңа көлік дәлізі іске қосылды

Бейнеу – Сексеуіл жолы: Жаңа көлік дәлізі іске қосылды

03.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.