Талдықорған: +34°C
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘСКЕРИ КАФЕДРАЛАР СТУДЕНТТЕРДІ ДАЙЫНДАУ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЙТА ҚАРАЙДЫ

01.11.2024
КҮЛТӨБЕ
ӘСКЕРИ КАФЕДРАЛАР СТУДЕНТТЕРДІ ДАЙЫНДАУ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЙТА ҚАРАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов еліміздегі жоғары оқу орындары әскери кафедраларының басшыларымен кеңес өткізді.


Қорғаныс ведомствосының басшысы кеңеске қатысушыларға әскери білім беруді дамыту туралы өз көзқарасын жеткізді. Ол әскери кафедраларда офицерлер мен запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламаларын Қарулы күштер ұсынған критерийлерді ескере отырып қайта қарауды тапсырды.

– Қалыптасқан геосаяси жағдайды ескере отырып, ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы азаматтарды әскери қызметке дайындауды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып отыр. Әйтсе де біз запастағы офицерлерге тиісті көңіл бөле бермейміз. Әскери кафедралардың барлық қызметі әскери іс бойынша берік білім алуға бағытталуы тиіс. Әскери кафедралардың қызмет аясы кеңеюі керек. Олар жастарды әскери даярлау және әскери-патриоттық тәрбиелеу орталықтарына айналуы тиіс, – деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери міндеттілерді әскери дайындау мен қайта дайындауды жетілдіру бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Жаңа талаптар шеңберінде Қорғаныс министрлігіне білім беру ұйымдарында әскери дайындықты мониторингілеу және талдау құзыреті берілетін болады. Сонымен қатар әскери кафедраларда жекелеген тапшы мамандықтар бойынша запастағы қатардағы жауынгерлерді дайындау енгізілетін болады. 

– Әскери кафедра бұл әскери билет алудың немесе қызметтен жалтарудың мүмкіндігі емес. Біріншіден, бұл біздің резервіміз. Әскери кафедраны бітірген офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер әскерлерге келіп, алған білімдерін іс жүзінде қолдануы керек. Ал сіздердің міндетіңіз – оларды жоғары патриотизм рухында тәрбиелеу, – деп жалғастырды Қорғаныс министрі.

Кеңес барысында әскери кафедраны бітірген запастағы офицерлер мен сержанттарды есепке алудың қазіргі жағдайы және оларды әскери қызметке шақыру туралы баяндамалар жасалды. Astana IT университеті әскери кафедрасының бастығы генерал-майор Александр Әшіров әскери кафедрада өткізілетін оқу-жаттығу жиындарын «Сардар» курсына ұқсас бағдарламаларға бейімдеу және оқу бағдарламаларын өзгерту жөнінде баяндады.

Оқу-әдістемелік жиын Кеңес Одағының Батыры армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде жалғасты. Онда әскери кафедралардың бастықтары нормативтік-құқықтық актілерді білуден тест тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 41 әскери кафедра жұмыс істейді. Онда запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша 15 мыңға жуық студент дайындықтан өтіп жатыр.

 

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік береді

Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік береді

17.06.2025
Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

17.06.2025
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

17.06.2025
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

17.06.2025
Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.