Талдықорған: +27°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СӘНГЕ ҒАШЫҚ, ТӘНІ АШЫҚ

19.08.2023
КҮЛТӨБЕ
СӘНГЕ ҒАШЫҚ, ТӘНІ АШЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Біздің қоғамда зейінмен зер салсаң ішкі мәдениетіміз бен тәр- биеміздің ақсап жатқанын көрсететін көптеген кемшілікті байқайсыз. Жастар- дың негізгі бет-бейнесін, рухани болмысын киіміне, сөзіне, қоғамдағы өзін өзі ұстауына қарап бағалауға болады. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген мәтелге мән берсек, алдыңғы толқын аға буынның жастар тарапына қарата айтқан сыни пікірлері осы біз қозғаған жас ұрпақтың киімі, сөзі мен ұстанымына дөп келеді.


Қазіргі таңдағы жастардың киіну стилі мен сөйлеу мәнерінде көптеген айырмашылық бар. Ауылдың ұяң жеткіншегі мен қаланың қағылез баласы бірдей сөйлеп, бірдей киіне ме? Әрине, араларында алшақтық бар. Бұған қарап қазақылықтың қаймағы бұзылмаған мекені саналатын ауыл жастары түгел дерлік әуретін жапқан, тәрбие негізіндегі киім киюді ұстанған деп айта алмаймыз.

Қазіргі жастардың замануи киім үлгісінен ұлттық құндылықтың құлдырауын аңдасақ, тәрбиенің таза шырыны бойларына дарымай жатқанын да байқаймыз. Оны әрине, алдымен қыздарымыздың кеудесі ашылып, сандары жалтырап жүргенінен, ұлт келешегін кемел етер ер-азаматтардың қызыл тілге ерік беріп, ойындағысын ойланбай айта салатынынан да байқаймыз. Міне, мұндай жастардан дені сау болса да саналы, сапалы ұрпақтың қалыптасуы екіталай дүние.

Бүгінгі таңда жасы біразға келген апайларымыздың өзі қысқа киюге құмар. Сән қуып, салтанатты ғұмыр кешуге бейім. Бұған себеп қарагөздеріміздің батысқа еліктеуі ме, әлде «әй дейтін әженің» болмауынан ба? Бұлай десек жастардың киім киюі, кербез басып жүруі, қоғамда өзінің жан қалауы бойынша іс қылуы тек ата-ананың, тәрбие нұсқап, тағылым шашқан атаәженің ғана салдарынан дегеніміз болар. Саналы адам, үлкеннен «әйді» күтіп ғұмыр кешпейтіні, терісін түземейтіні, айтқызбай ардақты ғұмыр кешетіні анық қой.

Басылым беттерінде тәрбиеге қатысты сан толғам, тұлғалардың түрлі пікірі жарияланып жатады. Оның бәрін зейінмен оқысаңыз, біржақты байлам жасауға болмайтынын түсінесіз. Алайда көптің пікірі «батыстың қаңсығын таңсық еткен» деген тұжырымға жол нұсқайды. Осы арада өзгеден өркениеттің озығын, өзімізге қажеттісін ғана ала білу керек деген ой түюге болады. Ал негізінен алғанда жастарымыз қазақылықтан қарға адым ұзамай, ата дәстүріміздің асылын әспеттеп, кешегі ел анасына айналған Ұлпан мен Зере, Айғаным мен бүгінгі Зейнеп Ахметовалар секілді қызға тән ибалылық пен имандылықтың жарқын үлгісін көрсете білуі керек емес пе?! Шындығына келгенде, қазір өзгеге еліктейтін емес, өз мәдение — тімізді, дәстүрсалтымызды әлемге танытатын уақыт. Ғылым мен білімнің дамыған, әлем қазақтың мәдениетіне көз тіккен тұста біз өз ұлтымыздың болмысында бұғынып жатқан інжу-маржандарды алып шығып, жарқырата көрсетуіміз қажет-ау.

Жыртық шалбар, қысқа белдемше, кеудесі ашық көйлек бүгінде трендтегі киімдер екені жасырын емес. Алайда тренд қуамыз деп тірнектеп жиған ариба, абыройымызды арзанға алмастырып жібермейміз бе? Шындығына кел генде, кіндігі ашылған қызды көргеннің өзі бір сұмдық. Онымен қоймай, әлгі стильді ғаламторда дәріптеп жатқан көптеген жасқа қарап көңіліңе кірбің ұялайды.

Ашық-шашық киінген жастардың қатары азаяр емес. «Толқынды толқын қауады» демекші, кешегілерді тіксінткен сәндік үлгі бүгінгілерді түршіктіріп жүргені де ақиқат. Сол ашық-шашық киімнен жастардың әуреті жылтырайды. Жылтыр әуретті әлеуметтік желіге салу, оған арланбай қоғамдық орында жүру, сол сәндікті өмірлік ұстаным етудің өзі алдымен қазақылыққа жат болса, екіншіден дінімізде рұқсат етілмеген. Мәселен, әлеуметтік желідегі қыздардың ашық-шашық түскен суреттерінің астындағы түрлі ер адамдардан келген пікірлерге назар аударыңызшы. Ессіздердің жазған қыздырма сөзі ойсыз қыздың жанына жағымды әсер қалдырса, «бөріктінің намысы бір» дегендей, нәзік жандылар үшін ұялатын біздің бетімізді қызартады. Бірақ ондай сылқымдар ел пікірін, саналының салмақты уәжін қайтсін?! Лайкқа лайықпыз деп ойлайды. Пікірі «менің сұлулығыма айтылған қошемет» деп түсінеді. Сол ойсыз жастарымыз экранның арғы жағындағы адамның нәпсісіне ерік беруіне бірден-бір себепші өзі болатынын салмақтаса ғой. Шариғат тілімен айтқанда, әрбір іс үшін сұралатынын бір сәт санаға салып байқаса ғой.

Иә, әрине заманға сай киініп, трендтен қалмау керек. Киіз киім, тоқыма көйлек киіп, сабау-сабау дүниені үстіге іліп ал деп жатқан ешкім жоқ. Тек бүгінгі күні қазақы нақышта пішілген қаншама көйлек, тігілген нешеме киім бар. Соны киіп, әуретті қымтап, абыройды жасырып, батыс пен шығыс өнімінің де өзімізге ыңғайлысын тұтына білу қажет. Себебі біз, қазақ халқы ар мен иманды, ұятты бірінші орынға қоямыз. «Өлімнен ұят күшті» деп ардың өлшемін жаннан айрықша бағалаймыз. Бұл тұрғыда асыл дінімізде қысқа киім киюге, әуретті жарқыратуға қатаң тыйым салынған. Пайғамбарымыз өзінің хадисінде: «Ұят пен иман бір-бірімен тығыз байланысты. Егер біреуін алып тастаса, екіншісі өзі кетеді», – дейді. Ендеше, ұяты жүзіне, иманы жүрегіне ұялаған кешегілердің сарқыты болған жастарымыз тектіден тәлім, өткеннен тағылым алса екен деп те армандаймыз.

Айғаным АЙТМҰХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Жолшы еңбегі – ел игілігі

Жолшы еңбегі – ел игілігі

07.08.2026
Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

07.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ұлттық құрылтай – ел бірлігін бекемдейтін қоғамдық диалог алаңы

07.08.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Болашаққа бағдар

07.08.2026
Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.