Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Соттың бәрі әділетсіз деген дұрыс емес…»

25.06.2022
КҮЛТӨБЕ
«Соттың бәрі әділетсіз деген дұрыс емес...»
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде сот саласы бойынша көптеген өзгеріс орын алуда. 24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күні болып бекітіліп, биыл бірінші мәрте атап өтілмек. Осы саладағы жаңашылдықты білу мақсатында Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қалдарбек Досымбетпен сұхбаттастық.

– Қалдарбек Жорабайұлы, бүгінде сот саласында қандай жұмыстар іске асуда?
– Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында барлық құқық қорғау институттарын күшейту туралы сөз көтеріп, алдағы уақытта мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстардың атқарылатынын атап өтті. Судья болу талаптары күннен-күнге күшейіп келеді. Жыл сайын кадр іріктеудің жаңа жүйесі енгізіліп, сот үдерісі мен рәсімдерінің ашықтығы біртіндеп арта түсуде. Бұл ретте, Жоғары сот кеңесі маңызды рөл атқарады. Осы құрылым Президенттің соттарды жасақтау жөніндегі конституциялық өкілеттігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, судьялардың тәуелсіздігіне және оларға ешкімнің қол сұқпауына кепілдік береді.
Қазақстанда алқабилер тек аса ауыр қылмыстар бойынша үкім шығара алады. Біз бұл саланы одан әрі дамытып, алқабилердің қарауына берілетін істердің санатын кеңейтеміз. Бұл жаңашылдық сот жүйесін демократияландыруға және оған қоғамның сенімін арттыруға мүмкіндік береді. 
– Азаматтық істер мен медиация жайлы айтып өтсеңіз? 
– Сот дауларын шешудің баламалы тәсілі ретінде медиация туралы заңнама қолданысқа енгізілді. Осы арада татуластыру рәсімдері бойынша ауқымды пилоттық жобалар ұйымдастырылып, жақсы жетістіктерге жеттік. Сот отырыстарында дауларды шешу мәселелері жан-жақты зерттеліп, заң нормаларына сай, тараптарға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіре отырып татуластыру рәсімдері кеңінен қолданылып келеді. Бұрындары халық билері болатын. Сол секілді қазір де ауылдарда алқабилер бар. 
– Соттың ашықтығы қалай қамтылады?
– Бүгінде біз халық арасында түсінбеушілік пен жағымсыз пікірлердің тарамауы мақсатында ауқымды жұмыстар атқарып келеміз. Мысалға, әртүрлі ақпараттық платформаларды пайдалана отырып түсіндіру жұмыстарын, қысқаша форматтағы ұтымды бейнелер, актуалды әрі резонанстық істер бойынша толыққанды ақ­параты қам­тылған пресс-релиздер жариялап отырамыз.
– Сот саласына енгізілген жаңа технологияны нақты мысалмен сипаттап берсеңіз…
– Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығының дәлелі ретінде қазіргі таңда сот жүйелерінде «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», «Үн-бейне жазба құралын қолдану» қолданылуда. «Төрелік» – сотта қаралатын істердің бірыңғай ақпараттық жүйесі. Ал, «Сот кабинеті» – электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдететін және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылып жатыр. 
– Халықтың басым көпшілігі сотқа қандай арыз-шағыммен жүгінеді?
– Өте көп. Негізгісі әрі ең күрделісі – жер дауы. Бұл мәселе Алматы қаласының маңында орналасқан аудандарда үнемі кездеседі. Бұрынғы әкімдер, жер комитетінің басшылары жерді заңсыз бөліп, сатып жіберген. Соның салдарынан кейбір әкімдер, орынбасарлары жауапкершілікке тартылды. Пәтер, сатып алу, сату, қарыз беру мәселесін де қосар едім. Қарап тұрсаңыз, дүние-мүлік үшін ағайындар дауласады. Біз жұмысты жаңадан бастағанда мұндай жағдайлар аз кездесетін. Қазір өте көп, кейде қарның ашады. Сосын некенің бұзылуы, жастардың ажырасуы, балаға таласу, алимент өндіру секілді мәселелер шаш-етектен.
– Қалдарбек Жорабайұлы, есіңізде ерекше қалған істерге тоқталсаңыз? 
– Қарасай ауданында жас келіншек сотқа жүгінеді. Ажырасқаннан кейін 2-3 жасар баласын бұрынғы күйеуінің анасы қарайды. Енесі бай-қуатты, тұрмыс жағдайы жақсы. Ол кезде келіншектің жағдайы мәз емес. Аудандық сот «Анасы қарай алмайды» деп баланы әкесіне береді. Істі апелляцияға беріп, осында келді. Біз қарап жатырмыз. Әріптестерім: «Үкімді күшінде қалдырайық», – дейді. Мен «Мән-жайды толық қарастырайық», – деп ұсыныс жасадым. Жылап отырған келіншектен сұрасақ, екінші рет тұрмыс құрып, елордаға көшіп кеткен, екі бөлмелі пәтері бар. Қазір аяғы ауыр екен. Баланы қамқорлықтарына алуға екінші күйеуі қарсы емес. Құжаттарын жинап, екінші күйеуі мен бұрынғы енесін шақырттық. Күйеуі: «Өз баламдай қараймын», – деп барлық жағдайды жасайтынын айтты. Сөйтіп, шешімді бұздық та, баласын анасына қайтардық. Енді мына қызыққа қараңыз, бірінші үкім шыққанда келіншек «әділдік жоқ» деп налыған екен. Апелляцияға беріп, Алматыдан Талдықорғанға келгенше «Енді не болады, баламды бере ме, жоқ па?», – деп жол бойы жылапты. Баласын алғаннан кейін көңілі толып, қуаныштан Алматыға жеткенше жылап барыпты. Мінеки, бір кішкене ғана іс. Тағдыр деген өте қиын. Судья болу оңай емес. Кейде әлдебір істі қарап 5-10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданасың. Біз де адамбыз, «Анаған аз бердім-ау, мынаған көп бердім-ау» деген сұрақтың бәрі ішіңде жүреді. Әрине, жүрегің ауырады. Кейбір кезде күмәнданасың. Елдің қарғысына қалғың келмейді. Ішкі жан-дүниеңмен шешім қабылдайсың. Ел-жұрт «Соттардың бәрі әділетсіз» деп ойлайды. Ол дұрыс емес. 
– Әріптестеріңізді кәсіби мерекемен құттықтап, қандай тілек жолдайсыз?
– Кәсіби мерекемізді 24 маусымға белгілегеніне қуанып жатырмыз. Сот саласында жүрген әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын. Зейнеткерлік демалыстағы ардагер ағаларымызға алғыс айтып, артымыздан келе жатқан жас буынға сәттілік тілеймін. Сот саласын әлемдік деңгейге көтеруге атсалысайық. Еліміз өркендей берсін!

 

– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
Мәулен ӘНЕРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026
Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026
Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.