Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СОҒЫС БІЗДІ ЕРТЕ ЕСЕЙТТІ

19.02.2023
КҮЛТӨБЕ
СОҒЫС БІЗДІ ЕРТЕ ЕСЕЙТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Адам баласы жаралғаннан бері жер бетінде түрлі қиан-кескі шайқас, қырғи-қабақ соғыс, небір зұлмат апаттар өтті. Дәл сондай қанды қырғынның бірі Ауған жеріндегі соғыс. Бұғанасы жаңа қатқан жас жігіт, қаруын арқалап, өзге жерде от кешіп, жауынгерлік борышын өтеп қайтты. 

Он жыл ішінде қанша адамның жаны қиылды, аңыраған ана, көмейіне өксік тығылып, өзегін өкініш өртеген әке, замандасынан айырылған достың жүрегіндегі жарасы толық жазылды деп айту мүмкін емес. Дәл осындай Ауған жерінде оқ пен оттың арасында борышын адал атқарып, интернационалдық міндетін өтеп келген жауынгердің бірі – Марат Әйнеков.
Бүгінде алпыстың бел ортасына таяп қалған ардагер сол күндерді еске алса, жүрегі тебіреніп, көзі жасқа толып, бойын қорқыныш билегендей күйге бөленеді. Боз бала шағында Ауған соғысына қатысып, аман-есен оралған ардагердің әңгімесіне кезек берейік. 
– «Соғыс бізді ерте есейтті. 1978 жылы Қаратал ауданы, Көпбірлік ауылынан әскерге шақырылып, Белоруссия еліне бардым. Ол жерде 6 ай оқу-жаттығудан өткізіп, 1979 жылдың 29 қаңтарында Ауған жеріне аттандырды. Бірден Құндыз қаласына апарып, әуежай маңында орналасқан әскери қалашыққа орналастырды. Міне, сол күннен бастап, Ауған жеріндегі түрлі шайқасқа қатыстық. Қазір көп адам мағынасыз соғыс, өзге елдің ішкі саясатына араласу деген пікір білдіріп жүр. Қалай болғанда да «біздің жүрегімізге жара салған соғыс» деп баға берер едім. Біз ол кезде небары 18 жастағы бозбаламыз. Ауғанға барасың деді, аттандық. Ол заманның  саясаты солай шығар, бізде таңдау мүмкіндігі болған жоқ. Әскери тәртіп бойынша бұйрықтың ешқандай талқыға түспейтіні анық, біз жіберген жерінде 2 жыл борышымызды өтедік. Иә, ол жеке тақырып. Ауған соғысындағы аздаған оқиғаны айтып берейін, қайта еске алу да бізге оңайға соқпайды. Алғашқы барған күннен  4 солдат бір танкіге отырдық. Қарулас достарым танк командирі Вития Белевич, оқтаушы Досқабыл Утаев, көздеуші Игорь Ким және механик мен. Міне, осы төртеуміз екі жылымыз бір танкінің ішде өтті. Әрине, барған бетте соғыстың ортасына түсіп кеткен жоқпыз, болмаған затты өтірік айта алмаймын. Алғашқы 3 ай тыныш болды. Біздің міндетіміз автокеруенді қорғап жүру. Оларға кез келген жерден шабуыл жасайды. Автокеруеннің басын өртейді, соңына оқ жаудырып керуеннің жылжуына бөгет келтіреді. Міне, сол кезде біз танкпен өртенген көліктерді жолдан алып, автокеруенді жалғап, жылжуын қамтамасыз етеміз. Бір ғана жолды аршу емес, тау арасынан жауған оқтан қорғана жүріп, қарсы тарапқа тосқауыл береміз. Өздерін атқылап, қалай болған да міндетті орындаймыз. Қазір айтуға оңай болғанмен ол кездегі оқиғаны сөзбен жеткізу қиын. Осындай қиян- кескі кезде қанша қарулас достарымнан айырылдым. Ауылдан барған жас балаға адамның өлгенін көру оңай емес. Әйтсе де, соғыста жүргенімізді естен шығармаймыз, өксік пен өрліктің ортасында жүріп күн кешеміз. Бір жолы Құндыз қаласына жақын кішірек қышылаққа бару жоспарланды. Елді мекенге кіру үшін үлкен өзеннен өту керек. Біздің алдымызда дұшпандар өзен үстіндегі көпірді жарып жіберген. Таулы аймақ, үлкен құз, табанынан су ағып жатыр. Көпірдің беткі қабаты жоқ болғанымен астыңғы бетондары қалған. Арғы бетке өткел жасау үшін, бір техника қарсы бетке өту керек. Аталған бұрынғы көпір ауыр техниканы көтермейді, ауылдың жүргіншілеріне арналған. Сынған көпірден өтуге ешкімнің жүрегі дауаламайды. Осы тұста жоғары командирден рұқсат сұрап, арғы бетке өтуге бел будым. Көпірдің үстіңгі қабаты жоқ, арасы ашылып кеткен цементтен құйылған белдемелері ғана қалыпты. Танкі де әзер сияды. Міне, қаруластарыммен ақылдасып, арғы бетке бет алдым. Біреуіміз өтпесек, күллі автокеруен жолда бөгеліп тұр. Жоғары командирлер рұқсат етіп, танкінің басын өзенге қарай бұрдық. Алла сәтін салып, аман-есен тапсырмамызды орындадық. Осылайша өткел орнатылып, барлығы өзеннен кедергісіз жылжыды. Қазаққа біткен қайсарлықты көрген командирім 6 айдан кейін маған «Жауынгерлік қызметі үшін» деген төсбелгімен марапаттады. Одан кейін де үлкен оқиғалар болды, оның бәрін айта беру мүмік емес. Аллаға шүкір, Ауғаннан аман оралып, қызметімді істеп жүріп жатырмын», – деп Марат Әйнеков әңгімесін аяқтады.
Ауған соғысының ардагері  Марат ағамыз бүгінде ұстаз.  Н. Тілендиев атындағы музыкалық колледжде дәріс береді. Қазақ өнерін жас ұрпақтың бойына сіңіріп жүрген ардагер ұстаз, 2 ұл, 1 қыз өсіріп, олардан немере сүйіп отырған ата. Әр кез немерелеріне аталық ақылын айтып, түрлі кездесулерге қатысады. Жас жеткіншектердің бойына патриоттық тәрбие дәнегін егіп, қаланың қоғамдық жұмысына белсене атсалысып жүрген жан. Ресей мемлекетінде тұрып жатқан қарулас достарымен телефон арқылы хабарласып, мереке күндері жастық кезеңді естеріне алады.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Ашық диалог орнады

Ашық диалог орнады

30.07.2026
Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

30.07.2026
Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

30.07.2026
Орманды өрттен қорғайық!

Орманды өрттен қорғайық!

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.