Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӨСТЕМІРЛІКТЕР ӨГЕЙ МЕ?

20.06.2022
КҮЛТӨБЕ
ӨСТЕМІРЛІКТЕР ӨГЕЙ МЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы қаласы мен аудан орталығы Талғардан тысқары жатқан Өстемір елдімекенінің тұрғындары жол азабын тартуда. Халық саны үш мыңнан асатын ауыл мен қала аралығына қоғамдық көлік қатынауын тоқтатқан. Оған субсидияның бөлінбеуі себеп. Ауыл тұрғындарының дені қалаға қатынап жұмыс істейтіндіктен, ертелі-кеш жол бойын күзетіп, көлік күтумен күндері өтіп жатқанына ашынады. Ал такси бағасы аспандап кеткен.

 – Ауыл тұрғындарының дені Алматыда жұмыс істейді. Таңнан кетіп, кеш қайтады. Бала-шағамыздың аман-сау барып-келуіне алаңдаймыз. Олармен қоса зейнет жасындағы өзіміздің де қалаға күнделікті қатынауымызға тура келеді. Бірімізге банкомат керек болса, енді бірімізге дәрі-дәрмектің қажеттігі туындайды. Осы үшін Алматы мен Талғарға барамыз. Өзіміздің де денсаулығымыз шамалы, соған қарамастан күнге күйіп, сарылып жол тосып тұрамыз, – дейді Өстемір ауылының тұрғыны, зейнеткер Бақытбек Қырғызбаев.
«Байқасақ, барлық ауылдарға маршруттар жүріп жатады. Сонда қара жаяу қалған өстемірліктер өгей ме?» деген жұрттың жалғыз тілегі – қоғамдық көлікті қайта қалпына келтіру. Осыған бел буған ауыл белсенділері Алматыдан 50 шақырымға дейінгі ауылдардағы жолаушыларды тасымалдауға жауапты мекемені сотқа берген. Іс оң шешім тапса тұрғындар тілегі орындалар деген үміт жоқ емес. 

Маман пікірі

Асхат Досжанов,
Талғар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын 
үй инспекциясының бас маманы 

– ҚР Автомобиль көлігі туралы Заңның 14-бабына сәйкес, Алматы қаласы маңындағы 50 шақырымдық радиустегі ауылдарға қатынайтын маршруттарды Алматы қаласының мобильдік басқармасы ұйымдастырады. Соған байланысты Нұра мен Туғанбайға, Өстемірге автобус сұрағанбыз. Олар бұл сұранысымызды қабылдамады. Алматыдан – Жетігенге дейін 220 маршрут қатынайды. Ары қарайғы ауылдарды облысқа тапсырып отыр. Бұл мәселені облыс деңгейінде де көтеріп, хат жолдадық. 
Бүгінде Талғар ауданы бойынша 11 маршрут қарастырылуда. «Әділет» департаментіне нормативтік-құқықтық акт ретінде осы 11 маршрутты – «әлеуметтік маңызы бар маршруттар» деп тіркедік. Енді соның негізінде субсидия сұрап жатырмыз, оған дейін тариф бекітуіміз керек. Яғни, «Оңай» картамен 80 теңге, картасыз – 150 теңге. Сол маршруттар жүрген соң, шеткі елдімекендер – Нұра, Өстемір, Туғанбай ауылдарына да көңіл бөлетін боламыз. Себебі, 11 маршруттың ішінде Талғардан Өстемірге дейін баратын 218-маршрутымыз бар. Ол жүреді. Тұрғындардың ендігі тілегі – Туғанбайдан Жетігенге дейінгі маршрутты ұзарту. Егер субсидия бөлінсе аталған бағыттар бойынша күніге үш мезгіл қоғамдық көлік жүргізіп, халықтың тілегін қанағаттандыру ойымызда бар. Алайда Туғанбай, Өстемірдегі халықтың сұрап отырғаны бұл емес, Алматы қаласына тура тасымалдайтын автобустардың іске қосылуы. Себебі, жолаушылар үшін екі-үш маршрутқа ауысып отырудың тиімсіздігін айтып, Туғанбай ауылының тұрғыны Ахмет Оразбеков Алматы мобильдік басқармасын сотқа берді. Ол жерде үшінші жақ ретінде сотқа қатысып жатырмыз. Талап-арызымызда Туғанбай, Нұрадан бастап Алматы қаласына автобус жүргізу жазылған. Егер сот шешімі арызды қанағаттандыратын болса, онда Алматы қаласы өз маршруттарын қояды.

PS. Жоғарыда айтылған 11 әлеуметтік маршрут пысықталып, субсидия бөлінсе, қыркүйек айына қарсы ауылішілік жолаушылар тасымалы басталуы мүмкін. Әзірге Талғар қаласында небәрі 3 маршрут қана жолаушылар тасымалымен айналысуда.

Ұлбосын ИСАБЕК
Талғар ауданы
Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026
Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026
Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.