Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СУ ЫСЫРАП БОЛМАСЫН

07.07.2023
КҮЛТӨБЕ
СУ ЫСЫРАП БОЛМАСЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары су тапшылығы мәселесі өзекті тақырыптың біріне айналды. Бұл тек бізде ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлем талқыға түсуде. Күрделі жағдайды қазірден бастап қолға алмаса, соңы өкінішке ұрындыруы мүмкін. Осыны назарға алған ел атқамінерлері суды ұтымды пайдалану, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық жүйелерді енгізу маңыздылығына ден қоюда. Бұл Үкіметтің кезекті отырысында қаралды.


ҚР  Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, биылғы вегетациялық кезеңді тұрақты өткізу үшін арнайы жоспар бекітілген. Осының аясында көршілес елдердің жоғарғы су қоймаларынан қосымша су жіберу арқылы диқандарды егіс суымен қамту жұмысы жүруде. Сонымен бірге гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, суару желісінің магистральдық және шаруашылықаралық арналарын тазарту, су үнемдеу технологияларын енгізу қарастырылған.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, елде судың азаюы мен климаттың жаһандық өзгеруі жалғасып жатқан жағдайда өзекті болған суармалы егістікті дамыту жалғасуда. Су үнемдеу технологиясын енгізу үшін Мемлекет инвестициялық субсидиялау шеңберінде диқандардың оларды сатып алуына, сондай-ақ, су алу және жеткізудің негізгі инфрақұрылымын орнатуға жұмсаған шығындарының 50%-ын өтейді. 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың вегетациялық кезеңді тиімді өткізу егіннің түсімі мен елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей байланысты екенін айтты. Бұл ретте суармалы жердің көп бөлігі елдің оңтүстік аймағында орналасқан.
– Олар жыл сайын су тапшылығының зардабын тартып келеді. Арал-Сырдария және Шу-Талас бассейндері негізінен көрші елдерден келетін ағын суға тәуелді, – деді Әлихан Асханұлы. 
Ғылыми болжамдарға сәйкес судың көлемі алдағы уақытта да азая бермек. 2040 жылға қарай су тапшылығы жылына шамамен 15 текше километрді құрамақ. 

Үкімет басшысы сол себепті су басында отырған елдермен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттемені сақтауды күшейтудің маңыздылығын, тиісті инфрақұрылымның жоқтығын, жұмысты ұйымдастыруда ішкі кемшіліктің су саласындағы негізгі проблеманың біріне айналғанын, сол үшін өзімізде бар су қорын үнемдеп, тиімді пайдалану мәселесін бір жүйеге келтіру қажеттігін, сондай-ақ, елдегі судың 65%-ы ауыл шаруашылығына жұмсалатынын, алайда, сол судың жартысына жуығы техникалық жағдайы әбден ескірген арналардан егістікке жеткенше құмға сіңіп, ысырап болуда екенін сөз етті. 
– Бұл – үлкен шығын. Мысалы, Түркістан облысындағы К-30 арнасының техникалық жағдайы бәріне белгілі. 12 жылдан асты, күрделі жөндеу аяқталмай келеді. Қызылорда облысының егіншілері тәуелді болып отырған сол жағалаудағы магистральдық арна бойынша да жағдай осындай. Мұндай мысал елдің оңтүстік аймақтарында да өте көп, – деді ҚР Премьер-Министрі. 

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының қолданыстағы тарифтер суды үнемдеп жұмсауға ынталандырмай отырғанын атап өткенін, сол себепті саладағы тарифтік саясатты қайта қарап, адамның суға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру қажеттігін, суару тәсіліне байланысты субсидияны саралау ережесінің тез арада қабылдануын қамту керек екенін сөз етті. 

 – Яғни, суды үнемдеу технологиясын қолданған фермерге ғана субсидия берілуі тиіс. Суды тиімді пайдалануға ынталандыру, оның ішінде үнемдеу және тамшылатып суару технологиясын енгізу мен жаңбырлатып суару қондырғысын пайдалануды күшейту керек, –деді Әлихан Асханұлы. 
Соңында ауыл шаруашылығы дақылдарын кезекпен суаруды ұйымдастырып, қайтарымды суларды қайта пайдаға жарату тапсырылды. Өйткені бұл арналардағы су шығынын азайтуға және суды үнемді пайдалануға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ, жиында елдегі бизнес жағдайын одан әрі жақсарту шаралары қаралды. Онда 2024 жылдан бастап бизнесті жоспарға сай тексеруді 2 есе қысқарту жоспарланғаны айтылды. Күн тәртібінен тыс Қазақстанның батыс аймағында орын алған төтенше жағдайдың салдарын жою мәселесі де осы отырыста пысықталды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

05.08.2026
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026
Алаяқтардың жаңа айласы

Алаяқтардың жаңа айласы

05.08.2026
Мәселелердің тіні тарқады

Мәселелердің тіні тарқады

05.08.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол». 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.