Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 6 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Соған байланысты Жетісу жерінің барлық өңірлерінде өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру жұмыстары кеңінен жүріп жатыр.
Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі ретінде Ақсу, Талғар және Іле аудандары әкімдіктерінің бөлім басшыларымен және ауылдық округ әкімдерімен кездесулер өткізіп, көпшілікке қажетті мәлімет бердім. Кездесулердің басты мақсаты – заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сый берушінің пайдасы үшін жасалған сыйлықтарға, материалдық сыйақыға толық тыйым салынғандығын жеткізу болды. Одан бөлек, заңнамаға енгізілген өзгерістерде жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгіленетіні де айтылды. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасында айтылған жайттарды іске асыруды көпшілікке жеткізу – әрбір мемлекеттік қызметкерге міндет.
Ғабит ТҰРСЫНБАЙ,
облыс әкімі
аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі




