Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 1000-ҒА ЖУЫҚ АҒАШ ЕГІЛДІ

21 наурыз 2023
КҮЛТӨБЕ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 1000-ҒА ЖУЫҚ АҒАШ ЕГІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Күн мен түн теңеліп, адам баласы мен табиғат-ана қайта жаңғырып, түлейтін, татулықты ту еткен, кешірім мен мейірімнің, ізгілік пен ынтымақтың мерекесі — Ұлыстың ұлы күнін жұртшылық асыға күтеді. Әр жылдан жақсылық пен жаңалық күтетін халқымыз биылғы Наурызды да ерекше қарсы алуда. Талдықорғанда думанды той бір күн бұрын басталды. Облыс орталығында түрлі шаралар өтіп, мереке сән-салтанатымен тойлануда.

Шуақты мереке Еркін ауылдық округі маңындағы бұлақ көзін ашу рәсімінен басталды.  Облыс әкімі Бейбіт Исабаев бастаған топ қыс бойы бетін шөп-шалаң жапқан бұлақтың көзін ашып, ізгі тілектерін айтып, бір-бір кеседен мөлдір су ішті.  

Осыдан кейін аймақ басшысы «Жеңіс» саябағына барып,  «Таза табиғат» акциясы аясында қарағай көшеттерін отырғызды.
Дана халқымыз: «Бір тал кессең, он тал ек», «Ағашты жердің ырысы мол»  деп текке айтпаса керек. Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Аталмыш ағаш отырғызу акциясына қала тұрғындары белсенді қатысып, 1000-ға жуық түп ағаш екті.

Айналаны жасыл желекке орап, жолдың бойына отыр­ғызылған ағаштар әсем бейнесімен көз тартарлық. Шара барысында Бейбіт Өксікбайұлы жұртшылықты Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтап, саябақты абаттандыру бойынша атқарылатын жұмыстарды баяндады:
— Әр аптаның сенбі, жексенбі күндері Жеңіс паркінің аумағына қарағай ағаштары егіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұйырса, студенттер үйінен бастап, қараталды айналасына дейін жасыл желекке орап, қала тұрғындары демалу үшін жарықтандырып, велосипед жүретін жол мен орындықтар қоямыз. Эколог мамандармен келісіп, кәрі ағаштарды кесеміз. Қыста мұз айдыны болады. Сонда жұртшылық саябақта қысы-жазы келіп демалатын болады, — деді ол.

Осыдан кейін аймақ басшысы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Студенттер үйінің алаңында ұйымдастырылған мерекелік шараны тамашалады. Алаңда білімгерлердің жетістіктеріне арналған көрме мен көркемсурет галереясы қойылыпты. Салтанатты шарада қазақы нақышта киінген университеттің қазақ ұлт аспаптар оркестрі күмбірлетіп күй ойнап, әуелетіп ән салып, сахнаның көрігін қыздарды. Сонымен қатар, ұлттық ойынымыз жаңғырып, тоғызқұмалақ, қол күрес, қазақ күресінен жарыс өтті.

Айдар ҚАЛИЕВ,
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

Бүгін, 16:00
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Бүгін, 15:56
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Бүгін, 15:20
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

Бүгін, 14:30
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.