Талдықорған: +20°C
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТЕЗ ДАЙЫНДАЛАДЫ

27.01.2021
КҮЛТӨБЕ
ТЕЗ ДАЙЫНДАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Шағын және орта бизнестің дамуы – ел экономикасының өркендеу кепілі. Осы орайда нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы  аясында жасалынып жатқан жұмыстар өз жемісін беруде. Аталған бағдарламаның көмегімен қайтарымсыз грантқа ие болып, жылдам тағам дайындайтын  орын ашқан Нұрлыбек      Ыдырыстың қадамы осыған дәлел бола алады.


Қаскелең қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепте білім алып, Алматы индустриалды колледжінде «машина жасау» мамандығын меңгерген ол алғаш еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Алайда, бесінші санаттағы аспаз болып еңбек ететін ағасы Нұрпейістің ықпалымен ас әзірлеу ісіне бірте-бірте бой алдырып, «Zheka’s Doner Hause», «Pinta Bar Grill», «ШашлыкоFF Bar-Grill» сияқты еліміздегі ірі тамақтандыру желілерінде аспаз мамандығының тереңіне бойлап, тәжірибе жинақтайды. 

«Генерал болуды армандамайтын солдат – солдат емес!..» дегендей, енді Нұрлыбек өзінің жеке кәсібін ашуды ойға алған болатын. Өзі жақсы білетін тамақтандыру саласында бағын сынап көруге бел буған ол «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қарасай аудандық филиалына келіп, алдымен іскерлік әлемінің қыр-сырына қанығу үшін 21 күндік онлайн курстан өткені бар. Осылайша, нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бизнес-жобасын қорғап, 556 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болған. Ол ақшаға пицца пісіруге арналған пеш, мұздатқыш, тоңазытқыш сияқты қажетті жабдықтар сатып алады.

«Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас…» дегендей, бір өзіне үлкен жобаны жүргізіп кету қиындық тудыратынын білген Нұрлыбек осы тұста мектепте бірге оқып, біраз уақыттан бері Қаскелеңдегі «Japonica» барында сушист болып еңбек ететін досы Ахмет-Али Уразалыевті көмекке шақырады. Осылайша «01Sushi kz» деп аталатын екеуінің бірлескен тез дайындалатын тағамдар асханасы өмірге келген болатын.

Қандай да бір бизнес ашпас бұрын өндірілген өнімнің таралуын, тұтынушылар қауымын зерттеп алу – бұлжымайтын заңдылық. Осы мәселені зерттей келе жас кәсіпкерлердің таңдауы Алматы-Бішкек күре жолының бойында орналасқан, халықтың ең көп шоғырланған жері – «Асыл арман» тұрғын үй кешеніне тоқтаған. Заманауи маркетингті пайдалана отырып түрлі акция ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар үшін тиімді тәсілдер де оңтайлы пайдаланылуда. Осылайша, 2020 жылдың тамыз айында жұмыс істей бастаған кәсіпорын бүгіндері келушілер мен тапсырыс берушілердің сүйікті орны мен сенімді серігіне айналған. Бұл жерде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасында (КМДБ) рұқсат етілген тағамдарды дайындауға басты басымдық берілетінін де айта кету керек.

Заман талабына сай жұмыс істеуді жолға қойған жігіттер «Instagram» әлеуметтік желісі мен «2ГИС» қосымшасы арқылы тағамдарын насихаттап, ауданның шалғай жатқан ауылдарына қызмет көрсетуді жолға қойған. Тіпті, Алматы қаласынан да «01Sushi kz» өнімдеріне деген қызығушылық байқалып отыр. Ал, іргедегі Іргелі, Кемертоған, Райымбек ауылдарының тұрғындары олардың дәмді фаст-фудтарына жиі тапсырыс береді.

Бүгіндері шағын ұжымның мүшелері – Нұрлыбек пен Ахмет-Али дәмді әрі тез дайындалатын тағамдарды әзірлеумен айналысса, Мирас тапсырыс берушілерге жеткізіп беруді өз мойнына алған. Жас кәсіпкерлер алдағы уақытта өндірістерін кеңейтіп, ауданның өзге де аймақтарынан осындай орындар ашуды жоспарлап отыр. 

Қуат ҚАЙРАНБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Қарымта ойында шешіледі

Ресми. «Жетісу» Бірінші лигада ойнайды

10.06.2026
Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.