Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӨТКІР ПЫШАҚ – ЖІГІТ СҰСЫ һӘМ МЫСЫ

30.03.2024
КҮЛТӨБЕ
ӨТКІР ПЫШАҚ – ЖІГІТ СҰСЫ һӘМ МЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бұған таңғалатын ештеме жоқ. Ресей территориясында өмір сүріп, әбден орыстануға шақ қалған якут ағайындар «Дархан уус» деген айдармен жыл сайын пышақ соғатын ұста-шеберлерінің бәйгесін жариялап, якут пышақтарын мақтан тұтады. Қап тауының (Кавказ) халқы өздерінің қанжар-сапыларын төріне іліп қояды. Өзбек ағайындар «Шаһрихан ұстаның шеберханасы» деген айдармен пышақтарын ютуб, басқа да әлеуметтік желілерде жарнамалауда. Қиыр Шығыста жатқан жапон бауырлар (бауырлар деуімнің себебі – олардың салт-дәстүрлерінде орыстарға қарағанда бізбен өте көп ұқсастықтар бар) өздерінің «танто» деп аталатын пышағын «Голивуд» киноиндустриясы арқылы бүкіл дүниежүзіне таратып, танымал жасады. Ал енді бірнеше мың жылдан бері осы Ұлы Дала төсін мекендеп, көшпелі мал шаруашылығы мен аңшылықты кәсіп қылып, берен мылтық пен өткір пышақты жолдас еткен, қасқыр мінезді қазақтың қазіргі жағдайына қарасақ, кісі күлерлік. Сіздер дұрыс түсініңіздер. Бұл мақаланы жазғанда, әр қазақтың жігіті беліне кавказдықтар сықылды қанжар байлап, қоқаңдап көшеде жүрсін деп тұрғаным жоқ. Қазіргі уақыттағы қазақ жігіттерінің көбі пышақ ұстауға олақ. Мал сою, ет турауға шорқақ. Жасыратыны жоқ, қазақ болған соң ел арасында ас, той болады. Ал қай қазақтың тойы мал сойылмай, етсіз өтеді. «Ет дегенде, бет бар ма?» деген қазақтың мәтеліне жүгінсек, осындай қуаныштарда табақ-табақ ет тартады. Бірақ оны турауға табақтай-табақтай болып, былшиып отырған бетте ұяттың жоқтығы қынжылтады. Көптеген ас пен тойда дастарқан басында отырған жас жігіттер ет турауға қол созбайды. Онысына, тіпті ұялып арланбайды да, қызарып қымсынбайды да. Етті көбінесе жастары үлкен ағалар мен ақсақалдың турап отырғанын көресің. Ол бергі жағы. Кейбір дастарқанда етті әйел адамның турағанына да куә болғанбыз. Осындай жиында бір ақсақалдың: «Бұл жерде ет турайтын еркек қырылып қалған ба?!» деп шатақ шығарғанын да көрдік. Естіген еркектерге, әрине, өте ауыр сөз. Бірақ, беттері бүлк еткен ер-азаматты байқамадық. Оның есесіне туралған етке қос қолын уыстай салып, езулерінен майын ағызып-тамызып, қабырта асағанда алты ай ашаршылылықтан келген бе деп амалсыз ойланасың. Біріншіден, етті жасы кіші ер адам турайды, ақсақалдар жігіттің ет турауына қарап оның бағасын берген. Осы жайында Зайсан өлкесін мекендеген өзі мерген, өзі балуан Жоян аңшының баласын сынаған аңызды айтуға болады. Бір аста Жоян аңшының баласына табақтас кісілер ет турап беруін өтінеді. Аңшының баласы екі табақтағы етті де турап беріп, елді дән риза қылыпты. Астан шыққан соң аңшы баласынан оның ыңғайын қалай тапқанын сұрапты. Сонда баласы: 
– Бірінші табақтағы кісілер жастары үлкен ақсақалдар, елге сөздерін жүргізіп, ақыл айтатын, аузы дуалы адамдар екен. Сондықтан оларға жапырақтап турадым, екінші табақтағы кісілер қол бастап, жау қашырған батырлар екен, оларға кесектеп турадым, – деп жауап беріпті. Осы жерде жапырақтап турау, кесектеп турау деген сөз тіркесіне назар аударып көрейік. Ет талшықтарын көлденеңнен жалпақтап кесу – бұл жапырақтап турау. Көбінесе тісі түскен, үлкен адамдарға асқазаны дұрыс қорытуға жұмсақ болу үшін осылай тураған. Ал кесектеп кесу –  ет талшығының ұзын бойын қуалай келіп, шорт кесе турау. Бұл еттің дәмін еркін сезіп жесін деп, денсаулығы бар адамдарға арнап турау түрі. Осыдан байқайтынымыз – ет тураудың үлкен шеберлікті қажет ететіні. Жаугершілік заманда еркегі жоқ  ауылдың өзінде етті әйел адамға туратпаған. Оны жаман ырым деп есептеген. Етті  ересек ер бала тураған, тіпті болмаса, амалдың жоғынан үлкен қартқа ұсынған. Мұның негізінде әйел баласын кемсіту емес, керісінше, оларға деген қамқорлық жатыр. Әйел етті қазанға салды, асты, көбігін алды, түсірді, алдыңа тартты. Келген асты бәкісін алып, турап жеу – еркектің өз шаруасы. Осы жерде бәкі демекші, орыстардың ас жейтін құралы – жонылған ағаш қасық, қытайдікі – екі таяқ шөке, қазақта қалта пышақ немесе бәкі болған. Мұнан шығатын ақиқат, қазақ етті қолымен емес, өздерінің бәкісімен турап жеген. Қазақтар етті қолымен жеді деген қауесетті таратып жүргендер бізді іске алғысыз жабайы қылып көрсеткілері келген, евроцентристік ілімді жақтаушылар. Асқа барған адамның өзінің ет турап жейтін жеке бәкісі болған. Бәкісі жоқ еркек күлкіге қалған. Бұл айтылғандар бір төбе, ендігі сөз мал сою, қасапшылық өнерге келсек. Бұдан да кісі күлерлік, жаға ұстап, жан шошырлық жағдайдамыз. Ірі қара тұрмақ, тауық сойса жүрек талмасы ұстайтын дәрежеге жеттік. Ірі қараны жығу, бауыздау, терісін сыпырып, іреу, мүшеге бөлу, жіліктеп бұзу – бәрі пышақпен іске асатын, үлкен өнерді талап ететін еркектің ісі. Бұған кез келген, иісі қазақ әке балаларын жастайынан үйретеді. Мал сою біздің атакәсібіміз, ал аталарымыз  мал соя білмейтін еркекті күнін көре алмайтын ез деп түсінген. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде түйені екі жерден бауыздайды десе, жастар күлкіге айналдырады. Ал шындығында, екі жерден бауыздалады, кеңірдегінен бір, содан кейін сағағынан бір рет. Олай бауыздалмаса, ұзын мойнында арам қанның қалып қалуы әбден ықтимал. Түйені былай қояйық, қарапайым қойды бауыздау қазіргі таңда жастар үшін үлкен мәселе. Осыған байланысты өз басым куә болған бір оқиғаны тілге тиек етейін. Жаз айының бір күнінде аудан орталығынан қайтып келе жатқан бетіміз. Ауылға жетуге біраз жер бар. Кенет алдымызда өткен-кеткен машиналарды тоқтатып жүрген, жасы жиырмалар шамасындағы жігітке кездестік. Басында санамызға біреу ауырып қалып, содан кейін көмек сұрап, жүрген болар деген ой келді. Содан біз де тоқтадық. Сөйтсек, жігітіміз пышақ сұрады. Мен өзімнің портфелімде жүретін, кез келген дүкен сөрелерінен сатып алуға болатын, ұзындығы бір сүйемге жетпес, қарындаштың ұшын шығаруға пайдаланып жүрген, арзанқол қытайдың  бәкісін ұсындым. Бәкіге қол созған жігіт:
– Аға, ана жерде үлкен қошқарымыз өлгелі жатыр, бауыздап беріңізші, – деді.
– Өзің бауыздамаймысың!? – дедім жұлып алғандай.
– Ой, аға, мен қаннан қорқушы едім, – деп жігітіміз міз бақпады. 
– Ет жегенде, қорықпайсың ә, – деп мен де бір түйреп өттім. Жігіт үндемеді.Үстімдегі бір киерім болса да, қошқарды, амал жоқ, бауыздауыма тура келді. Дегенмен де біреудің қас-қабағына, көңіліне қараған қазақ емеспіз бе, қапелімде ағат айтып жанын жаралап алған болармын, мүмкін үйрететін әкесі жоқ шығар деген оймен: 
– Әкең қайда еді? – дедім. Жігіт бөгелген жоқ: 
– Үйде, – деді. Сұрасам әкесі елуден енді асқан екен. Сонда ердің жасына келгенше жиырмадан асқан баласына қарапайым мал бауыздауды үйретпегені ме деп жағамды тағы да ұстадым. Бірақ кімді кінәларыңды білмейсің. Жасынан мал союды үйретпей, олақ баланы мал соңына салған жауапкершіліксіз әкені ме? Әлде әкенің үлгісін үйренбеген жетесіз баланы кінәлаймыз ба? Мал бағуға шыққан екенсің, керекті құралыңды неге алып жүрмейсің? Қытайдың арзанқол бәкісі көрінген дүкен сөресінде тұр немесе үйінде нан турайтын пышақ табылмағаны ма? Осындай сан сұрақ санамызға еріксіз оралды. Мал болған соң өріс басында арандамай тұрмайды. Оны адал бауыздап алу үшін сайманың сай болуы керек. Сонымен қатар, сол құралды пайдалана білу – малшының жауапты міндеті. Осындай уақиғалардың куәсі бола жүріп, кейде ойға берілетінім рас. Ас пен тойда ет турай алмаған ер-азамат жайшылықта мал бауыздай алмаса, жаман айтпай, жақсы жоқ, жау жағадан алған  жаугершілік заман туса, жаудың бетін қалай қайтарар екен деген үлкен бір қынжылыс ойға оралады. 

Жоғарыда келтірген жеті қазына туралы «Өткір пышақ – еркектің сұсы» деген өлең жолына бақсақ, қазақ еркегі сұсынан айырылған ба деп амалсыз ойланамыз. Бұл  мақаланы оқыса, саналарына сәуле түсер. От-жалынды қазақ ерлерінің сұстары ұшталар. Ең болмағанда намысы оянып, ойланар деген ниетпен жаздым, ағайын!            

                                     
   Айдын Жақыпбеков, 
Қапал кәсіптік-техникалық 
колледжінің қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті мәселелер талқыланды

10.08.2026
Басты байлық – денсаулық

Цифрландыру медициналық көмек алуды жеңілдетті

10.08.2026
Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

10.08.2026
Жер – елдің ырысы

Жер – елдің ырысы

10.08.2026
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.