Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жер – елдің ырысы

10.08.2026
КҮНДЕРЕК
Жер – елдің ырысы
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл көктемде Алакөл ауданында 80 мың 24,2 гектар жер игерілді. Оның ішінде 32 мың 529,5 гектарға дәнді дақыл, 28 мың 928,3 гектарға майлы дақыл себілді. Сондай-ақ 810 гектарға қант қызылшасы, 650,2 гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылдары орналастырылып, 17 мың 106,2 гектар алқапқа мал азығы егілді.

Ауыл шаруашылығының өркендеуі ең алдымен инвестицияға байланысты. Заманауи техника, жаңа технология мен асыл тұқымды мал – саланың болашағын қалыптастырады. Осы мақсатта биыл ауданның ауыл шаруашылығы саласына 8,5 миллиард теңге инвестиция құю жоспарланған. Бүгінде оның 1,24 миллиард теңгесі игеріліп, нақты нәтижесін бере бастады.

Инвестицияның 820 миллион теңгесі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға бағытталса, 420 миллион теңгесі асыл тұқымды мал басын көбейтуге жұмсалды. Бұл – ертеңгі өнімнің молаюына, еңбек өнімділігінің артуына және ауыл шаруашылығы өндірісінің сапалық тұрғыдан жаңаруына септігін тигізеді. Қазір ауылдағы еңбек бұрынғыдай тек қара күшке сүйенбейді. Цифрлық технология, өнімділігі жоғары техника мен ғылыми негізделген агротехнология дала жұмыстарының сапасын арттырып келеді. Сондықтан техника паркін жаңарту – уақыт талабы ғана емес, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығының басты кепілі.

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және қайта айналымға енгізу бағытындағы жұмыстар аудан көлемінде жүйелі жалғасуда. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Манатбек Рысбековтің сөзінше жыл басында мемлекеттік меншікке 6 мың гектар жер қайтару жоспарланған көрінеді. Нәтижесінде бұл меже асыра орындалып, мемлекет қорына 9 мың 483 гектар жер қайтарылған. Яғни жоспар 158 пайызға орындалды. Оның 313 гектары өнеркәсіп мақсатындағы жер болса, 20 гектары суармалы егістік, ал 9 мың 150 гектары жайылымдық жерлер. Бұл – бос жатқан жердің қайтадан ел игілігіне қызмет ете бастағанының, ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңа тыныс алғанының көрсеткіші.

Қайтарылған жерлерді тиімді пайдалану үшін конкурс жұмыстары да ашық әрі жүйелі ұйымдастырылуда. Биылғы жоспар 10 мың гектар болса, үш конкурс нәтижесінде жалпы көлемі 20 мың 271 гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына беріліп, жоспар 202,7 пайызға орындалды. Алғашқы конкурс барысында Қызылащы, Еңбекші ауылдық округтері мен аудандық жер қорынан 6640 гектар жер қайтарылды. Кейін Ынталы мен Ырғайты ауылдық округтерінде өткен конкурс нәтижесінде 3646 гектар жер жаңа иелерін тапты. Ал шілде айының соңында өткен үшінші конкурста Ырғайты, Жанама, Қамысқала және Ақтүбек ауылдық округтері бойынша 9985 гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Коммерциялық мақсаттағы бос жерлерді аукцион арқылы беру жұмыстары да аудан бюджетінің кірісін арттыруға үлес қосуда.

Қаңтар айындағы аукцион нәтижесінде 2,6 гектар жер пайдалану құқығы сатылып, бюджетке 36,6 миллион теңгеден астам қаржы түсті. Маусым айында өткен кезекті аукционда жалпы көлемі 4,24 гектар болатын 6 жер учаскесі ұсынылды.

Жердің әр гектары халыққа қызмет етуі керек. Сондықтан біз үшін инвестиция әкелу, техниканы жаңарту, асыл тұқымды мал басын көбейту және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, нақты жұмыс істейтін шаруаларға беру – басты міндеттердің бірі. Бұл жұмыстар ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына, жаңа өндірістердің қалыптасуына және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындап, аграрлық саланың әлеуетін күшейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береміз, – дейді бөлім басшысы Манатбек Мырзашұлы.

Жердің қадірін білген жұрттың несібесі ортаймайды. Сондықтан  ауыл шаруашылығындағы әрбір жетістік – елдің әл-ауқатын арттыратын, өңірдің өркендеуіне жол ашатын берік қадам.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

10.08.2026
Жер – елдің ырысы

Жер – елдің ырысы

10.08.2026
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

10.08.2026
Қазақстанда есту аппаратын тегін алу жеңілдеді

Қазақстанда есту аппаратын тегін алу жеңілдеді

10.08.2026
Мемлекет басшысы: Абай мұрасы – шынайы патриотизмнің қайнар көзі

Мемлекет басшысы: Абай мұрасы – шынайы патриотизмнің қайнар көзі

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.