Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, әлем халықтары ішіндегі ең шұрайлы да бай тілімізді ардақтау ұрпақ алдындағы ұлы парыз ғана емес, бүгінгі күннің ең қастерлі қағидасы болса керек. Ал осынау жолда еңбек етіп, билік пен бұқара арасындағы алтынкөпірлік міндетті адал атқарып жүрген журналистер қауымы да кейде тілдік қателіктерге бой алдырып жатады. «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деген ақын Абайдың жыр жолдарын жаңғыртып, ортақ кемшілікті бірлесе жою мақсатында «Тіл мен тілші» атты «дөңгелек үстел» форматындағы жиын өтті.
Облыстық тілдерді дамыту жөнін- дегі басқарма жанындағы «Тіл» оқуәдістемілік орталығының ұйымдас- тыруымен өткен шараға өңіріміздегі белді басылымдардың журналистері қатысты. Ғасырдан астам тарих түзген ата басылым – «Jetіsý» газетінің 105 жылдық мерейтойы аясында өрнек тапқан рухани жиынның шымылдығын аталмыш басқарманың басшысы Е. Ақшабаев лебізбен ашты. Өз кезегін- де орталық басшысы Жеңіс Жолдыбаев ұлт күретамыры саналған тіліміздің құндылығын, қазынасын тереңнен тол- ғады. Тілге деген махаббат ұлтқа деген қастерлі сезіммен сарындас, өзектес екенін жеткізіп, кемшіліктерді бірге жою кезек күттірмейтін мәселе екенін жеткізді.
«Jetіsý» газеті мен «Jetіsý» телеар- насының, «Вестник Жетісу», «Тал- дықорған» газеттерінің журналистері қатысқан шарада тіл қайраткері ретінде терсіңді еңбек етіп жүрген орталық- тың әдіскер-ұстазы Жанар Елесбаева баяндама жасап, БАҚ саласында кетіп жатқан кемшіліктерді айшықтады. Ол сөзінің басын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлеуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керек- тігі одан да артық», – деген пікірімен бастады.
– Тілдік мәдениет дегеніміз, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу, мәтіндегі ақпа- ратты дұрыс оқу. Оған қоса өзге тілдегі ақрапатты дұрыс аудару. Тілдік мәде- ниеттің сақталмауына сөздік қордың жетіспеушілігі (Кітап оқымау), штамп сөздерді қолдану, қыстырма және әдеби сөздерді орынсыз, себепсіз қолдану, құрмалас сөйлемдерді тым шұбалаңқы құру себеп болады, – деген Жанар Елес- баева нормалардың бұзылуына тоқта- лып, ақпарат тасқынында кетіп жатқан қате сөздерді санамалады. Оның ай- туынша, «бола ма, келе ме, қарай ма?» сөздері бұзылып, «болады ма, келеді ме, қарайды ма?» деп сауатсыз қолда- нылуда. Негізінен, «-ма, -ме, -ба, -бе, — па, -пе» сұраулы есімдіктер жалғанған- да оның алдындағы етістік аяқталмай, көсемшенің «-а, -е, -й» жұрнақтарымен бітуге тиіс. Сол секілді, отырық, жүрік, жатырық, туылған секілді қате сөздер қолданылуда. Бұрыс пен дұрысты ажы- ратып берген баяндамашы, жиналыста сөйлейтін боламыз емес, жиналыста сөйлейміз, домбырада ойнау емес до- быра тарту, соңғы уақыт емес соңғы кез, ауызбіршілік емес ауызбірлік, бауырмашылық емес бауырмалдық, қаңғыбас ит емес бұралқы ит деу дұрыс екенін, алайда БАҚ өкілдерінің дені бұрысқа бейімделіп кеткенін жеткізді.
Осы секілді көптеген кемшілікті тізбелеген мамандардан кейін «Jetіsý» газеті бас редакторының орынбасары Ришад Тұрғанбай, ҚР Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының директоры Жангелді Немеребай, «Jetіsý» радиосының директоры Ес- болат Айдабосын, тіл жанашыры Толғанай Сыламғалиқызы сөз алып, өз ойымен бөлісті. Бүгінгі ақпарат тасқы- нында кеткен кемшіліктердің түбінде ғалымдардың негізсіз ізденісі жатқаны да айтылды. Бүгінде қоғамда кеткен кемшілікті түзеу үшін Анар Фазылжан секілді тіл қайраткерлері терсіңді ең- бек етіп жатқаны, биыл, былтыр деген жылдың шағын анықтайтын сөздер «биылғы жылы, былтырғы жылы» деп жазылатыны да кемшілік екені, бірқатар, біраз, көптеген деген сөйлем- дердің соңына «-дар, -дер, -тар, -тер» жалғанбайтыны да айтылды.
Осынау рухани жиын соңында Жеңіс Хамитұлы орталық құрастырған «Тіл мәдениеті және тілдік норма» атты жинақты өңірдегі негізгі басы- лымдардың басшыларына тарту етті.
Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ




