Талдықорған: +36°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕМІСІ

16.04.2021
КҮЛТӨБЕ
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕМІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл қастерлі тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Осыған байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Отыз жылда біз қандай жетістікке жеттік? Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз? Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?», – деген сауалдар толғандыратынын айтқан болатын. «Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет» екендігін ерекше атады.

Біздің облыс республикамыздағы ең көлемді, ең үлкен облыстардың бірі. Оның ішінде облыстың соңғы жылдары, әсіресе, кейінгі онжылдықта даму жолында үлкен табыстарға жетіп келе жатқанын зор мақтанышпен айтамыз. Бұл орайда облыс тұрғындарының үлесі зор. Оны да атап өткеніміз дұрыс деп есептеймін. Жалпы, Алматы облысы 2001 жылы 15 сәуірдегі Президент Жарлығымен бұрынғы Талдықорған облысының орталығы болған қалаға көшті. «Содан бері қандай өзгерістер болды?» деген мәселенің туындауы заңды. Осы мәселеде облыстың тұрғыны және сол жылдары қызмет істеген адам ретінде өз пікірімді білдіргім келеді. 20 жыл оңай уақыт емес. Осы орайда, Талдықорғанның тарихына көз жүгіртер болсақ, бұрынғы сақ, түркі қағанаты дәуірінде салынған, сол дәуірдегі қазақ ауылдарының негізінде қаланған деген тарихи деректер бар. Оны біз Мұхаметжан Тынышпаевтың еңбектерінен жақсы білеміз. Бұл жөнінде біздің бұрынғы қазақ мемлекеттілігін зерттеген Еуропаның елшілері де, зерттеушілері де тарихқа жазып қалдырған. Ал енді VІІІ ғасырда біздің Қаратал өзенінің солтүстік шығыс жағында Талды деген ауыл болған екен. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласында ел Президенті қазақтың тарихын бүгінгі заманауи технологияның көмегімен қайта объективті түрде жазу керек деген тапсырма берді. Соған байланысты қазір қызығушылық өте көп. 
Бастапқыда Талдықорғанның жағдайы мәз болмады. Алматы облысы көшіп барғаннан кейін қарқынды жұмыс басталды. Әлеуетті, танымал облыс болғандықтан осы 20 жылдың ішінде өте үлкен жұмыстар атқарылды. Оны бір сөзбен айта салу қиын. Бірақ, менің білетінім, қазіргі облысты басқарып отырған облыс әкімі Амандық Баталов қаланың дамуына үлкен еңбек сіңірді. Бір жағдайды айтудың өзі ғана көп мәселені айқындайды. Елбасы біздің Қазақстанның орталығын Астанаға көшірерде: «Астана – астана болу үшін оған 32 түрлі критерий керек. Соған сай болғанда ғана астана Астана болады», – деп өзінің зерттеуін айтқан болатын. Содан кейін ғана астананы көшіріп, соның арқасында бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласы ұлттық идеология орталығына айналды. Сол арқылы Қазақстанымыз бүкіл әлемге танылды. Ал енді біздің облыс әкімі Баталовтың мақсаты – Талдықорған қаласын халықаралық дәрежедегі қалаға айналдыру болды. Нәтижесінде, республикалық мәні бар облыс орталығы болғанның өзінде де халықаралық деңгейдегі мәртебеге сай қалаға айналды. Соған лайық бесжұлдызды қонақүй салынды. Мұнда қазір саяси, мәдени-спорттық халықаралық кездесулер өткізіліп жүргенін де жақсы білеміз. Бүкіл инфрақұрылымдар жасалды. Мәдениет ошағы – үлкен театр салынды, жүзу бассейні, спорт кешені, жалпы қаланың бүгінгі әрленуі, сәулеті бүкіл заманауи талаптардың бәріне сай дамып келе жатыр. 
Мен сол қалада 5-6 жыл жұмыс істегендіктен де жақсы білемін, қаланың әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық ахуалы адам сенгісіз жақсы жаққа өзгерді. Қалаға газ барды. Мен сол жобаның басы-қасында болып, соған атсалысқанымды мақтан етемін. Қаланы орталық жылу жүйелерімен қамтамасыз етудегі жұмыстар өте жоғары деңгейде атқарылды. 
Жалпы, Талдықорған қаласы 20 жылдың ішінде халықтың күш-жігерінің арқасында біздің көз алдымызда дамып, 80 пайызға жаңарды, жақсарды. Қаланы үлкен тарихы бар қалалардың ешқайсымен салыстыруға болмайды. Өте сәулетті, дамыған, шағын қала. Осыған сүйсінген кейбір шет облыстардағы жағдайы бар азаматтар басқа қалалардан көшіп кеп, орналасуда. Мұның өзі тектен-тек емес. Оның экологиялық артықшылығын бағалағандық болса, екінші жағынан қаланың мәдени дамуы мен халықтың пейілі де көптеп қоныстануға басты себеп. Президентіміз «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласында айтты ғой, «тәуелсіздігіміздің үш тағаны бар, ол – жеріміз, тіліміз, берекелі бірлігіміз» деп. Соның барлығы біздің облысымызда, соның ішінде Талдықорғанда айшықталып көрініп тұр. Сондықтан да Талдықорғанның облыс орталығы болған 20 жылдығы ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында атап өтетін айтулы дата саналады. Оның дами беруіне біз әрқашан тілектеспіз және аянбай атсалысамыз.

Ызғарбек Бектұрсынов,
Алматы облысының 
Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Бала қауіпсіздігіне басымдық берілді

Бала қауіпсіздігіне басымдық берілді

29.06.2026
Ұлттық жоба аясында инвестиция тартылып жатыр

Ұлттық жоба аясында инвестиция тартылып жатыр

29.06.2026
Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне жер учаскелерін 49 жылға береді

Қазақстан мен Қырғызстан бір-біріне жер учаскелерін 49 жылға береді

29.06.2026
Әскери медицинаға жасалған қамқорлық

Әскери медицинаға жасалған қамқорлық

29.06.2026
Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.