Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Құқық саласының хас шебері

05.10.2022
КҮЛТӨБЕ
Құқық саласының хас шебері
WhatsAppTelegramFacebook

  «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», – деген аталы сөзбен бастағанды жөн көрдім. Өйткені сексеннің сеңгіріне көтерілген дәл осы сәтте артына бір бұрлып қарағанда ұялмайтындай із қалдырған жан. Ендеше ондай тұлғаға жақсы адамдар қатарынан ойып тұрып орын бергеніміз де жөн. Әңгімеме арқау болып отырған Өмірәлі Жалаиридің есімі еліне етене таныс. 

Ол – Қазақстанның құқық ғылымының тарихына нық енген азамат. Дінмұхамед Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры, атақты ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ұстаз, Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының академигі. «Болар бала бесігінде бұлқынады» дегендей, қалам ұстап, қара тани бастаған кездегі зеректігінің арқасында алғашқы қадамынан-ақ алғыр бала атанса керек. 80 жылдық өмір жолына зер салсаңыз, әрбір шыққан биігі мен қолы жеткен жетістігінің бәрінде ерен еңбек пен тынымсыз ізденістің ізін көресіз.

Өмірәлі Шакарапұлы 1942 жылы 27 қыркүйекте қазіргі Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Беріктас ауылында дүниеге келген. 1963 жылы Ескелді ауданы Шұбар ауылындағы орта мектепті бітіргеннен кейін өзі туған Беріктас ауылындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді және сол жерден Кеңес Әскері қатарына шақырылды. Сөз арасында өмір баспалдақтары мен алған асуларын айта кеткенім артық болмас.

Ол – Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі, Ресей Федерациясы Петровск Ғылым және өнер академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құқықтық саясат жөніндегі мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. ҚР Криминологиялық қауымдастығының президенті және Ресейдің Криминалистер және криминологтар одағындағы Орта Азия мен Қазақстан атынан өкілі, Халықаралық Заңгерлер одағының мүшесі. «Заңгерлер – әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы, Алматы облысының және Ескелді ауданының Құрметті азаматы.

1966 жылы әскерден қайтқаннан кейін Алматы облысының ішкі істер органдарындағы үздік қызметі үшін қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің заң факультетіне оқуға жіберілді. Заң факультетінің үздік түлектерінің қатарында ҚазМҰУ-дің әкімшілік құқық кафедрасында аспирантурада қалды. Университеттің диссертациялық кеңесінде белгілі қазақстандық ғалым з.ғ.д., профессор С. Сартаевтың төрағалық етуімен «Облыстық Кеңес атқару комитеттерінің жоғары тұрған бағынышты кәсіпорындармен өзара қарым-қатынасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Аспирантураны сәтті аяқтағаннан кейін ассистент, аға оқытушы, доцент және ҚазМҰУ заң факультетіндегі «Конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 

Құқық саласына жан-тәнімен берілген Өмірәлі Шакарапұлы 1993 жылы Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын құрды. Аталған жоғары оқу орны қазақ халқының дара перзенті – Димаш Ахметұлының келісімімен және батасымен ашылғанын атап өту қажет.

2000 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуінің конституциялық-құқықтық негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғаған ол 2001 жылдан 2010 жылға дейін Д. Қонаев атындағы университет жанындағы докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі біріккен диссертациялық кеңестің төрағасы болды. Оның жетекшілігімен 6 докторлық және 70 кандидаттық диссертация қорғалды.

45 жылдан астам уақыт Өмірәлі Жалаири ғылыми және педагогикалық қызметпен белсенді айналысып келеді. Қазақстан жұртшылығы ол кісіні беделді ғалым, дарынды педагог және шебер ұйымдастырушы, Д. Қонаев атындағы ЕЗА ректоры ретінде жақсы біледі.

Елінің құқық саласына сіңірген ерекше еңбегі үшін «Құрмет» орденімен, «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағы және «Конституцияның 10 жылдығы», «Қазақстан полициясының 15 жылдығы», «Конституцияның 20 жылдығы» мерекелік медальдарымен, «Барыс» төсбелгісімен, Қырғыз мемлекеттік заң академиясының «УКУК» медалімен, Ресей Федерациясының «Пайда, абырой және даңқ» орденімен, «ҚР білім беру ісінің үздігі», «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, сондай-ақ, ҚР БҒМ, басқа да мемлекеттік органдардың Грамоталарымен марапатталды. Бұл құрметтің бәрінде ғалымның табан ет, маңдай терінің өтеуі жатыр. Қалаған мамандығына деген адалдықтың өтеуі байқалып тұр. Қалай десек те 80-ге сергек келген асыл азамат бұл марапаттарға шынымен де лайықты!

Қазіргі уақытта өзінің ұйымдастырушылық қабілеті мен жоғары моральдық, рухани және адами қасиеттерінің арқасында профессор Өмірәлі Жалаири өзі басқаратын академия қабырғасында білімді де білікті ғылыми-кадрлық әлеуетті шоғырландыра алды. Мысалы, өзі де мүшесі болып табылатын конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі кафедрасында қазіргі уақытта мемлекеттік-құқықтық мамандық бойынша 9 заң ғылымының докторы жұмыс істейді. Осы кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы сарапшылық қоғамдастыққа берік кірді және ҚР Конституциялық Кеңесімен белсенді ынтымақтасып, оның айқындаулары бойынша ҚР заңдары мен заң жобаларына ғылыми сараптамалар жүргізді.

Бұл ретте бүгін Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы халықаралық, ғылыми-теориялық және практикалық конференциялар, «дөңгелек үстелдер» мен басқа да іс-шаралар өткізудің тұрақты мерзімдік алаңына айналды. Дәл осы жерде заңнаманы жетілдіруге бағытталған идеялар пайда болады және айтылады. Елімізде жүргізілген соңғы конституциялық реформалар осы алаңда талқыланып, нақты сындарлы ұсыныстар жасалды.

2017 жылғы конституциялық реформаның барысы еске түседі. Сол кезде қоғамда «жер» митингілеріне жиі ұласып отырған шетелдіктердің жерге меншік құқығы туралы мәселесі қызу талқыланды. Дәл сол мезетте біз, академияның жетекші профессорлары, ректордың кабинетіне жиналып, осы маңызды мәселе бойынша өз ұстанымымызды білдірдік. Сайып келгенде, біз бұл мәселені «Конституцияға енгізу қажеттілігін күн тәртібінен алып тастау керек» деген бір пікірге келдік. Сол күні профессор Өмірәлі Шакарапұлы осы мәселемен Астанаға ұшып кетті. Ал қайтып оралғаннан кейін, ол жұмыс тобының отырысында ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевты жер мәселесін күн тәртібінен алып тастауға және оны еліміздің негізгі Заңына мүлдем енгізбеуге мемлекеттік тілде дәлелді түрде сендіре алғанын айтты.

Қоғамда және мемлекетте тұрақтылықты сақтау қажеттілігі тұрғысынан бұл өте өзекті және дер кезде болды десем артық емес.

Ұлағатты ұстаздың жетекшілігімен Академия қалыптасудың барлық сатыларынан өтіп, жастарға заңгерлік және экономикалық білім алу үшін көбірек мүмкіндік бере отырып, қазіргі заманғы ірі ЖОО-ға айналғанын атап өткіміз келеді. 2015 жыл ЖОО-ның дамуында жаңа перспективалар белгіленді. Болон процесі қағидаттарын іске асыру және Еуропа мен ЕАЭО жоғары оқу орындарымен қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын дамыту шеңберінде кадрлар даярлау бойынша жаңа мақсаттар қойылды. Бұл өз кезегінде халықаралық компонентті қамтитын және өзінің бейіндік бағдарын көрсететін «Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы» деп жаңадан аталуын айқындады.

Қазіргі уақытта Ө. Жалаири басқаратын Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы – колледж – академия – магистратура – PhD докторантура – толық оқу циклы бар заң бағытындағы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Осы жетістіктің бәрі 80-нің асқарына шыққан ардақты азаматтың саналы ғұмырын сарп еткен еңбегінің жемісі. Ғасыр тойдың төрі бұйырсын деген ақжарма тілекпен сөзімді түйіндейін.

Еркін Дүйсенов,       
заң ғылымдарының докторы, профессор,
Алматы қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Зейнетақы өтемақысын есептеу тәртібі өзгереді

27.07.2026
Рәкеңнен сүюді үйрендім…

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

26.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Жаңа серпін

26.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Елдік мүдде

26.07.2026
Бес ұядан басталған береке

Бес ұядан басталған береке

26.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.