Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҒЫЛЫМНЫҢ ҚИЯ ЖОЛЫНДА

10.12.2021
КҮЛТӨБЕ
ҒЫЛЫМНЫҢ ҚИЯ ЖОЛЫНДА
WhatsAppTelegramFacebook

«Оқу – инемен құдық қазғандай» деген сөз жиі айтылады. Ғылым да солай. Оны осы сала майданында жүргендер ісімен дәлелдеп келеді. Ұлт ғылымында, оның ішінде жаратылыстануда  өзінің сара жолын салған ғалымдардың ішінде биология ғылымдарының докторы, профессор Жұмаділ Шілдебаевтың жұлдызы мейлінше жоғары. Ғылымның қия жолындағы қазақ ғалымының әр сәті аңызға бергісіз. 
ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ
Қазір елімізге экологиялық білім ауадай қажет. Осы міндетті ұзақ жылдардан бері үзбей атқарып келе жатқан бірегей есімдердің көш басында осы Жұмекең тұр. Ол осы саланың жетекші маманы ретінде эколог-мамандар даярлаудың мемлекеттік стандарттарын, үлгілі оқу жоспарын, оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерін жазды. Нәтижесінде «Экология», «Экология негіздері», «Экология мен табиғатты тиімді пайдалану», «Биогеография», «Экологияны оқыту технологиясы», «Биосфера туралы ілім», «Экология және тұрақты даму», «Биологияға кіріспе» сияқты оқулықтары дүниеге келді, бұл оқулықтар жоғары оқу орнындағы оқыту бағдарламасына енген. 
Жалпы, профессор Ж. Шілдебаевтың ғылымдағы ғибратты жолы мен педагог-ғалым ретіндегі еңбегін үш бағытта қарастыруға болады. Бірінші бағыт – Қазақ Ұлттық ғылым академиясының Зоология институтында жүргендегі ғылыми-зерттеу еңбектері. Атап айтар болсақ, Қазақстанның табиғатын, экологиясын, жан-жануарлар әлемін қорғау, ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрес мәселелерімен бірге отандық ауылшаруашылық өндірісін дамыту, өсімдіктерді залалсыздандыру мәселесінде елеулі еңбек сіңірді.
Екінші бағыт – педагогикалық-әдіс­темелік жолы. Жұмекең ана тілінде жаңа буынды биология оқулығын жазуға белсене атсалысып, көп еңбек етті. Оның биология пәнінен 9-10-сынып және экологиядан 9-сынып оқулықтары бүгінгі күнге дейін мектепте қолданыста жүр.
Ж. Шілдебаевтың шығармашылық еңбегінің үшінші бағыты – ұйымдас­тырушылығы. Ол кафедра меңгерушісі, факультет деканы сияқты жауапты қызметтер атқара жүріп, өз саласы бойынша білікті мамандар даярлау ісіне белсене атсалысты. Атап айтар болсақ, 3 ғылым докторы мен 4 ғылым кандидатын, көптеген РҺD докторын,  60 магистрге диссертация қорғатып шығарды, соларға ғылыми жетекші болды. Осындай ерен еңбегімен көзге түскен ғалым-ұстаз ҚР БҒМ тағайындаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының екі мәрте иегері атанды. Қарт ҚазПИ-дің 90 жылдық мерейтойы аясында «Құрмет» ордені, тағы басқа да марапаттарға ие болды.
Ғылым жолы – ауыр әрі ғибратты жол. Бұл салада ешкім күтпеген оқыс оқиғалар мен қызықты жағдайлар жиі болып тұрады. Оны ғылыммен айналысушылар жақсы біледі. Біз төменде Жұмаділ ағамыздың ғылыми ізденіс барысында басынан өткен қызықты оқиғалардың бірнешеуін өз аузымен баяндағанды жөн санадық.
Жылан жайлы оқиға
Мен аспирантураға түскен Зоология институты еліміздегі ең ірі ғылыми-зерттеу институты болды, онда 400-дей ғылыми қызметкер жұмыс істеді. Ғылыми жетекшілікке профессор П.И. Мариковский мен Р.Б Асанованы бекітті. Екеуі де энтомолог мамандар. Аспирант болып қуанғанымды қайтейін, орыс тілінен қатты қорлық көрдім. Диссертация тақырыбы бекітіліп, ғылыми жетекшілеріммен экспедиция бағытын пысықтап, алдын ала жоспар құрдық. 
 Мен жер жаннаты Жетісудың ең әдемі аймағының бірі Жаркент өңірінің тумасымын. Қарт КазПИ-дің жаратылыстану-география факультетін бітірер жылы диплом жұмысыма «Қазақстанның жыландары» деген тақырып алып, жақсы деген бағаға қорғағанмын. Аспиратураға түссем, осы тақырыптағы зерттеуімді одан әрі жалғастырмақ ниетте болдым. Бірде туған ауылым Айдарлыға барып, жылан жинап қайтайын деген ойға келдім. Біз жақта жыландардың түрі көп. Сөйтіп, жылан аулап, Алматыға қайтар жолда әйелім екеуміз күйеу- бала Қашен мен қарындасым Зылиханың үйіне соқтым. Құдағи бізді көріп қуанып, аман-саулықтан соң тегешін алып сыртқа шығып кетті. Шамасы қазан көтермек. Содан бөгеліп қалды. Қашен алаңдап, соңынан шыға бергені сол еді, ауыз үй у-шу болып кетті. Бәріміз жүгіріп шықтық. Міне, қызық, құдағи шалқасынан түсіп, талып жатыр. Сөйтсек, біз жол сөмкемізді ауыз бөлмеге қалдырып кеткен едік, шыны банкаларда оралып жатқан жыландарды көріп, талып қалыпты. Су бүркіп жүріп апамызды тұрғызып алдық.  Мен «Ойбуй, ұят болды-ау!» деп сөмкеме қол соза берген едім, «Ойбай, қарағым, оған жолама! Сөмке тола жылан!» деп жан дауысы шықсын. Мәнісін түсіндірдік, кетер-кеткенше күлкіден езуіміз жиылмады. Ертесіне жолға қайта шықтық. Сөмкедегі жыланның хикаясы тағы басталсын. Автобуста лық толы адам, отыратын орын болмағандықтан Әкімгүл екеуміз де ортада тікемізден тік тұрып келеміз. Міне, Шеңгелдіге де таядық. Біздің жанымызда отырған екі кемпір ауыздары жабылмай сампылдап, келіндерін бір-біріне жамандап келе жатқан. Бір кезде арықша келгені құрбысына қарап: «Қыз-ау, көзімнен жас ағып, бір түрлі болып барамын. Келінімнің бір қасиеті барын білуші едім, Құдай өзің кешіре гөр!» деп сипамаққа бетіне қолын апара бергені сол еді, екіншісі де: «Аллаға шүкір, келіндеріміз жақсы ғой. Келіндеріміз жақсы болмаса өстіп жүреміз бе?! Құдай-ай, мен де бір түрлі болып барамын» дегені. Ішім бірдеңені сезе қойды. Байқасам, формалиннің иісі автобустың ішіне тарай бастапты. Ел шу ете қалды. «Бұл не, шопыр бала?» дегенше автобус кілт тоқтады. Жұрт улап-шулап түсіп жатты. Біз де бірге түсіп қалдық. Алматы қайда, біз қайда? Сол жерде есімізді әрең жидық. Сөйтсек, жыланға толы екі банка бір-біріне соқтығысып, біреуі сыныпты. Формалин иісі содан автобус ішін жайлаған екен. Амал жоқ, сынған банкадағы жыландарды айдалаға қалдыруға мәжбүр болдық. Есіл еңбек-ай десейші! Есімізді жиған соң басқа бір автобусқа отырып, Алматыға да жеттік-ау, әйтеуір. 
Көбелек қуу хикаясы
Менің ғылыми жетекшілерімнің екеуі де энтомологтар, яғни насеком зерттеушілер еді. Соған сай менің де ғылыми тақырыбым «Оңтүстік Қазақстанның жартылай қатты қанатты насекомдарының экологиясы» болып шықты. Осыны зерттемек мақсатта Оңтүстік Қазақстан өңіріне бардым. Табиғаты сұлу, бай өлке. Мұнда орналасқан Ақсу-Жабағылы шатқалы да жұмаққа бергісіз, гүлге оранған керемет ландшафт. Жайма-шуақ мамыр айы. Иен далада тірі пенде жоқ. Қолымда көбелек ұстайтын ұзын сапты ақ мата қапшық, бұл құралды ғылым тілінде «сачок» дейді. Онымен екі-үш сағат бойы көбелек қуып, жәндік жинап, әбден шаршадым. Бір кезде алыстан аттылы кісі көрінді. Қуанып қалдым, біраз әңгіме дүкен құрайын деп оған алыстан қолымды көтердім, ол да қолын бұлғады. Маған қарай атының басын бұрды. Ол жақындап қалғанда кенет бұрын кездеспеген бір сирек көбелектің шыға келмесі бар ма? Ай-шайға қарамай, қуа жөнелдім. Сачекпен арлы-берлі сілтеп жүріп ұстап алып, жан-жағыма қарасам, әлгі аттылы кісі атына қамшы басып қашып барады. Басында түсінбей қалдым. Содан соң ғана не істегенімді түсініп, айғайлап, қолымды бұлғап жүріп, қайта шақырдым. Ол атының басын кері бұрып тоқтады. Сосын айғайлап: «Әй, есің дұрыс па сенің? Сарыжаздан емеспісің? Сарыжаздан болсаң, аулақ кет!» дегені. «Менің есім дұрыс. Көбелек қуу менің жұмысым, сен менен қорықпа, одан да кел, әңгімелесейік», – дедім. Мен алға жүрсем, байқаймын, ол кері бұрыла салып, зытқалы тұр. Әйтеуір не керек, алыстан жөн сұрасып, қайта-қайта есім дұрыс екенін ұғындырған болдым-ау. Анау болса сонда да аттан түспей, әлі де сақтанып тұр. Бір кезде сенді ғой деймін, жақындап келіп, «қолыңдағы ана бәлені тасташы» деді. Мен көбелек аулағышымды лақтырып жібердім. Ол жақындай түсті. «Бұл менің жұмысым, жас ғалыммын, көбелектерді зерттеумен айналысамын» деп күні бойы жинаған көбелектерімді көрсетіп жатырмын. Ол болса: «Мен де сені көріп, қуанып, әңгімелесіп, бірге темекі тартайын деп келе жатыр едім. Бір қарасам, дап-дардай адам көбелек қуып кеткені, бойымды үрей билеп, қашпасыма болмады», – деп біраз күлді. Есімі Сәрсен екен. Жылқышы, жақын маңда тұратын болып шықты. Алматы қаласына жақын Сарыжаз ауылында жындыхана бар екенін содан білдім. Сол оқиғадан кейін екеуміз дос болып кеттік. Көп жыл қатысып тұрдық. Оны кейде «менің көбелек досым» деп қоямын, мені ол «есің дұрыс па» деп қалжыңдайды. 
Бірде ауылға келсем, шешем бір түрлі болып жүр. Бір нәрсе болғанын сездім. Оңаша шығарып, «Апа, сізге не болды?» деп сұрадым. Анамның жылап жібергені бар емес пе? Сөйтсем, бір отырыста мен туралы әңгіме болып, шешем байғұс: «Құдай бұйырса, балам ғалым болады. Алматыда институтта істейді» деп мақтанған ғой. Ауылдың қыршаңқы бір әйелі: «Балаң ешқандай да институтта мұғалім болмайды, елден естідім, құрт-құмырсқа теріп жүр екен». – депті. Бұл сөз анамның жүрегіне шаншудай қадалыпты. Бәрін айтып, түсіндіргендей болдым. Сонда айтқаны: «Балам, елге келіп ең құрғанда мұғалім болсаңшы, ұяттан жерге кіріп кетердей болдық қой». 
Тағы бір келгенде шешемнің жүзі жарқырап жүргенін көрдім. Не болғанын сұрасам, кеңшардың директоры көшеде көріп тоқтап, амандасып, шешеме: «Сіздің балаңыз Жұмаділ ауданымыздан шыққан үлкен ғалым. Суреті Жаркент қаласының әкімшілік үйінің алдындағы «Құрмет» тақтасында тұр. Сондай бала тапқан сізге рахмет», – деп қуантыпты. Ол кезде мен кандидаттық диссертация қорғап, институтта доцент болып жүрген  едім. 
Ұшақтағы  колорада қоңызы
Зоология институтында «Қазақстанда қансорғыш насекомдармен күрестің биологиялық тәсілдері» атты стратегиялық ғылыми жобалардың негізгі орындаушысы болдым. Менің жұмысым арамшөптердің табиғи зиянкесін тауып, оны өзіне қарсы қолдану болды. Оның бірі – Колорадо қоңызы. Ол карантиндік нысан болғандықтан бұл ғылыми жобаны өте жауапкершілікпен орындадық. Сол кезде колорадо қоңызы Украина, Белоруссия, Молдавия жерлерінде қаптап кеткені сонша, картоп өнімінің 50 пайызына дейін жоғалтатын шаруашылықтар болған. Институт директоры  Т. Нұрмұратов мені Кишинев қаласына іссапарға жіберді. Молдавия  астанасында Өсімдік қорғау институтына барып, картоп учаскесіндегі эксперимент алаңында болдым. Колорадо қоңызының көкесін сонда көрдім. Масаша қаптап жүр. Әріптестеріммен бірге зерттеу жұмыстармен танысып, біраз мәліметтер жинап, бірнеше күннен кейін жолға шығуға жиналдым.
Менде карантин мекемесі берген колорадо қоңызын ғылыми мақсатта  транспорттауға рұқсат қағазы бар. Бірақ құжатта  қоңыздың мың данаға дейін жұмыртқасын алып жүруге ғана рұқсат делінген. Қолға ұстайтын сөмкеме колорадо қоңызының мың жұмыртқасын емес, үш мың данасын салып алдым. Қоңыз қой емес қой, санап жатпайтын шығар деп ойладым. Банкаларға алдымен картоп жапырақтарын, оның үстіне колорадо қоңызын салып, аузын үш қабат дәкемен жауып, алып шықтым. Ұшақ Алматыға дейін 6 сағат ұшады. Бір жағынан қатты қобалжу да бар. Өйткені, карантиндік ағзаны жолда алып жүру тәртібі өте қатал. Арнайы баппен қаралатынын білемін. Құдай сақтасын, деп ұшып кеттім. Есіл-дертім қоңызда. Ұшақта бір сәт көзім ілініп кеткен екен. Көзімді ашсам, алдыңғы орында отырған жолаушының екі иығында екі колорадо қоңызы отыр. Денемнен тер бұрқ ете түсті, жүрегім лүпілдеп, тоқтап қала жаздады. Ептеп екі қоңызды алып, астымдағы сөмкеге салайын десем, мәссаған, бұтымда, алдыңғы орындықта қоңыздар қаптап жүр. Бір-бірлеп ұстап, банкіге салып жатырмын. Қоңыз емес пе, дәкені тесіп, шығып кетіпті. Өзім қалтырап, қорқып отырғанда, алда отырған әйел: «Стюардесса, что за гадость!» деп айқай салғаны. Мен түк білмегенсіп, көзімді жұмып отырмын. Әуе серігі онша шу көтермей, «қазір қонамыз» деп әйелді сабырға шақырды. Бұл кезде қоңыз әр-әр жерден мен- мұндалап көрініп, зәремді алып бара жатқан. Артта отырған бір білгіш әуе серігіне қарап, «бұл колорадо қоңызы ғой, біреу әдейі таратып жүрген шығар. Милицияға хабарлаңыз. Бұл карантин жарияланған қауіпті зиянкес», – демесі бар ма? Сөйткенше болған жоқ, шу енді басталайын дегенде, ұшақ та жерге қонды-ау, әйтеуір. Мен де түк білмегенсіп, жылдам басып, далаға шығып кеттім. Міне, ғылымның тағы бір қызығы осылай тәмәм болды. 

 Өсімдік қорғау институтындағы ғылыми зерттеу жұмысымның есебі 1989 жылдың соңында тыңдалды. Алқатұқымдастар зиянкесіне айналған колорадо қоңызы зерттеліп, онымен күрестің химиялық әдісіне альтернатив биологиялық күрестің республикада алғашқы өндірістік тәжірибелері жасалды. Ал арамшөп зиянкестері бойынша республика көлемінде кездесетін насекомдар мен саңырау­құлақ кадастрі жасалды және монография жазылды. «Арамшөптермен күрестің биологиялық тәсілдері» деп аталатын бұл монография қазақ тілінде алғаш рет жарық көрген болатын. 

Болат ШАРАХЫМБАЙ,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026
Қараталда экологиялық рейд өтті

Қараталда экологиялық рейд өтті

23.07.2026
Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

Құрылтай сайлауы: қоғамдық сенімнің жаңа сынағы

23.07.2026
Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

23.07.2026
Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.