Талдықорған: +6°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЫРЫС КӨЗІ – ЫНТЫМАҚ

25 сәуір 2018
КҮЛТӨБЕ
ЫРЫС КӨЗІ – ЫНТЫМАҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Бір шеті құмға сұғынған, жағалаған жұрттың өзегін талдырмас үлкен өзені бар, өзі де сол өзеннің атымен аталған Қаратал ауданы мал баққанға таптырмас мекен. Төрт түлікке жұғымды ұйық бұл. Сөзіміздің айқын көрінісі – Бастөбе ауылының іргесінде орын тепкен «Азиз» жеке шаруашылығы. Бүгінде шаруашылықтың  өрісі төлді, малы қоңды.

Шаруашылық іргетасы 2007 жылы қаланған. Мұнда негізгі бағыт есебінде Шопаната түлігін өсіру мәселесі көзделген. Әуелде жүз бас қой алып, қора-қопсыны да тыңнан тұрғызған ұжым бүгінде қойдың басын 1200-ге дейін жеткізді. Оның 800-ден астамы туыт малы. Биылғы төлдеу науқанында да туу көрсеткіші айтарлықтай болып отыр. Мәселен, әр жүз саулыққа 110 бас қозыдан айналған.
Ұжым басшысы Азиз Байрамовтың айтуынша, мұнда қазір қойдан бөлек 200 басқа жуық жылқы, 250 бас етті бағыттағы сиыр өсіріліп отыр. Сонымен бірге бағымдағы малды асылдандыру мәселесі де жолға қойылған. Айта кетерлігі, Азиз Ыдырысұлы 2013 жылы мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасына қатысады. Нәтижесінде, 11 млн. теңгеден астам қаржыға ие болып, оған 50 бас ірі қара, 3 бас бұқа сатып алады.
Бүгінде шаруашылықта бағымдағы малды жемшөппен қамдау мәселесі де түбегейлі шешілген. Айталық, қазір  шаруашылық иелігінде 4200 гектар жайылымдық, 180 гектар егістік жер бар. Осы суармалы жерге жоңышқамен қатар арпа, бидай сынды дәнді дақылдар егіледі. Сонымен бірге, шаруашылық биыл қызылша өсіруді де қолға алмақ. Оған да мүмкіндік көп. Бүгінде шаруашылықта 15-ке жуық техника бар.
Қазір берекелі ұжымда 12 адам жұмыспен қамтылған. «Мал баққанға бітеді» демекші, шаруашылық жетекшісі ырысының тасып, шаруасының дөңгелеп кетуін өзінің сенімді бақташыларының арқасы дейді. Сол себепті олардың жалақысы көңілге қонымды. Айына оларға 80 – 100 мың теңге көлемінде еңбекақы төленіп отыр.
Қаратал ауданы

Қозыбай ҚҰРМАН,
“Жетісу”

 

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

3 қараша 2026
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.