Талдықорған: +19°C
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚЫЗЫЛ ЖОЛБАРЫСТЫ ҚЫЗЫРЛЫ БИ

27.01.2021
КҮЛТӨБЕ
ҚЫЗЫЛ ЖОЛБАРЫСТЫ ҚЫЗЫРЛЫ БИ
WhatsAppTelegramFacebook

Сарыбай мал төлдеп жатқан көктемде дүниеге келiптi. Айдос ауылында мейман болып жүрген Жалайырдың Артық батыры дүниеге жаңа келген нәрестенiң дауысын келесi үйде отырып естiп:
– Айдос қарағым, мына бала түбiнде бүкiл елiңнiң, сөзiн, қарымта кегiңнiң өзiн сұрайтын, айтқаны айдай келер, қызыл дауды қыздырмай шешетiн көмекейлi шешен би болады, – деп батасын берiптi.
Сарыбай дүниеге келген соң бiр жұмадан кейiн жер сiлкiнедi. Сарыбай ауылы басқа көршiлерiнiкiндей емес, дiн аман қалады. 
Ат жалын тартып мiнген шақта Сарыбай Теке Бөлек батырға әдейiлеп барып, бата сұрайды.
– Шаршың толсын, елiң аман болсын, қорғайтын сенi қызыл шұбар жолбарысты Қарасай бабаң болсын! – деп ақ батасын берiптi.
Ақ бата алға тартады, жаман сөз жарға тартады. Аузы дуалы осындай қасиеттi де атақты адамдардан бата алған Сарыбай ерте танылып, бүкiл елiне  сөзi өтетiн би атанады. 

Сол кезде Жетiсу өлкесiнде төрт кiсiден қазы би сайлаған. Олар – осы аймақтағы ең iрi дау-шарларды шешiп отырған беделi асқан жандар:  Сарыбай би Айдосұлы, Смайыл би, бұл Мәңкенiң әкесi, Жалайыр Балпық би, Тiленшi би.

Қарасай батырдан кейін қызылшұбар жолбарыс Төле биге, одан Сұраншы батырға, одан Сарыбай бидiң соңынан ерген деседi. Киелi Сарыбай би қол бастаған батыр, болжағаны айдай келетiн көреген  әулие, қыза-қыза келгенде екi-үш ауыз өлеңдi төгiп-төгiп жiберетiн ақын да болған. Қызыл сөздiң жебесi атақты Сүйiнбай ақынды қатты сыйлаған, қадiр тұтқан.

Сарыбай бидiң ерекше бiр көрегендiгi – Жамбылды жас кезiнен танып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай тәрбиелеп, қырандай биiкке самғатып ұшыруы. Жамбылға берген батасының өзi не тұрады:
– Ау, Жамбыл, бата сұрап келiп қапсың,
Қобыз тастап, қолыңа домбыра апсың.
Өлеңiңнiң  арасынан қыл өтпесiн,
Алдыңнан iнжу-маржан өзен ақсын.
Жамбыл-ау, Екей елi – өлең деген,
Жел сөзге әрбiр қазақ елеңдеген.
Көзiңде – от, көкiрегiңде жырың тұнық,
Түбiнде ақын шығад сенен кенен.
Екейдiң аты шыққан өлеңменен,
Iрi ақын мойны озық көрем сенен.
Сүйiнбайдың сөзiн жалғар – алтын көмбе,
Батамды түбi саған берем дегем, – деп Жамбылға ақ батасын берiп, талай шаршылы топта айтулы айтыстарға түсiрiп, қасынан тастамаған.

Сарыбай Айдосұлы – Сұраншының үзеңгiлес серiгi, аса жақсы көретiн iнiсi, қол бастаған батырларының бiрi. Оны бүкiл елiне сөзiн өткiзер көсем деп, дауға салар шешенiм деп ғұмыр бойы қасынан тастамаған. Екеуi тiзе қосып атақты Қарқараның жәрмеңкесiне келгенде, Алатаудың күнгей-терiскейiндегi қырғыз-қазақ, арғы жақтан қалмақ-қытай, ылдидан дұңған, ұйғырлар, бүкiл Жiбек жолы бойындағы саудагерлер, қалың жұрт түгел өре түрегелiп, қастерлеп, иiле сәлемдесiп, игi жақсылар қақ төрден орын ұсынады екен.

“Батыр – аңқау, ер – күдiк”. Сұраншы аңғалдығынан жаудың алдағанына сенiп, байқаусызда қолға түседi. Сонда Сайрам қаласындағы биiк қамалдың iшiнде қасындағы аз ғана сарбазымен қалып, соғысып жатқан Сұраншы Сарыбайға ақырыпты дейдi:
– Мыналар бiздi құтқармас. Елдi басқаратын сен аман бол! 

Қарасай баба аруағы сенi қорғасын, – деп биiк қамалдан Сарыбайды көтерiп алып сыртқа лақтырып жiберiптi. Сонда Сарыекем жамбасы сынғанына да қарамай, бүкiл қолын жинап қайта келгенше қоқандықтар Сұраншыны қасындағы сарбаздарымен түгел қырып тастапты.

Сұраншының өлiмiне Сарыбай қатты қиналады. Бүкiл сарбаздарымен Сайрам-Ташкенттiң қан базарына ат ойнатып, қоқандықтарды быт-шыт қылады.
Сұраншының сүйегiн елiне, Алатауға алып қайтуға қаралы көш ұйымдастырады. Сонда жол-жөнекей Қоңырат, Дулаттың атақты адамдары:
– Жолбарыс та ит қой, тегiне тартпас демейсiң. Қызылға айналып бiздiң елде қалар, қан жоса қып мал сойып тастаңдар, – деп төрт түлiк мал шалып, Сарыекеңнiң қаралы көшiн қарсы алады.

– Бiз батырымыздан айырылған қаралы көшпiз. Қонақ болып дәм татар уақытымыз жоқ. Сұраншы батырды жерге бергенше ат үстiнен түспеймiз, – деп Сарыекең ешкiмге пейiлiн бермей, бөрiлi байрағына жылқының қара құйрығын байлап, Сұраншының Ақтұяқ тұлпарының жал-құйрығын күзеп, ер-тоқымын терiс ерттеп, суыт аттанып кете берiптi. Елсiз жерге келгенде ғана аялдап, өздерiмен бiрге алып шыққан малды сойыс жасап, сонымен ғана тамақтаныпты. Тоқтамай, күн-түн демей елiне келiптi.

Күнiне намазға бес мәрте отырғанда, намаз қайырып бет сипар алдында Сұраншының атын айтқан кезде Сарыекемнiң көз жасы алты тарам болып шұбырып, орнынан еңкiлдеп тұра алмай, қара жерге бауырын төсеп, жер тоқпақтап: “Арманда кеткен арысым-ай”, – деп жылайды екен. Сонда Сұраншының Ақтұяқ тұлпары асыл туған жануар иесiн iздеп күнiне үш мәрте кiндiгiн тартып, күмбiр-күмбiр кiсiнейдi екен.

Киелi қызыл жолбарыс содан Сарыбай биге ауысыпты. Қызыл жолбарыс босағасына келiсiмен-ақ Сарыекеңнiң абырой-даңқы аспандап жүрiп берiптi. Шапыраштының бас биi болып сайланыпты. Оң жақ тiзесiнде дулығалы батырлары отырған Жетiсу елiнiң қадiрлi сөз ұстары атаныпты.

Сарыбай би қайтыс боларында Жамбылды шақырып алып, ақ батасын берiп былай деген екен:
– Айналайын, Жамбылжан, жасыңда естi тентек едiң, ел таныған ақиық ақын болдың. Маған өте жақын болдың. Жас кезiңде ел тiрлiгi бұзылмасын, жаңа ұйыған ел iрiмесiн деп Бұрым сұлуыңды алып қашып келгенiңде ғашығыңнан айырып, саған қиянат жасап едiм. Сонда да сыртқа кетпедiң. Ақ батамды саған бердiм. Тек, әттең, басыңа бақ кештеу қонады екен, – деген екен көреген әулие би.

Қызыл жолбарысты Жамбыл атамыздың даңқы төрткүл әлемге танылды, өлеңi дүниежүзiн шарлап кеттi, бүкiл елiмiздiң алып ақсақалы, ХХ ғасырдың Гомерi атанды. Жәкең арқылы дүниежүзi қазақты бiлдi.

Қасиетiңнен айналайын, қызыл жолбарысым!..

Шынында да, Сарыбай би деген кiм?  Сарыбай жөнiнде қызыл насихаттың қылышынан қаны тамып тұрған кезде жазбақ түгiлi айтуға қорықтық қой. “Бай”, “би”, “әулие” деп игi жақсыларымызды ұмыттырып, жадымыздан олардың қасиетiн бiржола өшiрiп тастағысы келмедi ме?

Сарыбай Айдосұлы 1821 жылы туған. Он бес жасынан бастап өмiрiнiң соңына дейiн ат үстiнен түспеген айтулы батыр, Шапыраштының көсемi, биi, әрi шешенi болған адам.

Нағашыбек Қапалбекұлы,
жазушы

Қатысты жаңалықтар

Қарымта ойында шешіледі

Ресми. «Жетісу» Бірінші лигада ойнайды

10.06.2026
Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.