Талдықорған: +20°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қызылшаны күтіп-баптаудың қыр-сыры

20.03.2025
КҮЛТӨБЕ
Қызылшаны күтіп-баптаудың қыр-сыры
WhatsAppTelegramFacebook

Қант қызылшасын өсіру – білімді, біліктілікті талап етеді. Қасиетті қара жерден ырысы мен несібесін көріп отырған шаруалар шаш етектен. Олардың еңбегі ақталып, қамбалары астыққа толуы үшін маман кеңесі ауадай қажет.

Қант қызылшасының негізгі талабы – құнарлы топырақ. Өнім мол шығуы үшін бүкіл вегетациялық кезеңде күн энергиясымен, ылғалмен және минералды қоректік заттармен жеткілікті қамтамасыз етілуі керек. Агротехниканың барлық элементі мен талаптарын орындау өсімдіктердің сорттық әлеуетін арттырады және өнімнің тиісті сапасы мен жоғары өнімділікті қалыптастыру үшін табиғи-климаттық факторларды барынша толық пайдалануын қамтамасыз еткен жөн. Басқа дақылдармен салыстырғанда қант қызылшасы өсу мен дамудың қолайлы жағдайларын жасауды талап етеді. Егер осы аталған шарттың бәрі орындалса  гектарынан 700-800 центнерге дейін өнім алуға болады. Ал олардың қант мөлшері шамамен 18-21% жоғары көрсетеді. Мұндай түсім үшін вегетациялық кезең кемінде Қазақстанның оңтүстік-шығысы150-160 күннен, оңтүстігінде 180-190 күнге дейін болуы тиіс.

Арамшөптер – мәдени дақылдардың ең мықты да күшті бәсекелестері. Олар қант қызылшасына қарағанда коректік заттарды жақсы сіңіреді. Мысалы, азотты сіңіру және күшті өсу қабілеті бойынша «азот қасқыры» деп аталатын  алабота арамшөбінің  толық дамуы мен қалыптасуы үшін 1 жыл керек. Салыстырмалы түрде алғанда қызылшаға 2 жыл қажет. Көктемнің соңына дейін әртүрлі арамшөп орта есеппен әр гектардан 52 кг. азот, 29 кг. фосфор, 98 кг. калий шығарып әкетеді екен. Ал 10 тонна қызылша түбірлерін қалыптастыру үшін бізге шамамен 50 кг. азот қажет болады. Яғни бұл жағдайда қызылша шығымдылығының әлеуетін толығымен іске асыру мүмкін емес. Арамшөптер өнімділікті біршама төмендетеді. Сондықтан сапалы өнім алу үшін арамшөптермен тұрақты түрде күрес жүргізген жөн. 

Топырақ гербицидтерінің кемшілігі де жоқ емес. Олар ылғалды көп қажет етеді. Сонымен қатар, топырақта қарашірік неғұрлым көп болса, гербицидтерді беру мөлшері де соғұрлым жоғарылайды және шығын артады. Егер қызылша егу сәуірдің бірінші онкүндігінде жүргізілсе 15 сәуірге дейін қолданылған топырақ гербициді 15 мамырға дейін тиімділігін азайтады. Дәл осы сәтте арамшөптердің өркендері қарқынды түрде пайда бола бастайды. Топырақ гербицидтерінің айқын артықшылықтарын жоққа шығаруға болмайды. Жауын-шашын көп болған жағдайда  агрегаттардың алқапқа кіруі тежеліп, қызылша өркендерін өңдеу мүмкін болмаған жағдайда арамшөптердің пайда болуы  жылдамдайды.

Ярутка, қыша, қодірең рапс, алабота жапырақтарының алғашқы жұбы жер бетіне шыққан кезде «Бицепс гарантпен» өңдеу ұсынылады. Маман бірден Бицепс гарант +15 0 С температурада жақсы жұмыс істейтінін алға тартып, уақытында өңделмеген болса, арамшөптер дамудың сезімтал кезеңінен өтіп кетеді. Кейінірек гербицидті енгізудің мағынасы бар ма? Әрине, жоқ. Өйткені арамшөптер жойылмайды және ақша желге ұшады. Бұл жерде температура факторы ескерілмегенін білген жөн. Кез келген препараттардың тұтыну мөлшерін ұсыныста көрсетілгеннен ешқашан арттыруға я кемітуге болмайды. Сонымен қатар, осы жағдайда Бицепс гаранттың Пилотпен қоспасын қолдану мүмкіндігін де айта кеткеніміз жөн. Онда гербицидтердің жалпы әсері арамшөптердің өркендерін толық жоюды қамтамасыз етеді. Жалпы, қандай жұмыс болса да өз уақытымен атқарылғаны жақсы. Мәселен, мамандар сізге өңдеуді кешіктірмеу керектігін ескертеді.Тіпті, кейде күн емес, бірнеше сағаттың ішінде оны жүзеге асыруға тура келеді. Ашық, жайлы күн, егістік алқапта биіктігі шамамен 2 см. болатындай қызылшаның тұқым жапырақ өркендері көрінеді. Топырақ бетінде кей арамшөптер әр жерде сирек көзге ұшырасатындықтан көпшілік арамшөптің көптеп шыққанын күтеді. Араға 2-3 күн салып күтсек те жағдай кереметтей өзгеріс бермейді. Ал бір апта өткенде бізге дабыл қағуға тура келеді.  Себебі, бүкіл алқап жасыл кілемге оранады. Гербицидпен өңделгеннен кейін кейбір арамшөптер кетеді, бірақ көбісі аман қалады. Осыдан бір ғана қорытынды жасауға болады, қызылша өркені тұқым жапырақ фазасындағы кезінде  арамшөптер де осы фазада болады. Олар көзге көрінбеуі  мүмкін, бірақ дәл осы кезде соларға қарсы жұмыс істеу керек.

Бұл жағдайда қызылшаны ауыртып алмас үшін Бицепс гарантты бөлшек түрде қолданған  дұрыс. Мысалы, щирица түрлерімен, горецпен, алаботамен  қатты ластанған кезде арамшөптер егістікте 2 жұп нақты жапырақтардың фазасында Бицепс гарант (1 л.) + карибу (30 г/га.) препаратының қоспасымен өңделеді. Қоспаның тиімділігі 81,3-92,3%-ға жетеді. Ал арамшөп өркендері тұқым жапырақ фазасындағы кезде  99,5 -100%  тиімділікке қол жеткізе аласыз. Арамшөптер жапырақтардың алғашқы жұбын құрайтын мезгілін 4-5 күнге созғаннан біз препараттардың тиімділігінің 8-10% жоғалтамыз. Яғни, дақылдарды қорғауға бірдей шығындалғанымызбен  уақыттың текке жоғалуына байланысты қайтарылым тиімділігі әртүрлі болады. Сондықтан да арамшөптердің әр толқынын дәл сезімтал кезеңінде өңдеу керек екенін есте ұстаған жөн.

Шаруалар мынадай маңызды факторға назар аударса деймін. Алабота, горец және ширица арамшөптердің жапырақтарында балауыздың жинақталу динамикасы қалай болатынына ғылыми түрде зер салу қажет. Өркендер тұқым жапырақ фазасында өсімдіктерде балауыз болмайды. Олардың мөлшері 0,2 г/м.2-ден аз. Ал сегіз нақты жапырақ фазасында олар қазірдің өзінде 0,6 г/м.2 және одан жоғары болады. Бірақ балауыздар бұл өсімдіктерді қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен, соның ішінде гербицидтерден қорғайтын заттар. Мысалы, бір егістік алқабында аптап ыстық болды және жел соқты, ал екіншісінде жаңбыр жауды. Екі егістік алқапта да гербицидпен өңдеу бірдей мөлшерде жүргізілді. Алайда нәтижелері мүлдем басқаша шығады. Жаңбыр жауған алқапта барлық арамшөптер жойылды, бірақ қызылша да ішінара «ауырып» қалды. Екінші алқапта қызылша зардап шеккен жоқ, арамшөптер де ішінара аман. Яғни, жаңбыр жауып, балауыздар ісінген кезде, гербицидтегі белсенді заттар жақсырақ еніп, арамшөптердің өсуін тежегенімен қызылша өсімдігі де ішінара «стреске» ұшырады. Сондықтан шаруалар дәл осы уақытта препараттың рұқсат етілген қолдану мөлшерін шамамен 10%-ға азайтуы қажет. Құрғақшылық жағдайында қолданылған мөлшер жеткіліксіз болды. Өйткені балауыздар көптеп жиналып, өсімдіктер гербицидтерден біршама қорғалады. Бұл жағдайда препаратты қолдану мөлшерін 20%-ға арттырған жөн. Бұл мысал ауа райы факторы қолдану  мөлшеріне әсер ететіндігін көрсетіп отыр.

Күндіз ауа райы шамамен +320С болса, гербицидтермен жұмыс істеу мүмкін емес. Мұндай кезде өңдеу жұмысын таңға қалдыруға тура келеді. Күндіз ыстық қайтадан басталады. Ал өңдеуден кейін алқапқа келгенде қызылшаның күйгенін көреміз. Қант қызылшасы неге күйді? Себебі 24 0С жоғары температурада жұмыс істелмеді. Мәселе мынада, қызылша өсімдіктері бүркуден кейінгі алғашқы 6 сағат ішінде препараттарға өте сезімтал болып келеді. Сондықтан біз өңдеуді ыстық ауа райы 6 сағаттан ерте болмайтындай кезде аяқтауымыз керек еді. Қысқасы, гербицидтермен жұмыс жүргізгенде міндетті түрде ауа райымен санасқан жөн. 

Қант қызылшасын өсіруде тағы бір қауіп бар. Мысалы, шаруа 3-4 компонентті резервуар қоспасын (бицепс гарант, карибу және миура) енгізуді жоспарлап отырса, оның әрқайсысы өздігінен қолдануға арналғанын назарға алуы керек. Олардың әрқайсысында бірқатар қажетті көмекші заттар бар. Атап айтқанда адъюванттар. Жалғыз препаратты ерітіндіде қолданғанда олардың концентрациясы қолайлы қалыпта болады. Бірақ үш гербицидті бір резервуарға араластыра отырып,  ерітіндідегі белсенді заттардың концентрациясын үш есе арттырамыз. Ыстықта бұл қызылша жапырақтарының күйіп кетуіне әкеледі. Мұны ғылыми тілмен «күндізгі депрессия» құбылысы деп атауға болады. Тиісінше, ыстық ауа райында, тіпті, түнде жұмыс істегеннің өзінде, екіден көп емес препараттар бар қоспаларды қолдану керек. Уақыт кетсе де, алдымен екі препараттың қоспасын қолданған жөн. Арада 3 күн өткенде үшінші препаратты, мысалы миураны жеке шашқан дұрыс. Ия, бұл қосымша жұмыс көлемі, бұл тағы қосымша шығын. Бір өкініштісі, шаруаның басым көпшілігі әрқашан осы  олқылықтың салдарынан өнімнің 6 тоннасын  жоғалтып жатады. Ендеше «Не қымбат?» деген сауал тастап, жауабын түсініп алуға тырысыңыз. 

Жұмыс ерітіндісінде Лонтрел – 300, Хакер гербицидін қолдану әдістерімен қарастырсақ. Оларды қант қызылшасы өркендері екі жұп нағыз жапырақ алғанға дейін қолдануға болмайды. Оны дамыған тұқым жапырақтар фазасында да өңдеуге болады, бірақ мөлшері белгіленген норманың 1/3 бөлігінен аспауға тиіс. Лонтрел – 300, Хакер жұмыс сұйықтығының үлкен көлемін қажет етеді. Шамамен 300 л/га., және әдетте 200 л/га. қолданылады. Бірақ егер Лонтрел – 300 қолдану мөлшері бөлшек болса, онда ешқандай қайшылық болмайды.

Егер егістік алқап маусымның ортасына дейін арамшөптерден таза сақталса, вегетацияның екінші жартысында алқаптарда АРАМШӨПТЕРМЕН КҮРЕСУДІҢ келесі кезеңі агротехникалық шаралар өткізіледі. Осы кезеңде арамшөптердің құмай, алабота, горец, ширица  деген түрлері өседі. Олар егін түсімін шамамен 40%-ға дейін қысқарта алады. Бірақ бұл егіншіліктің жоғары мәдениетін сақтау арқылы тежелетінін ұмытпағанымыз жөн. Егістік алқап тегістелуі керек. Өркендер біркелкі, ал жиын-терінге дейін тұрақты өсімдіктер жиілігі оңтайлы қалыпта болуы шарт. «Оңтайлы» сөзі нені білдіреді? Егер сіз гектарынан 800 центнерден өнім жинағыңыз келсе, 1 гектарда 110-120 мың өсімдік болуы керек. Егер әр гектарда 110-120 мың өсімдік болған жағдайда арамшөптер өніп шықса да олардың дақылды басып озу мүмкіндігі шектеледі. Қолайлы тығыздықтағы қызылша жапырақтарының мұндай «жасыл кілемі» сізге жұмыс істейді. Дәл осы жерде басы артық шығындар қажет емес. Сондықтан өркендерді сақтау керек. Олар өсу дәуірінің бірінші жартысында сапалы қорғалғаны дұрыс. Дақылдар қатарының арамшөптерден таза түрде жабылуын қадағалау керек. Өсу дәуірінің екінші жартысында қызылша өсімдіктері  арамшөптерді өзі бақылайды. Әрбір шаруа маман ретінде жоғарыда тілге тиек еткен негізгі шарттарды нақты сақтаған кезде ғана сапалы, мол өнімге қол жеткізуге мүмкіндік алады. 

Керімтай ҚОНЫСБЕКОВ
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері,
ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Фото: uteka.ru

Қатысты жаңалықтар

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026
Жол жұмыстары жандануда

Жол жұмыстары жандануда

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.