Талдықорған: +18°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЗАМАНДАСЫМ, СЫРЛАСЫМ

13.11.2019
КҮЛТӨБЕ
ЗАМАНДАСЫМ, СЫРЛАСЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Қалада «Жетісу» газетін бала күнінен оқитын қарт кісілер де бар. Оларды газетіміздің замандасы, құрдасы деп те атаймыз. Солардың бірі – ерекше кейіпкер Төрехан Фазылжанов атамыз.


Қыс, жаз демей жылдың төрт мезгілінде де жүгіріп желмен жарысып жүрген Төрехан атаны  қапшағайлықтар жақсы таниды. Әйтеуір көрген адамға ерекше мотивация беретін ағамызды сексеннің сеңгірінде десек, көбісі сенбей жатады.  Басында бейсболка, аяғында кроссовка, үстінде жып-жинақы спорт киімі жарасқан арықша келген, орта бойлы, қимылы ширақ қарияны, әрине, қарттыққа қимайсыз. Бір қарағанда, ермегі ерек жан екен деп қуанып қаласыз, бірақ бұл жүгірістің артында толағай еңбек, жемісті жеңістер жатқанын білген соң бүгінгі заманның нағыз салауатты ері деп мойындайсыз, қошеметпен қол соғасыз.
Медальдардың ұзын ырғасы елуден асады. Ол кісінің марафон жарысына қатысып жүргеніне жиырма жылдай уақыт өтіпті. Бір қызығы, Төрехан ата бұл жарысқа зейнеткерлікке шыққан соң ғана бел шешіп кіріскен. 2004 жылдан бастап Астана қаласында өткен ардагерлер арасындағы республика чемпионатында 10 000 және 5000 метр қашықтыққа, 2008 жылы Қарағанды қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 3000 метр қашықтыққа жүгіріп, бірінші орынды иеленген. Бәрін қосқанда 7  алтын медальды қанжығасына байлапты. Бұл жеңісті күндердің бір парасы ғана.

 –  Менің бұл жарыстарға қатысуыма себепкер болған жағдайды түсіндіре кетейін. Бір күні теледидардан Сиротин деген қарттың марафондарға қатысып, жеңіске жетуі жайлы жаңалық айтылып жатты. Құлақ салып тыңдасам, әлгі Сиротин қатты ауырып, дертіне шипа қонбай, ауруханадан шығарылыпты. Үйінде ем алып, спортпен айналысып, жүгіре бастаған екен. Көп ұзамай дертінен айығыпты. Міне, ғажайыпты қараңыз! Тура сол уақыттарда мен де ауырып жүргенмін. Өкпе қабынуымен ауруханада ұзақ емделдім. Әл-қуатым дәрі-дәрмектен әлсіреп, шөгіп бара жаттым. Осы оқиға жігерлендіре түсті, мен де жүгіре бастадым. Алғаш рет 2003 жылы Алматы қаласындағы Райымбек батырға арналған «Баспалдақ – 2030» атты 60-70 жас шамасындағы ерлер арасындағы жарысқа қатысуға бел байлап, тауға жүгіріп дайындалдым. Медеудегі баспалдақтармен көтеріліп, түсіп жаттыға бастадым. Тынбай жаттыққан еңбегімнің арқасында алғаш рет 64 жасымда жеңімпаз атандым. Жаңа өзіміз сөз еткен Сиротинмен кейіннен жарыстарда кездесіп, артынша дос болып кеттік. Жіпке тізіп қайтейін, жанымды, тәнімді қинап жүрген ауруларым желге ұшты. Өзімді жеңіл сезініп, жаттығуға шындап кірістім. Бірте-бірте делебем қозып, кезекті марафон жарыстарын елеңдеп күтіп жүретін болдым. Өз мүмкіншілігімді тиянақтап, жылдамдығымды анықтадым. Марафон жарыстарынан олжалы болған сәттерім өте көп. Шетелдерге шығуға қаржы қолбайлау болып талай қалып қойдым. Индия, Жапония мен Ресей жеріндегі марафондарға шақырту алғаныммен барғызбасым барғызбады. Ал ел арасындағы жарыстарға қатысуыма тілекші болып, жол пұлымды дайындап шығарып салып  жүрген жалғыз демеушім – кемпірім, – деп жарына жылы күлімсіреп қойды.  

Төрехан аға Ақсу ауданы, Сағабүйен ауылының тумасы. Жас күнінен тау-тасқа өрмелеп, шашасына шаң жұқтырмаған жүйрік ат мініп өсіпті. Спорт техникумында оқып жүргенде Талдықорған қаласында күрестен құрама команда сапында жаттыққан екен. Республикадан бақ сынап белдесіп, жүлдегер де атанған. Мамандығы мал дәрігері болған соң Қызылағаш ауылында жылқы зауытында жұмыс істеген.

–  «Жетісу» газеті – бала күнгі сырласым, бүгінде досыма айналып кетті десем де болады. Газет оқымай таңғы ас ішпейтінбіз. Кешке жақын көрпеге жантая кеткенде де газетке шұқшиып отыратынбыз. Бұл менің ғана емес, үйдегілердің барлығының әдеті еді. Көзі ашық, көкірегің ояу жүргені жақсы ғой. Сондықтан да бұл газет маған ыстық, – дейді Төрехан ата. Оның үстіне жары Күләш Қанапиянова 33 жыл ұстаздық қызмет еткен білікті педагог, Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі. Осы газет арқылы елдің жағдайын ұғып біліп отырамыз дейді. 

Жол жиегінде жүгірген қарияны көрген кез келген жан өмірге іңкәрлігін оятып, тәніне мол қуат алады. Ал «Жетісудай» байырғы газеттің бүгінгі кейіпкері Төрехандай марафоншы атамыз болса, неге қуанбасқа? Жастарға үлгі болар үлкеннің өнегесі деген осы.  

Мақпал МЫСА

Қатысты жаңалықтар

Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.