Талдықорған: +23°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

22.02.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

    Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVIІ сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ пен орынбасарлары, облыстық деңгейдегі басқармалар мен департамент басшылары, аудан, қала әкімдері, мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


    Күн тәртібінде облыстық мәслихаттың өткен жылғы 15 желтоқсандағы «Облыстың 2018–2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» № 26-128 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, облыстық мәслихаттың өткен жылғы 26 қазандағы № 24-122 шешімімен бекітілген облыстың 2016–2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы және жергілікті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды. 
    Алдымен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов хабарлама жасады. Жомарт Амангелдіұлының айтуынша, биылғы облыс бюджеті 382 млрд. теңге көлемінде бекітілді. Бюджетке енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бойынша бөлінген қаражаттың басым бөлігі білім, денсаулық және әлеуметтік салаларға бағытталған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жол, құрылысқа қарастырылған қаржы көлемі де аз емес. Сонымен бірге мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік пен отын-энергетика кешені, жер қойнауын пайдалану, ауыл, орман, су шаруашылығы, жер қатынастары, көлік және коммуникация сияқты басқа да салалар бар. Ең бастысы, бұл ақша мақсатты түрде игерілуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мақсатты істерге қол жеткізуге бағытталып отыр. 
    Облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқовтың мәліметіне қарағанда, жоғарыда аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген. Онда өткен жылға 233 млрд. теңгеге 171 іс-шараны жүзеге асыру, 25 мақсат пен 133 мақсатты индикаторға қол жеткізу көзделіп, 11 мақсат пен 68 мақсатты индикаторға толық қол жеткізілген. Басқалары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Облысты дамыту бағдарламасын барлық бағыт бойынша жүзеге асыру өткен жылдың қорытындысына сәйкес экономика өсімін қамтамасыз етуге, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдардың жағдайын түзетуге және халықтың тұрмысын жақсартуға ықпал етіпті. 
    Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде облыста 41 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, соның 12-сінде 8,7 млрд. теңгеге келісімшарт жасалған. Басым бөлігі білім және медицина саласына қатысты. Іске асыруға жергілікті билік барынша қолдау көрсетіп жатыр. Қалған жоба бойынша жоспарлаудан келісімшарт жасасуға дейінгі қадамдық жоспар әзірленген. Жалпы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану, кеңейту бюджет ауыртпалығын айтарлықтай төмендетіп, кәсіпкерлікті дамытуға үлкен әлеует бермек. 
     Бұдан соң Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев облыста көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен кадрлық сапа жөнінде сөз сөйледі. Онда мәлім болғандай, жалпы мемлекеттік қызметтерде жаңашылдықтар көп. Соның бірі 2019–2020 жылдары енгізілетін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, бұл ретте төрт мекемеде қазір пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бұған қоса, ауылдық әкімдіктерге қажет мамандарды «Дипломмен ауылға» бағдарламасы негізінде жіберу жобасы әзірленіп жатқан көрінеді. 
     Сессия соңында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың және облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жеке құрамы бекітіліп, депутаттар күн тәртібіндегі ұсыныстарды бірауыздан қолдады.
      Жиынды қорытындылаған Амандық Ғаббасұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға қолдау білдіргендері үшін депутаттарға алғысын білдірді. Сонымен қатар өңір басшысы Елбасы тапсырмасы негізінде биыл облыс алдында жұмысқа орналастыру арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын мейлінше азайтуға күш салу керектігін алға тарта отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетуге көңіл бөлу керектігін айтты. Сондай-ақ, сүт өндірісін дамыту, ет өңдейтін кәсіпорындар құру, облыстық және ауылішілік жолдарды жөндеу сияқты көптеген мәселеге көңіл аударып, осы бағытта жұмыс жүргізу керектігін еске салып өтті.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА. 

Қатысты жаңалықтар

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.