«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мұрат Әубәкіров, партияның сенімді өкілі Құрманжан Ахметқалиев Панфилов ауданындағы «Алтын» сауда үйінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Істің бағасын беру үшін оның қалай аяқталарына емес, қалай басталғанына назар аудару керек» демекші, үміткерлер сауда үйіне келушілер мен сонда нәпақасын тауып жүрген кісілерге партияның осы уақытқа дейін жүріп өткен жолын баяндады.
Әрине, кешегі күн тарих болғанымен тарихтың маңызын ондағы нақ шешімдер мен сүбелі қарекеттер айшықтайды. Мәселен, «Nur Otan» партиясы, ел айқындағандай, халықтық партия. Одан бөлек, «Нақты істердің партиясы» деген атауы да бар.
Бұл атаулар тегін берілген жоқ. Әр істің басы-қасында жүріп, бастамашы болғандықтан айқындалған атау. Мәселен, партия қай кезде де халыққа болысып келеді. Өйткені, партия ұлық көретін жайт – елдің егемендігі мен ел келешегі һәм мемлекеттің дамуы. Бұл жолда «нұротандықтар» аянып жатқан жоқ. Қос үміткер соның дәлеліндей сауда үйіндегілерді алда атқарар шаруаларымен таныстырды.
– Қоғам «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Нақты істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен танымал. Біз және партияластарымыз жарқын болашақтың негізін қалаймыз. «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауызсумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасына негіз етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар ауқымды жоспарларын кіргізді, – деді Мұрат Әубәкіров.
Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, алдағы жылы 69,9 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Оның үштен бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Сондай-ақ, мал шаруашылығын, өсімдік шар- уашылығын ілгерілету де партия назарынан тыс қалмайды. Мәселен, қосымша 5,7 мың гектар суармалы жерді іске қосып, 67 мың гектар суармалы жер қалпына келтірілмек. Суармалы егіншіліктің де жылдан-жылға өз қиыншылығы туындап келе жатқаны байқалуда. Осы ретте 163,1 мың гектар жерге ылғал үнемдеу технологиясын қолдану көзделсе, тамшылатып суару әдісі арқылы егін егу көлемін 13,8 мың гектарға жеткізу сайлауалды бағдарлама арқылы жүзеге аспақ. Партияның сенімді өкілдері мұны да нығырлап айтты.
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз
қызметі
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы





