Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАҢАНЫ ҚАЙТА ЖАҢАЛАУДАН БАСҚА ЖҰМЫС ЖОҚ ПА?

21.06.2022
КҮЛТӨБЕ
ЖАҢАНЫ ҚАЙТА ЖАҢАЛАУДАН БАСҚА ЖҰМЫС ЖОҚ ПА?
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған тұрғандарын жол сапасы, ауланы абаттандыру, балалардың ойын алаңдары жайлы мәселелер қатты алаңдатады. Әсіресе, жаңадан салынған шағын ауданда тұратын жандардың айтар арыз-шағымы жетерлік.

Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шын мәнінде іске асып, талап-тілектерін жергілікті атқарушы органдар ескеріп, тиісті шара қабылдаса екен дейді.

Айталық, «Бірлік» шағынауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің барлығы дерлік пайдалануға беріліп қойды. Алайда, көлік тұрмақ, жаяу адамның өзі ауладан көшеге шығуы мұңға айналған. Неге десеңіз, аталмыш шағынауданда орналасқан Ж.Балапанов көшесіне тас төселіп, біраз жылдан бері сол қалпы тұр. Тым болмағанда жол жиегіндегі шұңқырлар да жабылмай, ашық күйінде жатыр.

– Көріп тұрғандарыңыздай, жолдан шаң шығады. Таза ауамен тыныстамақ түгіл, терезе ашып, үйдің ішін желдете алмаймыз. Күні бойы жеңіл көліктен бөлек, жүк көліктері ары-бері өтіп, шаңдатады. Терезе ашудан қалдық. Аулаға кіретін жол тіпті сорақы. Су құбырын тарту үшін қазылған шұңқыр қоршалмаған, балаларымыз құлап кетсе, кім жауап береді? Құбырдан тамған суды тоқтатпаса, жаны опырылып түседі. Әрең дегенде шетіндегі топырақты ары итертіп, жол ашқыздым, – деген сол шағынауданның тұрғыны Болат Нужанов, есік алдында балалардың ойын алаңы тұрмақ, көлік қоятын тұрақ салынбағанын айтты.

Шындығында ауладағы балалардың ойын алаңдары «Бірлік» шағынауданында ғана емес, «Болашақ», «Көктем» шағынаудандарында да жоқтың қасы. Ата-аналардың көбі балаларын көрші орналасқан «Самал» шағынауданына апаруға мәжбүр. Ал, балаларды өздігінен жіберуге қорқады.

Жоғарыда сөз еткен Ж. Балапанов көшесіндегі бордюр жақында ғана ауыстырылды. Ендігі кезекте асфальтты қырып, оны да жаңалап жатыр. Бұл туралы журналист, Жетісу облыстық мәслихат депутаты Самал Қабышева:

– Мұнда жаңа асфальт жатқан болатын. Бірақ біздегі шенеуніктер сол жолды қырғызып тастап, жаңа жолды қайтадан жаңаламақ. Тура осы жолдағы бордюрлерді де ауыстырды, әлі де ауыстырып жатыр. Жаңаны қайтадан жаңалауда алдарына жан салмайды. Сол дұрыс па? Ақша текке жұмсалуда. Жетісу облысына әкім болып тағайындалған Бейбіт Өксікбайұлы мұндай жағдайларға алдағы уақытта жол бермейді деп ойлаймын. Шын мәнінде, Талдықорғанда әлі жөндеуді қажет ететін, шұрық тесікке толы қаншама жол бар, – деп мұның барлығы текке ақша шығындау екенін жеткізді.

Жолдың сапасына көз жеткізу үшін облыс орталығын аралап шықтық. Нәтижесінде, жөндеуді қажет ететін біраз көшені кезіктірдік. Мысалы, Н.Алдабергенов, Желтоқсан, Сланов, Набережная көшелерінде шұңқыр бар. Сонымен қатар, «Қаратал» шағынауданын басып өтетін Набережная көшесіндегі бордюрлердің ауыстырылуын тұрғындар қолдамайды. Оның үстіне құрылыс жұмыстары әлі де аяқталмаған.

Аралау барысында кейбір көшелердегі люктердің отырып кеткенін байқадық. Тіпті, негізгі көшелердің бірі саналатын Ілияс Жансүгіров көшесіндегі люк көліктерге кедергі келтіруде. Осыдан екі күн бұрын ғана Абай мен Ілияс Жансүгіров көшесінің қиылысында люк ашық қалып, нәтижесінде екі көлік соқтығып, адам жарақаттанды. Ал «Шығыс» шағынауданында арықтардың бетін жауып тұрған люктер ұрланған. Жүргізушілер күндіз байқар, ал, түнде тесікке түсіп кетуі мүмкін. Осындай олқылықтарды жылдам ретке келтірмесе, зардабын қарапайым халық тартады. 

«Самал» шағынауданында орналасқан 25, 26, 27, 28, 29, 30 тұрғын үйлерге кіретін негізгі көшенің сапасы сын көтермейді. Талай жылдан бері бұзылып жатыр. Оның үстіне тек бір ғана көлік сиятындай етіп жасалған. Сондағы бұрылыста ашық жатқан люктің беті көліктің дөңгелегі түскеннен кейін ғана қайта бітелді. Көше бойындағы бордюрдің әбден тозығы жеткен. Ауыстыруды қажет етеді. «Жол жыры» мәселесі қала ішінде ғана емес, қала маңындағы саяжайларда да өте өзекті. Мысалы, «Қызыл тас» саяжайындағы көшелерде жаңбыр жауса, балшыққа батып, жүру мүмкін болмай қалады. Жол мәселесі «Көктал», «Солтүстік-Батыс», «Ынтымақ», «Жастар 2» шағынаудандарындағы тұрғындарды да мазалап келеді.

Қорыта келе айтарымыз, аталған жайттарға тиісті мемлекеттік мекемелер мән беріп, мәселені шешу жолдарын ұсынса…

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026
Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026
Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.