1. Электрмен жабдықтау тораптарына қосылуға техникалық шарттарды алу («Алатау жарық компаниясы» АҚ, 5 жұмыс күні). 2018 жылдан бастап «Алатау жарық компаниясы» АҚ-да қызмет көрсету толығымен электрондық-цифрлық түрге ауыстырылды және www.azhk.kz интернет-порталы арқылы қашықтан қызмет көрсетілуі мүмкін.
2. Электрмен жабдықтау жобасын уәкілетті органда (сәулет және қала құрылысы саласында) әзірлеу және келісу (Бөгде жобалау ұйымдары).
3. Электрмен жабдықтау тораптарына сыртқы қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу (Бөгде құрылыс-монтаждау ұйымдары).
4. Сыртқы қосылымды және орындалған жұмыстардың сәйкестігін қарау, кернеуді беру, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау («Алатау жарық компаниясы» АҚ) Құрылыс-монтаждау ұйымының немесе тұтынушының хабарламасы бойынша жүргізіледі. «Алатау жарық компаниясы» АҚ-да 2020 жылдан бастап техникалық шарттарды орындау және кернеуді беруге дайындық туралы хабарлама онлайн-режимде www.azhk.kz. интернет-порталы арқылы жүзеге асырылады.
4.1 «Алатау жарық компаниясы» АҚ қызметкерлері (тұтынушы өкілдерінің қатысуынсыз) электрмен жабдықтаудың жария шартын жасау үшін тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға құжаттарды жібереді.





