Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жаңа Конституция – Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз мемлекет болуға бетбұрыс

18 ақпан 2026
КҮЛТӨБЕ, САЯСАТ
Жаңа Конституция – Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз мемлекет болуға бетбұрыс
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің басты құндылығы – адам. Оның құқықтары мен бостандықтары Конституциялық деңгейде нақты әрі айқын қорғалады. Әсіресе, білім алу құқығы – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде бекітіледі. Бұл – ұстаздар мәртебесін арттыруға, білім беру сапасын көтеруге, инфрақұрылымды дамытуға нақты құқықтық негіз. Осындай сарындағы әңгімені «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Қуаныш Сайлаубай, Гүлсина Тұлымшақова, Айбол Қасеновтер «Темірбетон» серіктестігінің ұжымымен кездесуде сөз етті.

Жалпыұлттық коалицияның міндеті – жаңа мәтіндегі Конституция турасында түсіндіру болса, спикерлер сол үдеден шықты. Себебі, олар, аталмыш құжат – еліміздің ертеңін айқындайтын, жастарымыздың сапалы білім алуына кепіл болатын стратегиялық шешім екенін жеткізді. Шараға қатысушы түсіндірме топ қатысушыларға Конституциядағы жаңартулардың маңыздылығы қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізді. Құқықтық реформалардың ел дамуына, әділ сот төрелігіне, азаматтардың қорғалуына әсері туралы нақты мысалдар келтірді.

– Жаңа Конституция жобасы – мемлекеттің құқықтық және саяси жүйесін заман талабына сай жетілдіруге бағытталған ауқымды құжат. Ол билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін нақтылауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуді және мемлекеттік басқару құрылымын тиімді етуді көздейді. Конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын институционалдық тұрғыдан бекіту, – деді Гүлсина Тұлымшақова.

Өз кезегінде Қуаныш Сайлаубай жаңа жобада әлеуметтік кепілдіктердің күшейтілуі, еңбек құқықтарының қорғалуы және әділетті қоғам құру қағидаттары айқын көрініс тапқанын атап өтті. Ал, Айбол Қасенов жобаның негізгі бағыттары мен жаңашыл реформаларын таныстырып, цифрлық технологияларды қолдану, сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды. Жиын соңында спикерлер ұжым мүшелерін тағдыршешті сәтте ел болашағына дұрыс таңдау жасауға шақырды.

 

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

Бүгін, 16:00
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Бүгін, 15:56
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Бүгін, 15:20
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

Бүгін, 14:30
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.