Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жаңарған шаһардың жарқын келбеті

06.08.2026
КҮЛТӨБЕ
Жаңарған шаһардың жарқын келбеті

Суретті түсірген Дмитрий ЕРОФЕЕВ

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өңірлерді дамыту мәселесіне арналған жиындарда халықтың әл-ауқаты ең алдымен сапалы инфрақұрылымнан басталатынын бірнеше мәрте атап өткен болатын. Бұл міндет Жетісу облысында нақты жобалар арқылы жүзеге асуда. Осы жұмыстың барлығы облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВТЫҢ тұрақты бақылауында. Аймақ басшысы Талдықорғанды аралау барысында әлеуметтік және коммуналдық маңызы бар бірнеше нысанды көріп, құрылыс қарқыны мен сапасын бағалап, жауапты мердігерлерге нақты тапсырмалар берді.

Инклюзивті қоғам – қолжетімді ортадан

Жұмыс сапарының алғашқы нысаны – ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ құрылысы болды. Бұл – облыстағы баламасы жоқ әлеуметтік жоба. Жоба «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылуда. Жалпы аумағы 2641 шаршы метрді құрайтын кешен халықаралық стандарттарға сәйкес салынуда. Мұнда әмбебап спорт залы, күрес, волейбол, баскетбол және шағын футбол залдары, садақ ату алаңы, медициналық блок, оңалту бөлмелері мен қосымша қызметтік орындар қарастырылған. Сондай-ақ кешен аумағында стадион, жүгіру жолы және ашық аспан астындағы садақ ату алаңы салынады. Барлық инфрақұрылым ерекше қажеттілігі бар азаматтардың кедергісіз жүріп-тұруына толық бейімделмек.

Құрылыс барысы туралы облыс әкіміне мердігер «Таразстрой» ЖШС-нің учаске басшысы Асхат Әбдібаев баяндады.

– Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталды. Қазіргі уақытта жобаның шамамен 25 пайызы орындалды. Монолиттік жұмыстар толық аяқталып, ғимарат қабырғаларын қалау кезеңіне көштік. Алдағы уақытта инженерлік желілерді тарту, электрмен жабдықтау, сантехникалық және ішкі әрлеу жұмыстары басталады. Нысанда 35 жұмысшы мен арнайы техника жұмылдырылған. Жоспар бойынша кешенді желтоқсан айында пайдалануға береміз, – деді ол.

Құрылыс алаңын аралаған Бейбіт Исабаев мердігерге жұмыстың сапасы мен белгіленген мерзімінің қатаң сақталуын тапсырды. Әсіресе қолжетімді орта талаптарының толық орындалуына ерекше назар аударды.

Инклюзивті спорт кешені – кезекті спорт нысаны ғана емес, қоғамдағы әрбір азаматқа тең мүмкіндік беруге бағытталған маңызды әлеуметтік жоба. Мұндай кешендердің салынуы облыстағы әлеуметтік саясаттың жаңа деңгейге көтерілгенін аңғартады. Өйткені өркениетті қоғамның басты өлшемдерінің бірі – ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жасалған жағдай.

Ауладан басталған игілік

Бұнан соң облыс әкімі жұмыс сапарын «БОЛАШАҚ» шағынауданындағы №43 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында жалғастырды.

Бір қарағанда бұл қарапайым аула болып көрінуі мүмкін. Алайда жайлы қаланың негізі дәл осындай қоғамдық кеңістіктерден басталады. Өйткені тұрғындардың күнделікті өмір сапасын олардың өз ауласындағы жағдай айқындайды. Бұрын бұл аулада балалар ойын алаңы да, тұрғындардың тынығып отыратын орны да болмаған.

Қазір мұнда кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны «Мегосервис» ЖШС жүзеге асыруда. Өткен жылы компания «Ұлан» шағынауданындағы 13 ауланы жаңартса, биыл қаладағы 19 ауланы абаттандыруды қолға алған. Барлық жұмыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

Тұрғындардың айтуынша, соңғы жылдары қалада ұзақ уақыт шешімін таппай келген мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

– Жеті жылдан бері ауламызда балалар ойын алаңы болған жоқ. Немерелеріміз көрші аулаларға барып ойнайтын. Енді өз ауламыз жаңарып жатыр. Балалардың қуанышын көріп, біз де марқайып қалдық. Осындай игі іске атсалысқан азаматтарға алғысымыз шексіз, – деді тұрғындардың бірі.

Балалар да жаңа ойын алаңының тезірек пайдалануға берілуін асыға күтетіндерін айтып, облыс әкіміне ризашылығын білдірді.

Тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдаған Бейбіт Исабаев бүгінде Талдықорғанды дамыту кешенді қағидатқа негізделгенін атап өтті.

– Президент халыққа жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру жөнінде нақты міндет жүктеді. Біз бұл тапсырманы жүйелі түрде орындап келеміз. Өткен жылы қалада 38 аула жаңартылды. Биыл 19 аула толық абаттандырылады. Ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген аулаларды кезең-кезеңімен толық жаңартамыз, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі қаланы дамыту тек аулаларды жөндеумен шектелмейтінін айтты.

– Өткен жылы «Ұлан» шағынауданындағы тұрғын үйлердің қасбеті жаңартылды. Биыл дәл осындай кешенді жұмыстар Жансүгіров көшесінде жүргізілуде. Мұнда алдымен ескі жылу желілері ауыстырылып, кейін жаңа жол төселеді. Сонымен бірге тұрғын үйлердің шатырлары, қасбеттері мен аулалары қатар жаңартылуда. Қаланың даму бюджеті шамамен 30 пайызға ұлғайтылып, бөлінген қаражат жол құрылысына, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға, саяжайларға газ тартуға, көшелерді жарықтандыруға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталуда, – деді облыс әкімі.

Дамудың басты өлшемі

Қаланың дамуы зәулім ғимараттарымен немесе кең көшелерімен ғана өлшенбейді. Оның басты көрсеткіші – тұрғындардың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігі. Осы тұрғыдан алғанда, облыс әкімінің жұмыс сапарындағы келесі ны- сан – бір ауысымда 500 адам қабылдайтын ЖАҢА ЕМХАНАНЫҢ құрылысы.

Нысанды аралаған облыс әкімі құрылыс барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аударды. Ол инженерлік жүйелердің талапқа сай орындалуы мен құрылыс қарқынын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Құрылысқа жауапты ұйымның директоры Қанат Сандықбаевтың айтуынша, бүгінде нысанға 121 жұмысшы мен төрт арнайы техника жұмылдырылған.

– Қазіргі уақытта сантехникалық жұмыстар, ішкі су және жылу жүйелерін монтаждау, электр желілерін орнату аяқталуға жақын. Жалпы құрылыс жұмыстарының дайындығы 82 пайызды құрайды. Медициналық құрал-жабдықтарды орнату тамыз айының соңында басталып, қазан айының соңына дейін толық аяқталады, – деді ол.

Жобаға сәйкес емхана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі. Мұнда диагностикалық бөлімшелер, зертханалар, алғашқы медициналық көмек кабинеттері және бейінді мамандардың қабылдау бөлмелері халық-аралық талаптарға сай жабдықталады. Нәтижесінде тұрғындардың күрделі тексерулер үшін басқа қалаларға қатынау қажеттілігі азайып, сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігі артады.

– Халық денсаулығы – мемлекеттің ең үлкен байлығы. Сондықтан денсаулық сақтау нысандары сапалы салынуы тиіс. Мұнда әрбір бөлме, әрбір инженерлік жүйе, әрбір медициналық құрал адам өміріне қызмет етеді. Сол себепті жұмыстың сапасы мен мерзімі ерекше бақылауда болады, – деді Бейбіт Исабаев.

Жаңа емхананың пайдалануға берілуі тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырып, денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндігін кеңейтеді.

Жайлы өмірдің кепілі

Жұмыс сапарының келесі бағыты – қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі саналатын «ЖАСТАР» саябағы болды.

Соңғы жылдары Талдықорғанда қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту, көгалдандыру және экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені саябақтар мен скверлер – тұрғындардың демалыс орны ғана емес, қаланың экологиялық тепе-теңдігін сақтайтын маңызды инфрақұрылым. Осы мақсатта биыл Қаратал өзенінің жағалауы, «Жастар» және «Ардагерлер» саябақтарында жалпы ұзындығы 54,8 шақырым болатын автоматты суару жүйесі орнатылуда. Жобаны жүзеге асыруға 1,1 миллиард теңге бөлінген.

Бүгінде «Жастар» саябағында автоматты суару жүйесі толық іске қосылды. Жалпы аумағы 4,05 гектарды құрайтын демалыс аймағында 40,5 мың шаршы метр көгалдандырылған жерге 21,5 шақырым суару желісі орнатылған. Қазір құрылыс барысында бүлінген аумақтарды қалпына келтіру және қосымша көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.

Нысанды аралаған облыс әкімі көгалдың кейбір бөліктерінің толық көктемегеніне назар аударып, мердігер ұйымға жер бедерін қайта тегістеп, құнарлы қара топырақ төсеуді және көгалдың жай-күйін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

– Көгал егу – жұмыстың бастамасы ғана. Ең маңыздысы – оны күтіп-баптау. Егер тұрақты күтім болмаса, атқарылған жұмыстың нәтижесі көрінбейді. Сондықтан әрбір шаршы метр көгал жайқалып өсуі тиіс, – деді аймақ басшысы.

Саябақта облыс әкімі «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелерімен де жүздесті. Кездесу барысында туған жердің тазалығы мен көркеюі әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін айтты.

Бүгінде Талдықорғанда жалпы аумағы 125,8 гектарды құрайтын 6 саябақ пен 42 сквер бар. Оның 24-і автоматты суару жүйесімен қамтамасыз етілген. Өткен жылы су ресурстарын үнемдеу мақсатында 21 саябақ пен сквер орталық су құбырынан жерасты ұңғымалары арқылы суаруға көшірілді. Бұл коммуналдық шығындарды азайтып қана қоймай, жасыл желекті тиімді күтіп-баптауға мүмкіндік берді.

Жаңғыртудың жарқын үлгісі

Қаладағы әлеуметтік нысандарды аралау барысында, облыс әкімінің ЖАНСҮГІРОВ көшесіндегі құрылыс жұмыстарымен танысты. Мұнда жай ғана жол жөнделіп жатқан жоқ. Алдымен тозығы жеткен магистральдық жылу желілері толық ауыстырылып, содан кейін ғана жаңа жол төселеді. Бұл – инженерлік инфрақұрылымды кешенді жаңғыртуға негізделген тиімді тәсіл.

Жоба аясында ұзындығы 3,5 шақырым магистральдық жылу желісі жаңартылуда. Құрылыс екі кезеңмен жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде Гагарин көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі аралықтағы жұмыстар аяқталуға жақын. Ал екінші кезең Шевченко көшесінен №3 сорғы стансысына дейінгі бөлікте жалғасады. Инженерлік желілер толық сынақтан өткізілгеннен кейін ғана жол жабыны қалпына келтіріледі.

Нысанды аралаған облыс әкімі жобаның басты мақсаты тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау екенін атап өтті.

– Қаланы дамыту – жаңа ғимараттар салумен ғана шектелмейді. Ең бастысы – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру. Сондықтан инженерлік желілерді жаңарту, сапалы жол салу және тұрғын үйлерді жөндеу – бір-бірімен өзара байланысты жұмыстар. Олардың барлығы жоғары сапада әрі белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс, – деді Бейбіт Исабаев.

Инженерлік желілермен қатар Жансүгіров көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбеті де жаңартылуда. Биыл қасбеттері жөнделіп, шатырлары күрделі жөндеуден өтуде. Мұндай кешенді тәсіл көшенің сәулеттік келбетін біріздендіріп, қаланың эстетикалық бейнесін жақсартуға мүмкіндік береді.

Осы көшеде тұратын Владимир Борисов жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы:

– Қырық жылдан бері осы көшеде тұрамын. Бұрын мұндай көлемдегі жөндеу жұмыстарын көрген емеспін. Қазір үйіміздің шатыры жаңарып, қасбеті сәнделіп жатыр. Қаланың күн сайын өзгеріп келетінін өз көзімізбен көріп отыр- мыз, – дейді.

Жаңашылдық үндескен кеңістік

Жұмыс сапарының соңғы нысаны – ҚАРАТАЛ өзенінің жағалауы болды. Қала тұрғындары үшін бұл – серуендеп, спортпен айналысып, бос уақытын өткізетін ең сүйікті демалыс орындарының бірі. Сондықтан жағалауды күтіп ұстау мен абаттандыруға ерекше мән беріледі.

Соңғы жылдары өзен жағалауы кезең-кезеңімен жаңғыртылуда. Биыл автоматты суару жүйесін орнату жобасы толық аяқталды. Жалпы аумағы 4,7 гектарды, көгалдандырылған жері 47 мың шаршы метрді құрайтын аумақта 22,5 шақырым автоматты суару желісі орнатылып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда көгалдарды қалпына келтіру және жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстары жалғасуда.

Жағалауды аралаған облыс әкімі атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, кемшіліктерді де назардан тыс қалдырмады. Кейбір учаскелерде арамшөптердің уақытылы шабылмағанын айтып, жауапты мердігерлерге барлық олқылықты қысқа мерзімде жоюды тапсырды. Сонымен қатар жұмысшылар санын көбейтіп, жағалауды күтіп-баптау жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.

Жұмыс сапарын қорытындылаған Бейбіт Исабаев жауапты басқармалар мен мердігер ұйымдарға қолға алынған барлық жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Жетісу облысы құрылғаннан бергі кезеңде Талдықорған жаңа даму қарқынына ие болды. Ең бастысы, қалада жекелеген нысандарды жөндеу емес, инфрақұрылымды кешенді жаңғырту қағидаты қалыптасты. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасып, облыс орталығының тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз әрі қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға қызмет ете бермек.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Болашақтың берік негізі

Демократиялық үдерістің дамуы

06.08.2026
Талдықорғанда 41 отбасы жаңа баспана кілтіне ие болды

Талдықорғанда 41 отбасы жаңа баспана кілтіне ие болды

06.08.2026
Жаңарған шаһардың жарқын келбеті

Жаңарған шаһардың жарқын келбеті

06.08.2026
Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

05.08.2026
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.