Талдықорған: +26°C
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАННАТ ТӨРЕСІ — ЖАРКЕН АРАСАН

08.01.2021
КҮЛТӨБЕ
ЖАННАТ ТӨРЕСІ - ЖАРКЕН АРАСАН
WhatsAppTelegramFacebook

Зайыбым марқұм Кенжебала Алпысова екеуміздің күз айларында «Жаркент Арасан» шипажайында демалатын әдетіміз бойынша жақында аталған демалыс орнында демалып кайттым. 


Көзі қырақты оқырмандарым бұл шипажай жайында бұрынғы жазғандарымды да білуі тиіс.  Осы тақырыпқа қайта айналып соқпаспын деп ой түйіндесем де мұнда келгенде көргендерім жазбасыма қоймады. Содан кейін қолыма қалам алып, шипажайдың біреу біліп, біреу біле бермейтін әр жылдағы жетістіктерімен бөлісуді жөн санадым. 

Осында келе жатқанда ең алдымен байқағаным – Көктал мен Арасан аралығындағы жолға жаңалап асфальт төселіпті. Мұның өзі де шипажайға келген демалушылар жол қиындығын сезбесін деген басшылардың қамқорлығы шығар. 

Басқаны қайдам, өзім бұл өңірге келгенде ертегілер елінде жүргендей әсерде болатыным рас. Биік таулардың арасынан ирелеңдеген жолдан өтіп, Арасан шипажайына келіп тірелгеніңізде шынымен бір хан сарайына келгендей боларың анық. Десе дегендей, ескі бірінші корпустың іші-сыртының еурожөндеуден, ішіндегі жатын бөлмелерінің ерекше жөндеуден өткені тайға таңба басқандай тиянақты көрініп тұр. 

Кіреберіс қақпадан бастап басты корпус аралығымен көтерілер тұсы көзге тіпті көркем шалынады. Осындай елеусіз деген нәрселердің өзі адамды ерекше сезімге бөлеп, көңіліңіздің  бір көтеріліп қалары анық.

Кезекші дәрігердің өзіңізді мұқият дәрігерлік тексеруден өткізгені бойыңыздағы үрейден бірден арылтып жібереді. Сақтандыру шаралары да қарастырылған. 
Өзім шипажайға негізінен әр аптаның дүйсенбі күні баруды әдетке айналдырғам. Осы күні демалушылар көптеп келіп жатады. Оларды тіркеуге алып, жайлы бөлмелерге жағдайына қарай орналастыру Әсемнің міндеті. Алыс жолдан шаршап келгендердің көңілінен шығып, жылы қабақпен қарсы алудағы жайдары мінезі жаныңды жадыратады. 

Шипажай қызметкерлерінің қай-қайсысы болсын өз ісінің шебері екенін айқын аңғаруға болады. Дүйсенбі күні кешкі аста Арай демалушыларға ем алу жолдары жайында қысқаша түсініктеме, мағлұмат бере отырып, санаторийде әлемді дүр сілкіндірген коронавирус, пневмония бойынша бірде-бір адамның тіркеуге алынбағанын ерекше атап өтті. Бұл хабар көпшілікті бір қуантып тастады. Оның бірден бір себебі – радон суымен ауыз, мұрын қуыстарын күнделікті шайып отыру екендігін көңілімізге түйіп қойдық. 

Радон суының емдік қасиеттері жайында Абылқасымова Гүл Мұратқызы толықтай түсініктемелер берді. «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» десек, осы Гүлдей болсын!» деп сүйсіндік. Осындай қасиеттерін білгендіктен де шығар, Маңғыстау, Көкшетау, Атырау Қостанай облыстары тәрізді еліміздің түкпір-түкпірінен келіп демалушыларды айтпағанда алыс-жақын шетелдерден келіп демалушыларды арагідік кездестіруге болады. 

«Ән – көңілдің ажары, көңілді кеш базары» дегендей, көркемдік жетекші Айдын Дәулетұлының ұйымдастыруымен Әулиеағаш Мәдениет үйі жанынан құрылған көркемөнерпаздар концерті тартымды болды. Мәдениет үйінің директоры Мұхтар Нұрдиев бастап ақсақалдар алқасының төрағасы, «Асыл әжелер» ансамблінің әуелете салған әндері демалушылардың құлақ құрышын қандырды. Осы кеште демалушылар арасында күмбірлете күй тартып, нақышына келтіріп ән салушылар да табылып жатты. 

Өнер дегенде ішкен асымызды жерге қоятын қасиетіміздің дәлелі шығар. Екінші аптаның екінші күні кешкі астан кейін Айдын Дәулетұлының басқаруында шипажай қызметкерлері қойған «Санаторий кеші көңілді» атты концерттік бағдарламаны тамсана тамашаладық.

Концерт басталмастан бұрын бас дәрігер Алимжан Нұрғанжан- ұлы Валиев шипажайдың өткен тарихынан мағлұматтар бере келіп адам ағзасына радон суы мен батпағының емдік әсері, денсаулыққа зиян келтіріп алмау үшін оны қалай пайдалану қажеттігі турасында түсініктеме берді. Демалушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиянақты дәлелдермен нақты жауап берілді. 

Алимжанның шырқата салған әні нағыз кәсіби әншінің деңгейін көрсетті. Шипажайдың атқарушы бастығы Ким Геннадийдің, зейнеттегі қызметкер Сақтайдың сызылта салған әндері құлақ құрышымызды қандырды. Жамал апайдың Алтайын еріксіз еске алдық. 

Ертеңгілік шипажай таңы Мошанов Серіктің таңғы жаттығуымен басталады. Жаттығу залында құралдың барлық түрі орнатылған десем артық айтпайтын шығармын. Жаттығуды тау арасындағы таза ауадағы серуенге ұштастырсаңыз бір жасарып қалатыныңыз анық. 

Шипажайдан ем алып, денеңізді сергітер жаттығу мен кешкі мезгілдегі серуеннен кейін тәбетіңіз ашылмай қоймайды. Үйлестіруші Сейітова Клараның басқаруымен аспаздар Шембердиева Арнила, Изембаева Салтанат, Ахперова Бағдат дайындаған ас иісі асханаға кіріп келгенде танауыңызды жарғандай. Жатар орынға берілетін айранның ішкен асыңыздың жеңіл қорытылуына пайдасы зор.

Қазақта қарттарын құрметтеп, аруақтарын қастерлейтін жақсы дәстүр бар. 1 қазан Қарттар күні мерекесі болғандықтан кешкі асқа жеті шелпек пісіріліпті. Ас алдында берілген Мошанов Серіктің батасы мен аруақтарға бағышталған Құраны жарасымын тауып, демалушылар ризашылықтарын білдірді. 

Тағы бір жағымды жаңалық – әр корпустың дәлізіне қойылған кітап сөрелері. Бас корпустың бұрышындағы дәріханада керекті дәрі-дәрмектің бәрі тұр. Егер сіз іздеген дәрілер жоқ болған жағдайда дәрігер Мыңбаева Қапиза Әбдірахманқызы сұрағаныңызды жазып алып, келесі күні қолыңызға ұстатады. 

Бас дәрігердің көмекшісі Қапиза Әбдірахманқызы Мәскеуде білім алып, отыз жылдан астам уақыт денсаулық саласында қызмет атқарған УДЗ аппаратының білгір маманы. Шіркін, дәрігер біткен осындай қайырымды, мейірімді болсашы дейтіндей. 

Келесі бұрышта орналасқан Әсемнің дүңгіршегінен фитошай, бал қосқан шай, бал түрлері мен грек жаңғағын керегіңізше алуыңызға болады. Уақытыңызды таныстарыңызбен мәнді өткізуді ұйғарсаңыз Ғанидың шағын кафесіне кәуап, манты, лағман тәрізді керекті тағамдарға қалауыңызша тапсырыс бере аласыз. Бас корпуста қойылатын дискотекада музыканың ырғағымен қалауыңызша билесеңіз өз еркіңізде. Шипажайдың осындай дарқан пейіл, патша көңіл қызметкерлері қандай да болсын мадаққа лайықты. Қорыта келгенде «Шіркін, жаннат төрі Жаркент Арасан екен ғой» деген ойда боларыңыз анық. 

Жылдағы емдеу түрлеріне қосымша жаңадан заманауй үлгідегі емдеу аппараттары пайдалануға беріліпті. Бір сөзбен айтқанда, жаныңызға керектінің бәрін осы жерден табуыңызға болады десем қателеспеспін.  

Тағы бір ескерте кететін жағымды жаңалық – шипажай басшылары тарапынан демалушыларға қараша айының 15 жұлдызы мен 28 ақпан аралығында 15 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде «Жаркент Арасан» шипажайының қызметкерлеріне осында келіп демалушылардың атынан шексіз алғысымды білдіремін. Жер жаннаты Жетісу,  жаннат төрі – Жаркент Арасан демекпін.

Е. Ескелдинов,
«Алматы облыстық жергілікті кәсіби агроөндірістік кешені мен мемлекеттік мекемелер 
қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ 
Кербұлақ аудандық 
филиалының төрағасы            
                                                  
 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

20.07.2026
Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты

Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты

20.07.2026
QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды

QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды

20.07.2026
Жетісу облысында туризмді дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Жетісу облысында туризмді дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

20.07.2026
Зейнетақы жинақтары мен жаңа реформа: Еңбек министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Зейнетақы жинақтары мен жаңа реформа: Еңбек министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

20.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.