Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Жас маман» – жаңғыру мен жаңару жолы

08.06.2022
КҮЛТӨБЕ
«Жас маман» – жаңғыру мен жаңару жолы
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі уақытта елімізде «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл – колледждердің материалдық базасын жақсарту мен білікті маман даярлау мақсатында іске асырылып жатқан жоба. Оның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына қосар үлесі зор. Жоба аясында сұраныстағы 100 кәсіп бойынша кәсіптік-техникалық 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын қайта жаңғырту мен білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу қарастырылған.
 Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі өткен жылы облысымыздағы 74 кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі ішінен іріктеліп, таңдаулы 12 колледж қатарында «Жиһаз өндірісі» мамандығы бойынша аталмыш жобаға енген болатын. «Жас маман» инновациялық жобасы аясында колледжіміз өңірдегі сұранысқа ие «Жиһаз өндірісі» мамандығы бойынша өз материалдық базасын кеңейтіп, Халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілген заманауи қондырғылармен жабдықталды. Ол үшін республикалық бюджеттен 270 млн. 480 мың теңге бөлінді. Бұл қаражат колледждің инфрақұрылымын жаңартуға жұмсалды. Сатып алынған 34 дана құрал-жабдық пен техникалар «ZIGAR» Еуропалық қоғамдастық елдеріндегі компанияда өндірілген. 
 «Жас маман» жобасы аясында колледжіміз аталған мамандық бойынша өз материалдық базасын кеңейтумен бірге, талапқа сай білікті маман даярлау ісіне кірісіп кетті. Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары кіріктірілген сабақтар өткізуде. Теориялық білімді арнайы пән оқытушысы берсе, практикалық тұрғыда өндірістік оқыту шебері студенттердің алған білімдерін бекітуде. Сондай-ақ, жалпы білім беретін пәндер мен арнайы пәндер кіріктіріп оқытылуда. 
«Жас маман» жобасы жаңғыру мен жаңаруды көздейді. Осы жоба аясында «Жиһаз өндірісі» мамандығы бойынша білім алатын студенттеріміз жоғары деңгейде, республикамыздың ірі қалаларында жұмыс істеуге және де өз білімін жоғары оқу орындарында жалғастыруға мүмкіндік алып отыр. «Жас маман» жобасына енген «Жиһаз өндірісі» мамандығының білім беру бағдарламасы шетелдік (финдік) әріптестер әзірлеген білім беру бағдарламасы және «Soprano Group» әдістемелік ұсынымы негізінде жасалды, кредиттік-модульдік оқу жұмыс жоспары құрылды. 
 Облыстық білім басқармасымен бірлесіп, «Жас маман» жобасы – кәсіби даму негізі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырдық. Онда жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндап, «Ағаштан жасалатын өнімдерді даярлау жолдары» және «Жиһаз бөліктерін әзірлеу» бойынша шеберлік сыныптарын өткіздік. 
Алдағы уақытта да ұжым болып атқаратын міндеттер жоспарланған. Демек, «Жиһаз өндірісі» мамандығы бойынша құзыреттілік орталығын ашу, жаңа серіктестер қатарын ұлғайту, Республикалық жиһаз өндіру ассоциациясымен байланыс жасап, құрамына ену, құзыреттілік орталығының жұмысын біліктілікті арттыру курсы мен іс-тәжірибе тарату шаралары арқылы жетілдіру, дағдылар мен құзыреттіліктерді дамыту бойынша (кәсіпорын базасында және т.б.) үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету, WorldSkills талаптарын ескере отырып, құзыреттіліктерді анықтау жөнінде демонстрациялық емтихан өткізу жоспарымызда бар. 
Тарихы терең колледж ұжымы студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздей отырып, бәсекеге қабілетті маман даярлауды негізгі міндетіміз деп санап, жұмыстарын жалғастыра бермек. 

Әсет ЖҰМАДІЛОВ, 
Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры, ҚР білім беру ісінің үздігі

Қатысты жаңалықтар

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026
Сайлау алдында жалған аккаунт пен сайттар бұғатталады

Жаңғырудың негізі

25.07.2026
Оралханды оқыдыңыз ба?

Оралханды оқыдыңыз ба?

25.07.2026
Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады

Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.