Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАСТАР ЖАҢЫЛМАСА ЕКЕН

18 наурыз 2023
КҮЛТӨБЕ
ЖАСТАР ЖАҢЫЛМАСА ЕКЕН
WhatsAppTelegramFacebook

«Тіл – ақылдың өлшемі, ұлттың жаны» деген қағидаға сүйенсек, бабадан аманат болған қастерлі тіліміздің қасиеті қаншалықты мазмұнды екенін ұғынамыз. Десе де, бүгінгі таңда мемлекеттік тіл  жағдайы көңіл көншітпейіні баршымызға аян. Қазіргі жастардың қазақ тілінде сөйлеуден ұялатыны мен тілін бұрап, орысша шүйіркелесуін байқағанда қынжыласың.

Жастар – ел ертеңі! «Өзге тілде сөйлеп жүрген қандастарымыз болашақта еліміздің дамуына қандай үлес қосады?» деген сауал сізді де ойландырары хақ. Себебі, адам қай тілде сөйлесе, сол ұлттың болмысын, салт-дәстүрін, танымын өзінің бойына сіңіріп алатыны жасырын емес. Олардың жүріс-тұрысы, киім киісі былай тұрсын, ішер асы мен қызығушылығына дейін меңгеруде. Мәселен, көгілдір экран арқылы ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған идеологияның негізінде әр ел өзінің мәдениетін, тарихын, дәстүрі мен ғұрпын түрлі сериалдар, фильмдер, мультфильмдер арқылы көрсетуге тырысуда. Бұл – қоғамның талабы. Соның ішінде күншығыста жатқан жапон елінің «аниме» атты анимациялық мультфильмдер желісі тек өз елінің  ғана емес, бүкіл әлем назарын жаулап үлгерді. Оған тәуелді баланың да, жастың да, орта буынның да саны көбеюде. Соған қарағанда, аудармасы белгісіз жапон анимациясынан алар үлгі мен өнеге басым болса керек.
Тағы бір қоғам дертіне айналған өзекті мәселенің бірі – интернетке тәуелділік. Ондағы түрлі желі мен қарқын алған қорқынышты ойынды көрген бала қызығып, жастар қайталауға асығады. Қылмыстық іс қозғалып, ақысын өтеп жүргендер де аз емес. Ел ішіне іріткі салып, туғанынан безіп, қолы қанға боялғандар қаншама?! Соның айқын дәлелі, жуырдағы жаға ұстатар жайт. «Қыз өссе елдің көркі» деп, қырдың қырмызы гүліне теңеген нәзік жандылардың бойынан мейірім кетіп, қолына күш бітіп үлгеріпті. Жастардың бір-біріне деген жанашырлық қасиеті де жойылған. Осындай адамгершілік сезімі қашқан, қаны қызу жастар өсіп келе жатқаны қынжылтады.
Белең алар өзекті мәселе қатарында жұмыссыздық та бар. Ел тұтқасын ұстар азаматтарымыз «Жоғары білімді көше кезген қыз-жігіт» атауына ие. Күлкілі болса да, шындығы сол. Төрт-бес жылдық еңбектің нәтижесін көрмеген ата-ана «Табақтай дипломын сандықта сақтап жүр» деп күйінеді. Жұмыс тапқан бозбаланың да, бойжеткеннің де алдынан «Жұмыс өтілің қанша?» деген үлкен сауал тұрады. Оқуын жаңадан тәмамдаған студентке ерсі сұрақ екені рас. Алайда, дипломын қолына енді алған адамда жұмыс тәжірибесі қайдан болсын? Белгілі бір істі игеруді өмір сүруге дағдылану  деп қараған жөн-ау. Жастарға сенім білдіретін басшы көп болса, олардың қызығушылығын жақсы арнаға бұратын ұйым ашылып, ана тілінде сөйлеуді жетік меңгертетін тілдамытар желі көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді. Олай болмаған жағдайда еліміздің ертеңі де, саяз ойлы жастардың да көсегесі көгермесі анық.

Жансая ҚАБДЕН
 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

Бүгін, 16:00
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Бүгін, 15:56
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Бүгін, 15:20
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

Бүгін, 14:30
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.