Талдықорған: +35°C
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЖЕМНІҢ ЖАСЫ ТАМҒАН БАСЫЛЫМ

23.12.2019
КҮЛТӨБЕ
ӘЖЕМНІҢ ЖАСЫ ТАМҒАН БАСЫЛЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл бір ұзақ әңгіме. Апам майын тамызып айтып отыратын. Екі көршінің шай үстінде созатыны да сол оқиға-тұғын. Біз де кейін ести-ести бойымызға сіңіріп алдық қой. 


Әкеміздің жастау кезі болса керек. Студенттік ғұмыры ерте аяқталып, ата-анасына қолғабыс болудан басқа амалы қалмаған сәті. Желтоқсан оқиғасынан кейін жігеріне құм құйылып, қалаға аттап баспауға бекінген жас жігіттің арманына қайта қанат бітірген   «Жетісу» газеті еді. Оқудан шығарып жіберсе де елдегі оқиғаны сол басылымнан біліп отыратын бозбала ауыл жұртына тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді алғаш сүйіншілеген-ді. Сонда қырманның басында жүрген әкем қолына газет тие салысымен алдымен әжеме ақжолтай хабарды жеткізіпті. Екі көзі жасқа толып, алқам-салқам қалпында есіктен ентігіп кіріп келгенде апам есінен танып қала жаздаған. Алмағайып заманда өмір сүрген жұрттың үрейі әлі сейілмеген уақыт қой ол. Жамандыққа жорыпты басында. Артынан қуанышты жаңалықты оқығанда екеуі қосыла жылаған көрінеді. Тіпті, біраз уақытқа дейін сенер-сенбесін білмей ешкімге тіс жармапты да. Әйтсе де қуанышты ақпарат ішке қалай сыйсын, көрші-қолаңды шайға шақырып, бір боздатып алыпты әжем. Әрине, ол кезеңде қуаныштан жылайтын халық. Өйткені заман солай. 

Ата басылымның тарихын әжем әңгімелеп отыратын. Төрт сыныптық білімі бар демесеңіз, білмейтіні жоқ. Сол газеттің арқасында атаммен де танысыпты. Пошташы қызметіне орналасқан атам ауылды аралап жүріп біздің үйден түстенеді екен. Апам сол уақыттағы «Жетісудың» ең сүйікті оқырманы. Сондықтан пошташыны күндіз-түні күтеді. Атам болса, соны алыстан бағдарлап, әжеме ең соңында әкеледі екен. Кейде газеттің таусылып қалғанын сылтауратып, болған жаңалықтарды ауызекі баяндап та береді. Сөйтіп, не керек, екеуі қосылыпты. Бала болған соң ба, бізге бұл да қызық. 

«Алаштың айнасы» атанып, ғасыр бойы халқының тарихын, тыныс-тіршілігін ой елегінен өткізіп, шынайы шежіресін шерткен аға газеттің төрт құбыласын түгендеп, бір мақаланың аясына сыйғызу қай қаламгерге болса да оңай соқпасы анық. Ел басына төнген зар заманның да, сәулесін шашып, нұрын төккен арайлы шақтардың да қалпын бұзбай оқырманына жеткізген де осы үнжария. Онда өз заманының заңғары атанған ұлы тұлғалардың өшпес қолтаңбалары, уақыт ағымындағы орын алған оқиғалар, ізгілік пен ілтипаттың көрінісін кестелейтін көркем дүниелер тоғысып, жаңғырығы бүгінгі ұрпақтың құлағына жетіп, санасына орнықты.

Алғашқы тарихынан бастап басылымда қазақ ұлтының қайраткерлері мен көрнекті қаламгерлері қызмет етті. Газетке басшылық етіп қана қоймай, өздерінің шығармаларын жариялап та тұрды. Олардың қатарында Сәдуақас Оспанов, Исмаил Тайыров, Сара Есова, Жақан Сыздықов, Ораз Жандосов сияқты тұлғаларды атауға болады. Бұл да бір үлкен тарих. Әдебиеттің аузындағы тұмылдырықты босатуға күш салған алыптардың еңбегі көл-көсір. 

«Жетісу» – өз дәуіріндегі бейнетті жолдың ащы-тұщысын бірдей тартқан кәнігі басылым. Бүгінде әлемдік өркениет көшіне қосылған елдің газеті ретінде дүние дидарындағы сан алуан құбылыстарға қал-қадірінше үн қосып,  ақтарыла сөйлеп жүр. 

Газет – мен үшін әжемнің көз жасы тамған басылым. Айтпақшы, сол сарғыш тартқан «Жетісу» әлі де сандықта сақтаулы тұр.

Аян СӘРІМБЕТОВ
Жиделі ауылы

Қатысты жаңалықтар

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026
Басты байлық – денсаулық

Ұлт саулығы – ел байлығы

14.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Тәуелсіздікті тұғырлаған тарихи құжат

14.07.2026
Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті нығайтуда

Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті нығайтуда

14.07.2026
Талдықорғанда туған қызына қатыгездік көрсеткен әке түрмеге қамалды

Сот орындаушының құзыреті қандай?

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.