Талдықорған: +18°C
$ 469.49
€ 552.59
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Жетісу жастары» әлеуметтік зерттеу нәтижелері таныстырылды

01.12.2025
КҮЛТӨБЕ
«Жетісу жастары» әлеуметтік зерттеу нәтижелері таныстырылды
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Талдықорғанда Жетісу облысындағы жастардың әлеуметтік, экономикалық және құндылықтық жағдайына арналған кешенді «Жетісу жастары» аналитикалық баяндамасы таныстырылды. Бұл – өңір тарихында алғаш рет жүзеге асқан кең ауқымды әлеуметтік зерттеу.

Зерттеу нәтижелері түрлі деңгейдегі мүдделі тараптардың қатысуымен талқыланып, кең ауқымды аудиторияны қамтыды: мемлекеттік мекеме өкілдері, зерттеу объектісіне кіретін жастар тобы, сала сарапшылары, сондай-ақ ҮЕҰ, еріктілер ұйымдары мен жастармен жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктер және ақпараттық таратуға жауапты БАҚ, журналистер мен жаңа медиа өкілдері қатысты.

Зерттеу Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігімен дайындалды. Баяндаманың деректері мемлекеттік органдар статистикасына, жаппай сауалнамаға, фокус-топтық талқылауларға және сараптамалық сұхбаттарға негізделген.

Жетісу облысында жастар саясатын жүзеге асыру аясында өңір жастарына жан-жақты жағдай жасалып келеді. Шешім қабылдау барысында бүгінгі жастардың нақты қажеттіліктері мен сұраныстарын ескеру аса маңызды. Осы аналитикалық баяндама Жетісу жастарының өмір сапасы, құндылықтары, мүмкіндіктері мен әлеуметтік көңіл-күйіндегі негізгі трендтерді айқындауға мүмкіндік береді және өңірлік жастар саясатын одан әрі жетілдіруге бағдар бола алады, – дейді Жетісу облысы қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Ілияс Нұрболұлы.

Зерттеу барысында 693 респондент арасында сауалнама жүргізіліп, 5 фокус-топтық талқылау ұйымдастырылды (оқушылар, студенттер, жұмыссыз жастар, ауыл жастары, кәсіпкерлер). Сонымен қатар 10 сараптамалық сұхбат өткізілді. Деректер 15-34 жас аралығындағы жастарды қамтыды.

Баяндамада жастар өміріндегі білім және дағды, еңбек нарығы, азаматтық белсенділік және саяси қатысу, мемлекеттік бағдарламар және жобалар, ең өзекті мәселелер, баспана мәселесі, ақпараттану көзі және болашаққа көзқарас, көші-қон көңіл күйі, репродуктивті денсаулық және жыныстық тәрбие, қауіпсіздік мәселесі, буллинг, кибербуллинг және суицид, нашақорлық және құмар ойындар, жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, этносаралық жағдай мен діни бірегейлік және неке мәселелері қамтылды.

Зерттеу нәтижесі Жетісу жастарының әлеуеті жоғары екенін көрсетті: сауалнамаға қатысқан жастардың 90,2%-ы білім сапасына қанағаттанатынын айтқан, ал 55,2%-ы ЖОО таңдауда ең маңызды фактор ретінде қалаған мамандықты атады. Мемлекеттік бағдарламаларға қызығушылық жоғары – жастардың 71,4%-ы өңірлік гранттарды тиімді деп бағалаған. Сонымен қатар, тұлғалық даму динамикасы байқалады: жастардың 33,4%-ы қосымша курстар мен дағдыларды меңгеруге белсенді қатысуда.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың басында өңірдегі жастар саны 186,1 мың адамды құрады (жалпы өңір халқынан жастардың үлесі – 26,8%). Құрылымы бойынша жастардың 83 мыңы (44,6%) қалада, қалғаны ауылда тұрады.

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы

 

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

21.04.2026
30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

21.04.2026
«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

21.04.2026
Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.