Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында туберкулезге қарсы күрес айлығы өткізілді

29 наурыз 2023
КҮЛТӨБЕ
Жетісу облысында туберкулезге қарсы күрес айлығы өткізілді
WhatsAppTelegramFacebook

2021 жылы Талдықорған қаласы бойынша туберкулездің 46 жағдайы тіркелді, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 74-ке жетті. Одан бөлек, тыныс алу мүшелерінің нашарлауымен 66 адам ауруханаға жүгінген. Осындай ақпаратпен Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Сәкен Мелдебаев пен Жетісу облысының фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ертай  Көбелдесов  Өңірлік  коммуникациялар  алаңында бөлісіп,  туберкулездің  алдын  алу  және қазіргі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді. 

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында туберкулезбен сырқаттанушылықтың 15-і  тіркелді, оның  ішінде балалар арасында 2 жағдай бар. 

«Біздің тарапымыздан, барлық  тіркелген  үй  және ұйымдасқан  ошақтар  тексеріліп, туберкулез ауруының алдын алуда эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып, қарым-қатынаста болғандар флюорографиялық және зертханалық тексерістен өткізілді. Туберкулез ауруының алдын алу шараларын, бұйрықтардың талаптарын орындау барысында ұйымдасқан ошақтарға тексерілу жүргізіліп, бұзушылыққа қарсы айыппұл салынды. Туберкулез ауруының алдын алуда 4 семинар сабақ өткізілді», – деді Сәкен Жамбылұлы.

Биыл 23 ақпаннан 23 наурызына дейін туберкулезге қарсы күрес айлығы жүргізілді. Осыған орай 17 наурызда Талдықорған қалалық емханамен бірлесіп,  қалалық  емхананың  алдында  туберкулезге қарсы акция ұйымдастырылды. 

«Барлық колледждерде туберкулез ауруының алдын алуда семинарлар өткізіліп, онымен күрес жөнінде роликтер көрсетілді.  Медициналық ұйымдармен 2  медициналық кеңес отырысы өткізілді. Қала халықтары арысында 24  дәріс, 70 әңгімелер жүргізілді, мектептерде, мекемелерде  денсаулық бұрышы ұйымдастырылды, туберкулез ауруының алдын алуда оқу орындарында  роликтер көрсетілді  және 3 сауда үйлерінде ай сайын радиоторап арқылы туберкулездің алдын алу жөнінде сұхбат берілді», — Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

Ең тиімдісі ауруды алдын алу. Балаларда аурудың негізгі профилактикасы вакцинация. Бірінші  егу  бала туылғаннан кейін 2-4  күннен соң перзентханада, содан кейін 6 жаста қайтадан жасалады. Ал флюорографиялық тексеріс 15 жастан бастап жүргізіледі.

«Туберкулездің алдын алудың жалпы ережелері: жылына бір рет терапевт немесе фтизиатр туберкулезге тексеруден өтеді. Салауатты өмір салтын ұстану.  Бұл  шаралар  денені  табиғи  жолмен нығайтады  және иммундық жүйедегі  сәтсіздіктерді  болдырмайды. Дұрыс  күн  тәртібі, қалыпты жұмыс кестесі, тынығумен үйлесетін психикалық және физикалық белсенділіктің тепе-теңдігі. Майлардың, көмірсулардың, ақуыздардың қажетті мөлшерінің болуымен,  тұрақты, уақтылы, дұрыс тамақтану  –  бұл біздің иммунитетіміздің реактивтілік деңгейін арттырудың негізі», – деді  Ертай  Тілеутайұлы. 

Туберкулезді диагностикалаудың басым әдістерінің бірі – ауруларды 2 сағат ішінде анықтауға мүмкіндік беретін GeneXpert әдісі. Бұл ретте айта кету керек, туберкулезді диагностикалау және емдеу тегін. 

«Туберкулез өте тез басталуы мүмкін. Одан айығу үшін дәрігердің бақылауымен  емдеудің  барлық курсын аяқтаған жөн. Дертті алты  ай  немесе одан да  көп  уақыт  емдеу керек. Дәрігер тағайындаған барлық туберкулезге қарсы препараттарды қабылдағанда  ғана,  ем өз нәтижесін береді», – Ертай Көбелдесов.

Материал: Өңірлік коммуникациялар алаңынан

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.