Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕДІ

11.06.2022
КҮЛТӨБЕ
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайлов өңір жұртшылығына Жетісу облысының жаңа әкімі Бейбіт Исабаевты таныстырып, қызмет жолына тоқталды. Одан кейін Жетісу облысының жаңа әкімі Бейбіт Өксікбайұлы көпшіліктің алдында ант беру рәсімін жасады. Келесі сөз облыстың бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаевқа берілді. Ол облыстың соңғы 4 айда жеткен жетістігіне тоқталды.Мәселен, өнеркәсіп, 5,3, ауылшаруашылығы 3,3 пайыз, құрылыс 4,5 пайызға өскендігін айтты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджетке түсетін салық 53 пайызға артып, облыстың бюджеті бір триллион теңгеден асқандығын. Экс әкім сөзінің соңында Жетісу жерінің гүлденуіне тілек білдіріп, өзінің қызмет істеуіне қолдау білдірген көпшілікке алғысын арнады. Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт сөз алып, биылғы тарихи оқиғаларға тоқталды.


– Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Жаңа Қазақстанды құру керектігін айтты. Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде бастама көтерді. Мемлекет басшысының сөзін естігеннен кейін ардагерлер, жастар, азаматтық альянстың мүшелері референдумды қолдау жөнінде штаб құрдық. Штабтың құрамында 51 адам бар. Осы штаб мүшелері халыққа түсіндіру жұмысын жүргізді. Көппен байланыс барысында тұрғындардың көпшілігі енжарлыққа салынып кеткенін байқадық. Тыңдағысы, естігісі келмейтіндер болды. Конституцияда мемлекет пен халықтың арасын байланыстыратын шаралардың қолға алынатынын, алдағы уақытта облыс, аудан әкімдерін халық қалаулылары арқылы сайлай алатынымызды, әркім өзінің құқын қорғауға толық мүмкіншілігі болатынын барынша түсіндірдік. Халық түсіне бастады. Сұрақтарын қойды. Осының нәтижесінде референдумға өз көзқарасын білдірушілер қатары өсті. Жаңа Қазақстанды құрудың бастамасы – бүгінгі баламалы сайлау. Бүгін әкімдерді баламалы жүйемен Президент ұсынып, оны барлық деңгейдегі депутаттар дауыс беру арқылы сайлады. Бұл – референдумды өткізудегі жаңашылдық жүйенің жүзеге асқандығының дәлелі. Енді халықтың алдына барғанда ұялмаймыз. Сөз бен істің астасқанына ел куә, – деді ол.

Премьер-министр жиынды қорытындылай келе, облыс басшысына басқару органдары мен мемлекеттік мекемелердің тұрақты жұмысын қалыптастыруды міндеттеді. Келесі кезекте жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын кеңінен ашу керектігін айтты.

– Жетісу облысының аграрлық мүмкіндігі жоғары. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруді ұлғайту керек. Ирригациялық жүйелер жақсартылып, егіндік көлемі кеңейтілсін. Етті-сүтті бағыттағы мал басы өсірілсін. Өңірде қант қызылшасы, жүгері дақылдары, өңдеу өнеркәсібін жандандыру маңызды. Ірі инвесторларды тарту үшін Талдықорған индустриалды аймағын жандандыруға ерекше көңіл бөлу керек. Жаңа индустриалдық жобаларды іске асырып, кәсіпкерлікті дамыту маңызды. Жетісу облысы жергілікті және шетелдік туристерді қабылдайтын орталыққа айналуға тиіс. Облыс экономикасына жылдам серпін беретін жобаларды анықтап, соларды жүзеге асырған жөн. Облыс халқының әлеуметтік мәселелері бойынша сапалы ауыз су, газбен қамту жүзеге асырылсын. Өңір тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу жергілікті атқарушы органдар үшін бірінші орында болуға тиіс, – деп атап көрсетті Премьер-министр.

Жұмыс халықпен нәтижелі диалог негізінде құрылып, Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» саясатына сәйкес тапсырмаларын іске асыруға бағытталуы керектігі тапсырылды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026
Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026
Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.