Талдықорған: +43°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖІГЕРІ ЖАСЫМАҒАН

15.10.2021
КҮЛТӨБЕ
ЖІГЕРІ ЖАСЫМАҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Жұмыр жерді мекендеген қанша жан болса сонша тағдыр бар. Әрқайсысы өзінің шама-шарқынша, мүмкіндігі келгенінше тіршілік көшінен қалмаудың қамымен қарманып қалуда. Бірақ өмірдің табан астынан құбылып, тағдыр желінің қалай, қай жақтан соғары беймәлім. Тағдыр бұйыртқан жолдардың сан қилы иірім-иректерін еңсерген жан ғана биік белестерді бағындырады. Мүмкіндігі шектеулі болса да жанын аяздай қаритын қайғысын жеңіп, тұла бойын шиыршық атқандай қатайтып, буын-буынын бекітіп, жасып қалған арманын жасаң тартқызып жатқандар да жетерлік. Сондай жанның бірі – Тәжіғали Ходжамуратов.


– Мен 1968 жылы Қарақалпақстан республикасында тудым. Жарық дүние есігін сау адамдардың қатарында аштым. Балалық шағым Өзбекстанда өтті. Мектепте оқып жүргенде спортты жаныма серік етіп, түрлі үйірмелерге қатыстым. Суда жүзу спортымен айналыстым. Тағдырдың жазуы болар, 1985 жылы 10 сынып оқып жүргенімде көлік апатына түсіп, екі аяғымнан бірдей зақым алдым. Екі жылдай қатарға қосыла алмай, ауруханада жаттым. Бұл мен үшін ауыр соққы болды. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты екенін балтырың сыздағанда білесің. Жалындаған жастық шағымда оң аяғым тіземнен, сол жақ аяғым жамбастан бүгілмей қалды. Қилы тағдырдың қиындығын көрсем де морт сынбадым. Керісінше, ауруханадан шыққан соң оқуымды жалғастырдым. Сөйтіп білім ордасын құрдастарымнан екі жыл кеш тамамдадым. Мектепті бітірген соң мүмкіндігі шектеулі балалардың білім ордасына түстім, артынша тағы бір жоғары оқу орнын аяқтадым. Осылайша басқа салған қиындықты жеңіп шықтым. Білім алып, жетістікке жеткен сайын адам биікке ұмтылады екен. Әр қиындықтың артында бір жақсылық тұратынын білген соң менің өмірге деген құлшынысым артты. Жұмыс істей бастадым. Сөйтіп сау адамдардың қатарына қосылдым. Түнерген тірлік қанша тығырыққа тіресе де  бір рет берілетін өмірді көңілді сүру керек деп ойлаймын.

Жігері жасымаған қайсар жанның тағдырдың қиындығын жеңе білуі көпке үлгі. Ол сау адамдардың қатарына қосылды. Ал енді оның өмірлік жарын қалай жолықтырғанын, спортқа қалай келгендігін қайсар жанның өз аузынан ары қарай естиік.  

– 1995-2001 жылдар аралығында Қарақалпақ­стандағы мүгедектер қоғамдық бірлестігін басқардым. Гүлшат есімді сүйген жарымды жолықтырдым. Үйленіп тұңғышымыз дүниеге келгеннен кейін, 2001 жылы Қазақстанға көшіп келдік. Қарасай ауданына қоныстандық. Қазақстанға келгеннен кейін көпбалалы отбасы атандық. Қазір 6 балам бар. Бір балам туабітті мүгедек болды. Бұл жолды өзім де өткерген соң, баламды спортқа бердім. «Қуат» қоғамдық мүгедектер бірлестігін ашып, қызу жұмысқа кірістік. Әрине спортпен шұғылдануды да ұмытқаным жоқ. Алғашқы жарысым 2003 жылы Алматыда мүгедектер арасындағы спартакиада болды. Бұл сында суда жүзу спортынан бақ сынадым. Міне, осы жарыстан кейін спортты жүйелі түрде қолға аламын деп шештім. Тынбай істелген жаттығу өз нәтижесін берді. 2003 жылы паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атандым. 2007 жылы Талдықорғанда өткен паралимпиада ойындарында жүзудің төрт түрінен қатысып (100 метр еркін жүзу, 50 метр шалқалай жүзу, 100 метр брасс және эстафета), барлығынан күміс жүлдегер атандым. Сол жылы орнымды жастарға босатайын деп, жүзуді қойып, ұлттық спортымыз тоғызқұмалақ ойынына ауыстым. Тоғызқұмалақтың басқа спорттық ойындардан айырмашылығы – ақыл-ойды дамытады. Бірақ  көп жастардың ұлттық ойынға қызықпайтыны қынжылтады. Сондықтан көбіне ардагерлер ойнауға мәжбүр. Тоғызқұмалақ ойыны ұмыт болмай, қайта жаңғырып, болашақ жас ұрпаққа тәлім болатын ұлттық тәрбие көзіне айналса деген ойдамыз. 

Бүгінде тоғызқұмалақтан ҚР спорт шеберімін. 2011 жылы ел біріншілігінде топ жардым. 2013 жылы Таразда да сол жетістігімді қайталадым. 2014, 2015, 2017, 2019  жылдары жекелей сында ҚР чемпионаты мен спартакиадасында алтыннан алқа тақтым. Күні кеше Шымкент қаласында өткен ҚР 6-шы спартакиадасында жеңістің желкенін көтердім. 

Халықаралық жарыстарда олжа салмадым. Өйткені әлемде біздегідей емес, тоғызқұмалақ қатты дамымаған. Оның үстіне небәрі 30 елден ғана спортшылар келеді. Басқа мемлекеттердің де қызығушылығын арттыру мақсатында елімізден тек 2 спортшы ғана баруға рұқсат. Жүлденің бәрін біз ала берсек қалғандары тоғызқұмалақ ойынына қызықпайды ғой.

 Сау адамдардың қатарында да жарысқа түсіп жүрмін.  2016  жылы ел чемпионатында жалпыкомандамен тоғызқұмалақтан 1-орын алдық. Бүгінде ардагерлер құрамында өнер көрсетемін.

2003 жылы аудандық мүгедектер қоғамдық бірлестігінде жұмыс істеп жүрген кезім. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Қарасай спорттан соңғы орындарда жүретін аудандар қатарында болды. Әрине, бұл жаныма қатты батты. Сөйтіп Қарасай ауданынан команда жасақтасам деген ой келді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа тартып, өзімше дайындай бастадым. Еңбегім еш кеткен жоқ. 2007 жылы облыстық спартакиадада Қарасай ауданының командасын облыстың чемпионы етіп шығардық. Кейіннен 2013 жылы «Жігер М» деген бөлек федерация аштық. 

2016 жылы дене шынықтыру мамандығын тамамдап, 2017 жылдан бастап облыстық мүгедектерге арналған мамандандырылған спорт мектебінде жаттықтырушы қызметіне орналастым. Бүгінде шәкірттерім жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. 8 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындап шығардым. Жуырда қол күрестен 4 оқушым Азия чемпионы атанды.  Алғашқы жылдары облыста мүмкіндігі шектеулі спортшылар аз болатын. Әр ауданға 1 ғана жаттықтырушы беретін еді. Қазір Қарасайдың өзінде 3 бапкер бар. Бұрын спортшылардың орташа жасы 50 жас болған. Қазір де ардагер спортшылар көп. Десе де жаттығуға келетіндердің дені жастар. Келешекте әр спорт түріне бір бапкер болады деген сенімдемін. Облыс әкімі жағдай жасап жатқан соң Қарасай ауданында мүмкіндігі шектеулі жандардың спорты қарыштап дамып келеді. Мәселен, апта бұрын үстел ойындарынан өткен ел біріншілігіне облыстан барған 18 спортшының 9-ы біздің ауданның өрендері. 

Бұл Тәжіғалидың спорттағы жеңісі. Ендігі кезекте оның алдағы арман-мақсатын білуге асықтық. 
– Алда жоспар көп. Ендігі мақсатым жастардан ел абыройын асқақтатқан чемпион шығару. Мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа тарту.  

Қарасай ауданынан мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа бейімдейтін орталық ашқым келеді.Қоғамда төрт қабырғада отырған мүмкіндігі шектеулі қаракөздерімізге алға қарай қадам жасау қажет, қимыл-қозғалыс, спорт арқылы барлығын жеңіп шығуға болатынын ұдайы айтып келемін. Көшеде кемістігі бар адамдарды көрсем әрдайым салауатты өмір салтын ұстан деп жаттығу залына шақырамын. Тағдыр тәлкегіне түскен бір адамға үміт сыйлап, қолымнан келсе қол ұшын беру мені үлкен шаттыққа бөлейді. Сүрінгенге сүйеу, жығылғанға демеу болуға тырысамын.

Қорытынды: Кейіпкеріміз қилы тағдырдың қиындығын көрсе де мойымады. Күні-түні қайғы жұтып, күңгірт ойды көңілге қорек еткен жоқ. Керісінше, өмірден өз жолын таба білді. Облыс намысын қорғап, биік белестерді бағындырды. Қазір шәкірт тәрбиелеп, жүріп-тұруы қиын жандарға қол ұшын беру үшін аянбай еңбек етуде. Ұлттық спортты ұлықтаған қайсар жанның бұл ісі көпке үлгі. Жетісуға жеңіс сыйлап жүрген спортшымыздың алдағы додаларына да сәттілік тілейміз.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Көмір жеткілікті

Көмір жеткілікті

18.07.2026
Алғабас алқабындағы адал еңбек

Алғабас алқабындағы адал еңбек

18.07.2026
TopIQ: Мектеп кітапханасын цифрлық кеңістікке айналдыру тәжірибесінен

TopIQ: Мектеп кітапханасын цифрлық кеңістікке айналдыру тәжірибесінен

18.07.2026
Ерлік ескерусіз қалмайды

Ерлік ескерусіз қалмайды

18.07.2026
Зерттеулердің нәтижесі. Азаматтардың 86,9%-ы ел Президентіне сенеді

Зерттеулердің нәтижесі. Азаматтардың 86,9%-ы ел Президентіне сенеді

18.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.