Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ОҢ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕЙІК

01.07.2022
КҮЛТӨБЕ
ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ОҢ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕЙІК
WhatsAppTelegramFacebook

 Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосып, бар мен жоқтың бағасын ашық айтып жүрген зиялы қауыммен кездесіп, келешектің жарқын болуына қатысты ой-пікірлерге құлақ асты.

Алдымен зиялы қауыммен кездесуінің мән-мағынасын, себебін түсіндіріп өткен облыс әкімі жүздесу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан елдің саяси жүйесіндегі жаңа өзгерістерге, қоғамдағы құндылықтарды ой-елегінен қайта өткізуге қатысты екенін жеткізіп, елге белгілі азаматтардың көрсеткен бағыты мен айтқан ұсынысы дамудың жаңа кезеңіне серпін беретінін атап өтті.

– Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов ұлт зиялыларын «Жұрттың болашақ тұрмысына жаңалық кіргізетін, халықтың зиянды әдетін жоятын жолбасшы көсемі», – деп бағаласа,  Міржақып Дулатұлы «зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті» екенін бекер бекемдемеген. Интеллигенция – қоғамның қозғаушы күші, ақыл-ойы, бағдаршысы іспетті, – деген Бейбіт Өксікбайұлы жаңа дәуір талап етіп отырған міндеттерге тоқталды. – Мемлекет басшысының жаңа Қазақстан құру жолындағы тың бастамаларын іске асыруда бірінші кезекте сіздердің қолдауларыңыз бен ерік-жігерлеріңізге көп нәрсе байланысты. Өткенді жоққа шығаруға болмайды. Жүріп өткен жолымыз – біз үшін үлкен сабақ. Отыз жыл ішінде біршама күрделі де қиын кезеңді бастан кешірдік. Қателіктерден  дұрыс қорытынды шығарып, бүгінгі қоғамдық өмірдің барлық саласына түбегейлі бетбұрыс жасауға атсалысуымыз керек. Қазір біз үлкен өзгерістердің басында, жол айрығында тұрмыз. Ұлттың болашағы жолында, жастарға дұрыс бағыт-бағдар таңдауда сіздер тиімді, дұрыс жол көрсетулеріңіз қажет.

Сөз арасында былтыр өткен халық санағында қазақтардың саны шамамен 70%-ға жеткенін, алайда ол халықтың сапалық өсуіне тірек бола алмайтынын, қоғамда әлеуметтік масылдық, жалқаулық, жатыпішерлік сынды жаман әдеттердің қалыптасқанын алға тартқан өңір басшысы бұдан соң кездесуге келген көпшілікті тыңдады.

Алдымен сөз кезегін алған қоғам қайраткері Серік Мұқанов әйелдерге арналған дағдарыс орталығын ашуды, Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекова биыл туғанына 100 жыл толып отырған Бикен Римова атындағы облыстық театрға академиялық атауын алуды, ардагер журналист Әміре Әрін ұлттың ұясы Ұлытаудан бастау алған Ұлттық құрылтайды жер жаннаты Жетісуда өткізуді, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі Лариса Котельникова медиа сауаттылық, геосаясатты жетік меңгеруді, «Айналайын» балалар үйінің әдіскері Жамал Баймәдиева бала тәрбиесін, ұлттық рухты алға оздыруды, белгілі айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов Жетісуда өнер ордасын ашуды, журналист Жомарт Игіман белгілі ақын Әділбек Абайділдановтың 90 жылдығын лайықты деңгейде өткізуді, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы филиалының төрайымы Сәуле Ахмадиева балаларға арналған тегін үйірмелер ашуды, облыстық аурухананың бас дәрігері Анарбек Монғолхан заманауи медициналық құрылғылар алуды және ауруханаға күрделі жөндеу жүргізуді, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Төлемісов халықты баспанамен тегін қамтуды, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, белгілі журналист Атсалим Идигов ұлттық идеологияны дамытуды ұсыныс ретінде ортаға салып, көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелерді қозғады. Айтылған тақырыптың бәрі де Жетісу жұртшылығының өркендеуі жолындағы қажетті қадамдарды қамтиды. Әсіресе, жас ұрпақтың тәрбиесіне қажетті тетіктер ескерусіз қалмауы жиі айтылды. Өйткені, елді дүр сілкіндірген биылғы «Қаралы қаңтар» оқиғасының халықтың дүниетанымына елеулі әсер еткенін айтушылар қоғам мен ел ішінде жаңаша пайым, жаңаша саралау алға шыққанын тілге тиек етті.

Айтылған тақырыптарды толық жазып алған облыс әкімі Бейбіт Исабаев ұсыныс-тілектердің аяқсыз қалмайтынын жеткізіп, ең алдымен бірлесе жұмыс істеу мен зиялылардың белсенділігі келешектің жарқын болуына ықпал ететінін атап өтіп, әрбір мәселе шешімін табатынын ерекше ескертті.

         «Арық сөйлеп, семіз шығайық». Жүйелі жұмыспен оң нәтиже шығаруға тырысайық», – деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.

 

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Елдік мүдде

26.07.2026
Бес ұядан басталған береке

Бес ұядан басталған береке

26.07.2026
Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026
Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

26.07.2026
Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.