Мәдениет саласының жұмысын саралау және партияның атқаратын жұмыстарын таразылау мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Мақпал Тажмағамбетова, Ержан Жасыбаев пен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Райымбек және Көксу аудандарының Құрметті азаматы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Нағима Таласбаеваның шаңырағына барды.
Алматы облысында 105-тен астам ұлт өкілі тұрады және 71 этномәдени бірлестік бар. Одан бөлек, 558 мәде- ниет және өнер ұйымы жұмыс істейді.
– Партия жоспарына сәйкес өңірде жыл сайын 60 мың- нан астам мәдени іс-шара өткізіледі. Бұл ретте 6 миллион адамды қамту мақсат етілген. Одан бөлек, алдағы бес жыл- да 405 тарихи-мәдени мұра нысандарына QR-кодты белгіЛеу жоспарланған. Сондай-ақ, «Тарихи Жол» жобасы іске асырылмақ. Елбасының «Рухани жаңғыру» бастамасын жүйелі жүзеге асыру мақсатында қасиетті және таңбалы орындар бойынша өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру жолға қойылмақ, – деді Мақпал Мазаққызы.
Партияның сайлауалды бағдарламасына сай алдағы бес жылда Жетісу өңірінде 65 Мәдениет үйінің құрылысы жүргізілмек. Одан бөлек, 49 Мәдениет үйі мен клуб күрделі жөндеуден өткізіледі.
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ





