Талдықорған: +30°C
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жүріп-тұруы қиын адамдарды тасымалдауға жаңадан 3 инватакси берілді

08.04.2023
КҮЛТӨБЕ
Жүріп-тұруы қиын адамдарды тасымалдауға жаңадан 3 инватакси берілді

Рамазан – мейірім айы.  Облыс әкімі  Бейбіт ИСАБАЕВ мүмкіндігі шектеулі жандарға  көмек көрсететін мекемелерді аралады. Жай аралап қана қойған жоқ, жаны жаралы адамдардың өзекті мәселелерімен танысты. Бірі қолөнермен шұғылданғанға іс тігетін машиненің жоқтығын айтса, енді бірі кәсіпкерлікпен айналысатын орын болса деген өтінішін жеткізді.

Тағы бір азамат сырқат баласын емдетудің жолын сұрады.  Өңір басшысы Бейбіт Өксікбайұлы барлығының өтініш-тілегін мұқият тыңдап, қасында еріп жүрген жауапты басшыларға сол жерде тапсырма берді. Көптен бері күрмеуі қиын мәселелерінің лезде шешімі табылғанына тұрғындар алғысын айтып, қуанып жатты.

«Адамның жақсысы адамға пайда келтіретін адам» деген тәмсіл бар.  Иманды қоғам ешкімді алаламайды. Қазақ обал, сауап деген түсінікке  ерекше көңіл бөлген. Ендеше, өзіміздің  айырылмас бір бөлшегіміз, әртүрлі жағдайға байланысты қимыл-қозғалысы шектеліп  қалған бауырларымызға жәрдем беру, қолдау – азаматтық парызымыз. Соңғы уақытта экологиялық жағдайға байланысты ма, ішкен астан ба, қолданған дәрі-дәрмектен бе, ешкім себебін тап басып айта алмайтын кеселдер көбейді. Соның бірі – балалар арасында психикалық бұзылыстары бар, аутист дертіне шалдыққандар  санының көбейгендігі. Ерекше балаларға өз деңгейінде  қамқорлық керек. Талдықорған қаласында  аталмыш сырқатқа шалдыққан балаларға арналған орталық ашылмақшы.

Ғимараттың іші-сырты талапқа сай жабдықталған. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев орталыққа арнайы барып, мекеменің жабдықталуымен танысты. Мұнда күніне 70 шақты бала ем алатын болады. Олардың жартысы  түске дейін 4-5 сағат, қалғандары түстен кейін осынша уақыт ем алуға келеді. Мұнда баланың денсаулығын түзеп, сурет салдырып, қоғаммен байланыстыратын оқу-әдістері қолданылады. Орталықтың ашылуы ата-аналарға теңдессіз көмек. Мекемені аралаған облыс басшысы болашақта қандай көмек керек болса да қолдау білдірілетінін айтты. 

«Қамқорлық» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетеді. Психикалық бұзылыспен дүниеге келген балалардың толыққанды өмір сүруіне барлық жағдай жасалған.  Жатын орын, ойын алаңы талапқа сай жабдықталған. Ішім-жемнен таршылық жоқ. Мейірім үйінде жылыжай бар. Онда гүлдің саналуан түрі өсіріледі.  Қыстың күні балалар еркіндікті қалап, өзімен-өзі болғысы келетін кездері болады екен. Сонда осы жылыжайға келіп, топырақпен ойнап, гүлдерге сүйсініп,  өсімдіктерді суарып, табиғатты тамашалап, көңіл-күйі көтерілетін көрінеді.  

«Тең қоғам» деп  аталатын орталық мүгедектігі бар адамдарға жан-жақты көмек көрсетуге арналған. Олардың  құжаттарын рәсімдеп,  интернет арқылы керек-жарағын сұратуына  жәрдем беріледі.  Орталықта Санжар Жақсылықовтың  шаш қию, тырнақ бояу әмбебап орталығы таныстырылды.

Мүмкіндігі шектеулі жігіттің осынша жетістікке жеткеніне қуанған облыс әкімі Бейбіт Исабаев: «Тәжірибеңді шыңда. Бизнесті жақсы меңгерген кезіңде саған қаланың орталығынан шаштараз ашып береміз. Сен мұнан да көп адамды жұмыспен қамтитын боласың», – деп қанаттандырды.

Санжар өзіне айтылған жылы сөзге  марқайып, шаттанып, ризашылығын ишарат арқылы білдіріп жатты. Қолөнермен шұғылданатын бірнеше адам облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлына күрмеуі қиын мәселелерін айтты.  Біріне іс тігетін машина, енді біріне Ескелді ауданынан шеберхана ашып беретін болды. Бейбіт Өксікбайұлы мүмкіндігі шектеулі жандардың сөздерін мұқият тыңдап, орынбасары Рустам Әлиге айтылған мәселелер бойынша бірден тапсырма берді.  Шешімін өзі қадағалайтынын айтты. 

Рамазан айында талай  адамның күрмеуі қиын мәселелері шешіліп, жүздерінде күлкі үйірілді.  Рухани және материалдық көмекті сезінген адамның шаттанған сәтін көрудің өзі бір бақыт. Бұл жай ғана қуаныш емес, денсаулығында ақауы бар жандардың арқасүйер ағаларының барын сезініп, еңсе көтеріп,  мерейленген сәті еді. Бәрі Бейбіт Өксікбайұлына  «аға, аға» десіп, жағдайларын айтып жатты. Әкім бауырларына мейірім сыйлап, қамқорлық танытып, ізгілік отын қайта тұтатқандай әсер қалдырды. Қазақтың имандылықтан тұратын  асыл қасиеті жанды тебірентті. 

«Талдықорған аймақтық еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету қоры» үкіметтік емес ұйымы, белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қоғамдық қоры егде жастағы  адамдардың өмір салтын қолдау, жағдайын жақсартуға бағытталған қызметтер көрсетеді. Онда йога, фитнес, би, үстел теннисі, дойбы, шахмат, хор студиясы бар. Мұнда ағылшын және қазақ тілі оқытылады. Облыс басшысы зейнеткерлермен кездесіп, жағдайын біліп,  әңгімелесті. Үлкендерден бала тәрбиесіне атсалысып, иманды жастар өсіруге көмектесулерін сұрады.  

Кәсіпкер Елдос Баялышбаев «Асар» деген спорттық-оңалту кешенін ашыпты. Мұнда жылына 400-ден аса адам ем алады. Кәсіпкер кешенді 30-дан аса құрылғымен қамтамасыз еткен.  Кешенде ем алып жүрген жас жігіт хал-жағдайын сұраған Бейбіт Өксікбайұлына апаттан кейін бір жыл орнынан тұра алмай қалғанын, енді осы орталыққа келгелі аяғын басып жүргенін айтқанда бәріміз тебіреніп кеттік.  

Бейбіт Өксікбайұлы жігіттің құлшынысын құптап, «Аяғыңнан тік тұрып, футбол ойнайтын қуанышты күнге жету үшін талаптан. Емді үзбей ал. Жас ағза тез қалыпқа келеді.  Әне  алпыстан асқан ағаларың аяғынан тік тұрып, жүріп  кетіпті. Екеуміз әлі футбол ойнаймыз», – деп жігерлендіргенде жанарына жас алмаған адам қалмады. Мейірім мен сенімнің құдіреті күшті ғой.  Денсаулығын ойлап, жасып тұрған жігіт бірден сол кезге ойша аттанып кетті. Жанарындағы ұшқынды көріп, сол жердегі қауым түгел шаттанды.  

Рамазан айындағы  мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу ерекше өтті. Дәл осы күні  қаладағы жүріп-тұруы қиын адамдарды тасымалдауға жаңадан 3 инватакси берілді. Заманауи үлгідегі  такси пайдаланушылардың көңілінен шықты. Жылы жүздесу көп жанның үмітін ұштады.

Гүлжан ТҰРСЫН

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

24.06.2025
Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

24.06.2025
Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

24.06.2025
Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.