Талдықорған: +29°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖУРНАЛИСТ ЖОЛЫ

10.01.2020
КҮЛТӨБЕ
ЖУРНАЛИСТ ЖОЛЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ардагер журналист Жұмаш Арғымбайұлының есімі Жетісу жұртшылығына етене таныс. Облыстық газетте ұзақ жыл жемісті қызмет етіп, басылымның уақыт ағымына сай дамуына елеулі үлес қосқанын қаламгерлер қауымы жақсы біледі. Өмір жолы өнеге аға бұл күндері ғұмыр белесінің сексенінші асуын бағындырды. 


Оның кіндік қаны әр сайына ән қонақтап, әр бұтасына жыр ұялаған Жетісу жерінде, оның ішінде «Ақындар мен батырлар елі» атанған Жамбыл ауданының қасиетті топырағына тамды. Қастек ауылында 1939 жылғы 28 желтоқсанда дүниеге келген сәбиінің есімін әкесі Жұмаш деп қойыпты. 

Әкесі Арғымбай сегіз қырлы, бір сырлы жан екен. Күй шертіп, ән салумен қатар ақындығы да бар екен. Араб қарпіндегі кітаптарды, Құранды еркін оқитын ол кейін латын, кириллица әліпбилерін де жақсы меңгерген. 

Қыран баптап, тазы жүгірткен саятшы Арғымбай қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, жөн-жоралғысын берік ұстанатын иманжүзді жан болыпты. Ол қазақтың шежіресін тарамдап тарқатып, ежелгі қисса-дастандарды өз мақамымен таңды-таңға созып орындауымен ерекшеленіпті. Ағаштан домбыра ойып, бесік жасап, ер шабатын, былғарыдан етік тігетін қолы алтын шебер болыпты. Осындай даралық қасиеттерінің барлығы болмаса да біразы ортаншы ұлына берілген.

Соғыс басталғанда біздің кейіпкеріміз бір жарым жаста екен. Әкесінің жасы ұлғайғандықтан еңбек армиясына алынып, Балқаш көлінен балық аулауға жіберіледі. Соғыс аяқталып, елде тыныштық орнағанша сол жақтағы тыл жұмысында болады. 

Бала Жұмаш соғыс зардабын сезді, аштықты, жоқшылықты көрді. Қарапайымдылық пен еңбекқорлықты жастайынан бойына сіңірген ұлан анасы Ұмытшақтың аялы алақанында өнер-білімге құштарлықпен өсті. Бастауыш сыныпта оқып жүргеннен кітап оқуға әуестенді. Анасы дүниенің тапшылығына қарамастан баласының қалаған кітабын алып береді екен. Кітапқұмар ұл басқа шаруаны ұмытып кетіп, кейде үйдегілерден ескерту алып жататын. Бірте-бірте жазу өнеріне аңсары ауған жеткіншек республикалық «Қазақстан пионері» мен аудандық «Екпінді еңбек» газеттеріне мектеп өмірінен мақала, өлең жаза бастады. Жазғандарының жариялануы қанат бітіріп, енді ауылдағы жаңалықтарды тұрақты жолдап тұрды. 

Қастек бастауыш мектебінен соң зерек оқушы көрші Амангелді ауылындағы орталау мектепте оқыды. Екі арасы үш шақырым мектепке өзі құралпы балалармен жаяу қатынады. Орталау мектепті бітірген 1954 жылы асыл анасы қайтыс болады. Әрі қарай оқу үшін Алматы қаласындағы №12 қазақ орта мектебіне қабылданып, оны 1957 жылы аяқтады. Соғыстан кейінгі қиын кезеңнің  ауыртпалығын көріп есейген жігіт оқуына да, жұмысына да тыңғылықты болды.

Мектептен соң ауылға келіп, еңбекке араласты. Таудағы Сарыжазық жайлауының Шын-асыл сайында орналасқан геологиялық барлау партиясында жұмысшы болды. Мекеме жабылғаннан кейін осындағы Амангелді атындағы ұжымшарда механизатор болып, шаруашылықтың науқандық жұмыстарына білек сыбана араласты. Жұмыс арасында көркемөнерпаздар үйірмесінің белді домбырашысы болды. Белсенділігімен танылған жігерлі жасты комсомол ұйымының хатшысы қызметіне бекітті. Жұмысын тиянақты атқара жүріп, ауыл өмірі, қарапайым еңбеккерлер туралы мақала жазуды үдетті. Ауылда жолдың жоқтығы, клуб пен кітапхананың құлыптаулы тұратыны, дәрігерлік пункттің ашылмауы сияқты өзекті мәселелерді көтерген материалдары аудандық, облыстық газеттерде шығып тұрды. Ауылдастар арасында тілші жігіт атанды. 

Тау қойнауындағы жалғыз ғана көшесі бар аядай ауылда жүріп-ақ өзінің жазу қабілетін байқатқан Жұмаш Арғымбайұлын 1963 жылы аудандық «Екпінді еңбек» газеті жұмысқа шақырды. Газет редакторы Үсенбай Тастанбеков еді. Әдеби қызметкер болып орналасқан жас тілші осында жазуға төселді. Талмай іздену мен үйренудің нәтижесінде қызықты мақала, тамаша очерк, өзекті сұхбаттарымен оқырманға танылды. 

Аудандық газетте 1968 жылға дейін тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін тыңғылықты атқарды. Жұмысын тап-тұйнақтай орындайтын жас журналисті аудан басшылары 1968 жылы Алматы Жоғары партия мектебіне жібереді. Төрт жылдық оқу орнын 1972 жылы бітірген соң облыс басшылығының ұйғаруымен ол «Жетісу» газетіне қызметке келді. Жұмаш Арғымбайұлы аталған басылымда содан бастап 2004 жылға дейін 32 жыл бойы табан аудармай еңбек етті. Он жыл бөлім меңгерушісі, 14 жыл жауапты хатшы, 8 жыл бас редактордың орынбасары болып істеді. Жұмысын абыроймен атқарып, өзін журналистиканың талмас тарланы екенін анық көрсетті. Газет редакциясы Талдықорған қаласына көшкенде газеттің Алматы қаласындағы бөлімшесіне жетекшілік жасады. 

«Жетісудағы» алғашқы іссапары әлі есінде. Ол кезде газет редакторы Әбдуәли Қарағұлов болатын. Бірден кеңес құрылысы бөлімінің меңгерушісі болып жұмысқа кіріседі. Астық орылып, қырманда қызу еңбек қызған шақ. Өзі сұранып шалғайдағы Нарынқол ауданына жол тартады. Абай, Ленин атындағы кеңшарлар мен екі-үш ауылдық кеңесінде болып, дала еңбеккерлерінің жұмысымен танысады. Шаруашылық басшылары мен партия ұйымдарының хатшылары көмектерін аямай жүріп-тұруын, қажетті мәліметтер алуын қамтамасыз етеді. Үш-төрт күн ішінде ауданның тыныс-тіршілігіне қанығып, қойын дәптерін  экономикамен қатар әлеуметтік мәселелер туралы фактіге толтырады. Қайтарында 30 тамызда кенеттен күн бұзылып, жапалақтап қар жауады. Сонда Нарынқолға шынымен-ақ қыс түсіп кетті ме, егін орағы не болады деп алаңдап, Алматыға келген соң телефон шалса, қар еріп, астық жинауға қайта кіріскенін біледі. Таулы өңірден алғашқы репортажын осы жақсы хабармен бастап, артынша шекара шебінен жазылған мақалалары бірінен соң бірі жарияланады. 

Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Жетісу» газеті Алаштың талай ардақтыларын түлетіп ұшырғаны белгілі. Солардың көзін көріп, тәлімін алған Жұмаш Арғымбайұлы ұзақ жылғы еңбегінде сол дәстүрді сабақтастыруға өз үлесін қосты. «Жетісудың» қалың оқырманның сүйіп оқитын басылымына айналуы үшін талмай еңбектенді. Не жазса да өндіре жазды. Әр сөйлемнің үтір-нүктесіне дейін дәл қоюды өзгелерден де талап етті. Оның жазған публицистикалық, проблемалық мақалалары мен сұхбаттары, көркем очерктері оқырмандардан лайықты бағасын алды. Қаламынан туған тартымды материалдары сол кездегі «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде жарияланды. Кейін оның «Терең тамырлар», «Сағыныш жылдарға саяхат», «Биікке бастаған жол», «Күншуақ» атты кітаптары жарық көрді. Әкесі Арғымбай ақынның «Өсиет айтам жұртыма» атты өлеңдер мен дастандар жинағын құрастырып шығарды. 

Қарымды қаламгер 55 жылдан бері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Кезінде он шақты жылдай қоғамдық негізде Журналистер одағы облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы болды. Ал жалпы ұлттық баспасөзге 45 жыл өмірін арнады.

Ұзақ жылғы журналистік қызметінде  Әбдуәли Қарағұлов, Пер-небек Бейсенов, Мамадияр Жақып, Баймолда Мусин, Жақыпжан Нұрғожаев сынды білгір де білікті редакторлармен, Кәкімжан Қазыбаевтай қоғам қайраткерімен, Мұғалімбай Жылқайдаров, Хабдышаар Әміренов, Марат Тұ-рапов, Есләм Зікібаев, Тәуірбек Сұртаев, Жанәбіл Темірбеков, Сәбетқазы Ақтаев, Әбеу Бөпебаев, Әміре Әрін, Нүсіпбай Әбдірахым сияқты қарымды қалам иелерімен бірге жұмыс істегенін мақтан тұ-тады. Ал мемлекет және қоғам қайраткері Уәлихан Қалижан, белгілі журналист-жазушылар Жұмагүл Солтиева, Жұмабай Шаштайұлы, Болат Шубаев, Күмісжан Байжан, Жолдасхан Құрамысов, Манарбек Ізбасар, ел еркесі Есенқұл Жақыпбек, тағы басқа қаламгерлер Жұмаш Арғымбайұлының алдын көріп, тәлім-тәрбиесін алған. Олардың ізін жалғап, қазір баспасөзде еселі еңбек етіп жүргендердің де бірқатары Жұмаш ағаны ұстаз тұтады. 

Бүкіл саналы ғұмырын журналистикаға арнаған, сабыр мен парасатты бір басына үйіп-төгіп бере салған ардақты ағамыз ақырын жүріп, анық басатын қасиетке ие. Ешбір адамды жатсынбайтын жан екенін бірге жұмыс істеген әріптестері, жақын араласқан адамдар сүйсіне әңгімелеп, мөлдірете жазды да. Иә, ол үлкенге де, кішіге де қамқор көңілін байқатады. Қызметтестері оның жайдары мінезін, біреуге дауыс көтергенін естімегенін, сонысымен де ортаға сыйлы болғанын айтады. Бастықпын деп ұрыспай-ақ күліп отырып қателігіңді ұғындырады. Ешкімге іштарлық жасамайды, қолынан келген көмегін аямайды, елінің, жерінің, өңірінің жетістігіне қуанып, олқы тұсына жүрегі ауырады. Көп сөзге жоқ, дөп сөздің адамы. Қисыны келгенде қиып түсер қалжыңы, астарлы әзілі де бар. Аса ұқыпты, өте сабырлы, мінезі жібектей. 

Әдетте дәл осындай жандардың көбірек жәбір көретіні өмір шындығы. Бір-біріне кереғар екі қоғамдық кезеңде еңбек еткен Жұмаш ағамыз да өмір жолында сан-қилы жайттарды бастан өткерді. Алайда көрген қысастығына кек сақтау оның табиғатында жоқ. Мансап – қолдың кірі, сыйластық одан қымбат деп санайды. «Таспен атқанды аспен ататын» асыл азамат та нақ осы кісі дер едік. Табиғатынан әділдігі де жан жадыратады. Бір мезгілде ойлағанын, көңілге түйгенін күлбілтелемей ашық айтады. Бұл қасиет қалам ұстаған адамға ең қажеттісі болса керек. 

Қарымды қаламгер 55 жылдан бері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Кезінде он шақты жылдай қоғамдық негізде Журналистер одағы облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы болды. Ал жалпы ұлттық баспасөзге 45 жыл өмірін арнады. Көп жылғы еңбегі лайықты бағаланды. Ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, КСРО және Қазақстан Журналистер одақтарының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Сондай-ақ, КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс медалін алды. 2002 жылы Қазақстан Журналистика академиясының толық мүшесі-академигі деген атаққа ие болды. Жұмаш Арғымбайұлы – Қазақстанның Құрметті журналисі, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты, Алматы облысының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы. 

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де еңбектен қол үзбеген Жұмаш Арғымбайұлы 2005-2012 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық журналистика бөлімінде аға оқытушы болып істеді. Өзінің ұзақ жылдар бойы жинақтаған білімі мен бай тәжірибесін студент жастарға үйретіп, болашақ журналистерді осы мамандықтың қыр-сырына қанықтырды. Бұл жерде де қаламын қолынан тастамай, ата-баба шежіресі мен ауыл-аймақ тарихын, өткен-кеткеннің өнеге алар тұстарын қағазға түсіріп, ұрпаққа ұлағат таратудан айнымады. Журналистікті жазушылыққа ұштастырды. 

Жұмаш аға берекелі отбасының иесі. Сонау аудандық газетте еңбек етіп жүргенінде жолығысып, тағдыр қосқан жан жары Сайлаукүл Құдайбергенқызы Ұлттық білім беру академиясында қызмет істеді. Құдай қосқан қосағы екеуі үш бала тәрбиелеп өсірді. Ата-ана өнегесін бойларына сіңірген қыздары өмірден өз жолдарын тауып, түрлі салада еңбек етіп жүр. Үлкені Ләззат мұғалім болса, Жанар – инженер-технолог мамандығын меңгерген. Ал кенжелері Салтанат әке жолын жалғастырып,  журналистика са-ласында жемісті еңбек етіп келеді. Еркін, Бауыржан, Сағымбай есімді иманжүзді күйеубалалары бар. Бақытты өз қолдарымен қалап, еңбектерінің зейнетін көріп отырған Жұмаш аға мен Сайлаукүл жеңгеміз алты немере сүйіп отыр. 

Сексеннің сеңгіріне шықса да сергектігімен ерекшеленетін ағамыз ара-тұра Ұзынағаш пен Қастекке ат ізін салып, туған жердің тұнық суы мен тымық ауасын мейірлене жұтады. Шақырылған іс-шаралардан қалмай, жерлестерінің жетістік-қуаныштарына ортақтасуға қашанда әзір. Тыңдаушы құлақ болса айтар ұлағаты әлі де баршылық. Жаны жайсаң ағаның жазары таусылмасын дейміз.

Серік САТЫБАЛДИЕВ
 

Қатысты жаңалықтар

Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026
ЖИ мен МИ

Жаңа талап, жаңа жауапкершілік

14.07.2026
Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

14.07.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

Білім берудің стратегиялық тірегі

14.07.2026
«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.