Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ

АУЫЛДЫҢ АРДА АЗАМАТТАРЫ

31.03.2025
МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
АУЫЛДЫҢ АРДА АЗАМАТТАРЫ

Өткен жексенбі  күні Алакөл ауданы Бескөл ауылдық округінде наурыз мерекесі айрықша салтанатпен аталып өтті. Ауыл азаматтары бас қосып, дәстүрлі мерекені өткізіп, халықтық өнер мен ұлттық тағамдардан дәм татып, өзара жақсы тілектерін білдірді.

Тойдың басталуы ауылдың ашық алаңында ән мен күйдің сүйемелдеуімен салтанатты түрде жарияланды. Қазақ үйлер тігіліп, келген қонақтарға аста-төк   дастарқан жайылды.  Сондай-ақ, ұлттық ойындар мен жарыстар да ұмыт қалмады. Наурыз көже әзірленіп, достықтың, ынтымақтастықтың, қонақжайлықтың белгісі ретінде көпшілікке ұсынылды.

Бескөл ауылдық округінің әкімі Нұрлан Бейсембаев:

– Наурыз – бұл тек мереке ғана мес, біздің жаңаруымыз бен келешегіміздің белгісі. Біз бірлікте болсақ, ауылымызда жаңа бастамаларға қол жеткізіп, дамуымызды жалғастыра аламыз. Осы мереке күні баршаңызға бақыт пен береке тілеймін!» – деп ауылдың тыныс-тіршілігіне тоқталып, ауыл тұрғындарын жаңа жылда жаңа жетістіктерге жетуге шақырды.

Мейрамның ұйымдастырылуына Қайрат Қатықбаев, Айдар Шынғожанов, Бағлан Өнербекұлы, Ержан Тулегенов секілді ауылдың мақтаныштары белсене атсалысып, іс-шараның басы-қасында жүрді.

Арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен өткізілген аталмыш шара жоғары  деңгейде  өтті. Ауылдың жастары мен қариялары ұлттық киімдерін киіп, өнерлерін ортаға салды. Ал, үлкендер ақ баталарын беріп, ауылдың болашағына деген сенімдерін білдірді.  Ауылдың аяулы ұстазы, ұзақ жылдар бойы білім саласында еңбек еткен Күлмаш Жақпаева сөз сөйлеп, тұрғындардың бірлігі мен татулығын атап өтіп, жастарды елінің болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды :

«Наурыз – біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұра.  Бірлікте ғана күшіміз бар, сонда ғана біз барлық қиындықтарды жеңіп, үлкен жетістіктерге жетеміз.  Бүгінгі жастар –  еліміздің жарқын болашағы үшін еңбек етіп,  әрдайым жоғары мақсаттарға ұмтылулары қажет», – деп өзінің ақыл-кеңесін білдірді. Сондай-ақ, ауыл жастарына білім мен тәрбие жолында қиындықтардан қорықпай, алға ұмтылу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамында ауыл жастары түрлі спорттық ойындарға қатысып, қазақ күресінен балуандар күш сынасты. Арқан тартыс, гір көтеру, қол күресі және басқа да ұлттық ойындар үлкен қызығушылық тудырып, мерекенің сәнін келтірді. Бұл ойындар тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, ауыл тұрғындарының бірлігі мен достық қарым-қатынасын нығайтты.

Спорт шебері, ауылдың мақтанышы Жәнібек Қынырбеков те сөз сөйлеп,  жастарға батыр болып, елінің даңқын шығару үшін еңбек етуге шақырды.

«Батыр болу – тек дене күшін ғана емес, рухани күшті де талап етеді.  Бүгінгі жастарға айтарым – әрқашан әділдік қажет.  Елдің нағыз патриоты болып, аға буынның үмітін ақтаңыздар!» – деп өзінің спорттық жетістіктер мен жеке табыстар туралы естеліктерімен бөлісіп, жастарға адал еңбек пен табандылықтың маңызын түсіндірді.

Бескөл ауылында өткен бұл Наурыз тойы – көпшіліктің ынтымағын арттырып, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді. Өңірде дәстүрдің жаңғырып, халықтың ортақ қуанышы мен бақытын тойлау жолындағы игі қадамдардың бірі. Ұлттың мәдениетін дәріптеу ғана емес, білім мен тәрбиенің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді. Бұл күн – тек ауылдың жетістіктерін тойлау ғана емес, жаңа мақсаттарға ұмтылу жолындағы бірліктің жарқын белгісі болды. 

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.