Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ

Мейрам мазмұны

08.03.2025
МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
Мейрам мазмұны

8 – Наурыз нәзік жандылар үшін ерекше күн. Бүгінде бұл мереке әлемнің көптеген елінде кеңінен тойланады. Алайда оның мәні мен маңызы әртүрлі. Кейбір елдерде бұл күн әйелдердің құқықтары мен теңдігі үшін күрес символы ретінде қарастырылса, басқа мемлекеттерде ол жай ғана көктемнің, сұлулық пен мейірімнің мерекесі ретінде аталып өтеді. Әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтай отырып, бұл күннің тарихына үңіліп көрейік.

Әйел – өмірдің мәні, отбасының жүрегі, қоғамның тірегі. Жыл сайынғы 8 наурыз мерекесі гүл мен сыйлық сыйлаудың ишарасы ретінде емес, сонымен қатар әйелдердің қоғамда атқаратын маңызды рөлін мойындап, олардың еңбегін бағалаудың белгісі ретінде де айшықталады. Олар жұмыс барысында нағыз кәсіби маман, отбасында ақылшы ана мен қамқор әйел. Ал қоғамда – өнегелі жан. Олар отбасының жылуын сақтап, балаларға өмірлік құндылықтарды үйретеді. Қоғамды дамытып, жаңа бастамаларға жол ашады. Әйелдердің ісі мен жетістіктері ешқашан назардан тыс қалмайды. Өйткені олардың еңбегі – өміріміздің маңызды бөлігі. Бүгінгі күні әйелдер саясатта, ғылымда, өнерде, білім мен денсаулық сақтау салаларында табысқа жетіп, әлемді жақсы жағына қарай өзгертуге күш салуда.

8 наурыз мерекесінің шығуы туралы бірнеше аңыз бен тарихи оқиға бар. Бұл күннің тамыры әйелдердің құқықтары үшін күрескен оқиғалармен тығыз байланысты. Мәселен, 1857 жылы 8 наурызда Нью-Йорк қаласында мынадай оқиға болған. Тігін фабрикаларының әйел жұмысшылары жалақының төмендігіне, ауыр еңбек жағдайларына және ұзақ жұмыс уақытына қарсы шеруге шыққан. Олар өздерінің еңбек құқықтарын талап етті.  Алайда сол уақыттағы АҚШ баспасөзінде мұндай оқиға туралы ешқандай дерек сақталмаған. Сол кезеңде әйелдер күніне 16 сағаттан еңбек етіп, соған лайықсыз аз жалақы алатын. Осы оқиғадан кейін кәсіподақтарда әйелдердің белсенділігі артып, олар ұйым мүшелігіне кіре бастады. 1910 жылы Данияның Копенгаген қаласында өткен халықаралық социалист әйелдер конференциясында неміс саясаткері Клара Цеткин 8 наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өтуді ұсынды. Бұл күн әлемнің түкпір-түкпіріндегі әйелдерге өз құқықтары мен теңдігі үшін күресуге үндеу болды. Бүгінде ол тек еңбекші әйелдерге ғана емес, барлық аналарға, қыз-келіншектерге арналған мерекеге айналды.

Бір қызығы, Мадагаскарда 8 наурызда тек әйелдер демалады екен. Ал ер адамдар жұмыс істейді. Бұл күні қазақстандықтар аналарды, әжелерді, апа-қарындастарды, қыздарды құттықтап, оларға гүл шоқтары мен түрлі сыйлық табыстайды және демалыс алады. Ал Қытайда бұл күн мереке болғанымен жұмыс күні саналады. КСРО-да Халықаралық әйелдер күніне орай демалыс беру 1966 жылдан бастап енгізілген еді. Оған дейін әйелдер бұл күні еңбек ететін. 8 наурыз әр елде әртүрлі аталып өтеді. Мысалы, Сирияда – Революция күні, Замбияда – Жастар күні, Малайзияда – Сұлтан күні, ал Либерияда – құрбандарды еске алу күні ретінде белгіленген.

Айжан БОЛАТОВА
СДУ білімгері

Фото: uralskweek.kz

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.