Талдықорған: +18°C
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ

Жеткіншек жүзіндегі шаттық

03.06.2025
МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
Жеткіншек жүзіндегі шаттық

Әрбір ата-ана бауыр еті баласының ел қатарлы өмір сүріп, құрбы-құрдастарының қатарында жарқырай күліп жүргенін қалайды. Мүгедек сәбидің де тіршіліктің қызығын көруге, өмірді лайықты сүруге қақысы бар. Ондай ерекше балалар тәлім-тәрбие мен баршаның қолдауын сезінуі тиіс. Сонда ғана отаншыл, мемлекетшіл азаматтардың қатары толыға түседі.

Дәл осы мақсатта жұмыс істейтін мекемелер елімізде көптеп саналады. Солардың қатарында Балпық би кентінде орналасқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.

Онда Көксу ауданының ауылдарынан келетін 48 бала ұстаздардың тәлімін көріп, арнайы мамандардың көмегін алады. Мекеме директоры Шара Сайлаубайқызының айтуынша, коммуналдық мемлекеттік мекеме 2010 жылы 9 желтоқсанда облыс әкімінің қолдауымен ашылған. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық дертке шалдыққан 1,5 жастан 18 жас аралығындағы балаларға қызмет көрсетеді.

– Орталыққа мүмкіндігі шектеулі балалар екі диагнозбен алынады. Диагноздар психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған деп аталады. Сондай-ақ, церебралды сал ауруына шалдыққан 21 бала, психоневрологиялық ауру анықталған 11 бала, Даун синдромымен 12, аутизм синдромымен 3 бала қызмет алса, мүгедектігі анықталған 13 бала бар. Олар жас ерекшелігіне қарай 6 топқа бөлінген. Біздің негізгі мақсатымыз – балалардың даму деңгейін анықтап, әлеуметтік қызмет көрсету. Соған орай қажеттіліктерін ескере отырып, ірі және ұсақ қол моторикасын дамытып, ойын түрлерін ұйымдастыруды, массаж және емдік денешынықтыру жаттығуларын жасауды өткіземіз. Мекемедегі 64 қызметкер аудан орталығы мен ауылдардан келетін балаларға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Балаларды арнайы 4 автокөлік тасымалдайды. Орталыққа келетін балаларды аптасына 3 күн Талдықорған қаласындағы орталық бассейнге, 2 күн иппотерапияға апарамыз, – деген директор Шара Бәзілова бала мүгедектігінің көбеюіне көптеген себеп бар екенін атап өтті. Оның қатарында жүктілікті жоспарламау, экология, аяғы ауыр кезде түрлі ауруға шалдығу секілді негізгі себептер бар.

Балаларының «Үміт» орталығына барғанын құптайтын ата-аналар орталық мамандарына ризашылық білдіріп, әртүрлі мәдени шараларға қатысып отырады. Осындай қолдаудың арқасында балалар спорттық жарыстардан, өнер байқауларынан жүлделі орын алып, әке-шешелерінің қуанышын еселей түсуде. Орталыққа 4 жасар сәбиін әкеліп жүрген Шекер Ғұсман есімді ана қызының тілі шықпағанына алаңдайды. Осыған орай дәрігерлердің нұсқауымен келіп, логопед мамандардың көмегіне жүгініпті. Қысқа уақыттың ішінде Аймейірім Уәлиханқызы кәдімгідей сөйлеп, түрлі сөздер айта бастаған.

Мамандардың тәлім-тәрбиесін көріп, өмір жолына қадам басқан балалардың арасында «Үміт» күндізгі болу орталығына массаж жасайтын маман болып оралған Ерасыл Бағланұлы ерекше балалардың аяқ-қолын уқалап, түйілген бұлшық етті жұмсартуға көмектеседі екен. 27 жастағы жігіт Талдықорғандағы медициналық колледжді бітіріпті.

– Бұл жерден жаным, көңілім рахат алады. Яғни, менің жасаған массажым арқылы бір баланың бойына сенім ұяласа үлкен жеңіс деп есептеймін. Қолын көтере алмайтын бала білегін жоғары созса, тік отыра алмайтын сәби жамбасымен жайғасуды үйренсе мен үшін мол жетістік. Осы орталыққа оралып, бала денсаулығына үлес қосқаныма қуаныштымын. Мен де осы орталық мамандарының көмегін көрдім. Сондықтан оған қайта оралып, өз үлесімді қосуға талпынуым үлкен қадам болды, – деген Ерасыл Нұрланов былтыр үйленіпті. Үйдегі үш ұлдың үлкені.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жергілікті демеушілер мүгедек балаларға сый-сияпат үлестіріп, «Үміт» күндізгі болу орталығында тәрбиеленуші сәбилер дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Жеткіншектер жүзіндегі қуаныш мерекелік шараға қатысушыларды шарпып жатты.

Мәди АЛЖАНБАЙ
Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда Сабантой мерекесі атап өтілді

Талдықорғанда Сабантой мерекесі атап өтілді

16.06.2025
Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

16.06.2025
Бақыттың кілті өз қолыңда

Бақыттың кілті өз қолыңда

15.06.2025
Қарасаздың Қарлығашы

Қарасаздың Қарлығашы

15.06.2025
«Жетісудың» жүрегі

«Жетісудың» жүрегі

15.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.